Білім беру бағдарламасы: 6В01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

ББ атауы

6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті

Білім беру саласы

6В01 – Педагогикалық ғылымдар

Даярлау бағыты

6В017– Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау

Білім беру бағдарламаларының тобы

6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті

Мақсаты

Бағдарлама оқу-білім процесін жетілдіруге, кәсіби және педагогикалық дағдыларды дамытуға, тілдік және әдеби үдерістерді талдау мен саралау саласындағы құзыреттіліктерді игеруге, заманауи концепциялар мен әдіс-тәсілдерді шығармашылықпен дәйектей білетін және команда құрамында жұмыс істей алатын креативті тұлғалы маманды қалыптастыруға бағытталған

Оқыту тілі

Қазақ тілінде

Кредит көлемі

240 академиялық кредит

Берілетін академиялық дәреже

«6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры

Оқыту нәтижелері

ON1 Бағдарламада қарастырылған әлеуметтік-педагогикалық және жаратылыстық-ғылыми сипаттағы пәндер бойынша білімдерін өз кәсіби қызметтерінде қолдану.

ON2 Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың заманауи әдістерін меңгеруі; ғылыми түсініктерді кәсіби қолдану; тіл қызметінің заңдарын білу және қазіргі латын әліпбиі негіздеріне байланысты білімдерін өз тәжірибесінде пайдалану.

ON3 Қазақ тіл білімінің (фонетика, морфология, синтаксис, т.б.) және әдебиеттануының (шығарманың көркем және стильдік тәсілдері мен әдістерін, жанрлары мен типтерін, т.б.) бөлімдерінде кәсіби бейімделу.

ON4 Мәтіндерді типтеріне қарамастан оларды талдаудың түрлі тәсілдерін практикасында қолдануы; білім беру жүйесінде кәсіби түрде ұғындыру мақсатында тіл мен көркемдік әлемнің әр қилы құбылыстарын игеру.

ON5 Оқушыларды тәрбиелік және ақылақтық-адамгершіліктік тұрғыдан сауаттандыру мақсатында тіл мен әдеби шығарма стилі арасындағы байланысты негіздеу.

ON6 Тіл және әдеби пәндерді оқыту арқылы оқушылардың бойында патриоттық пен ізгіліктік дүниетанымды, сондай-ақ азаматтық сана-сезімді қалыптастыру мен дамыту мақсатында қоғамдық сана жаңғыруының негізгі ұстанымдарын ұғыну.

ON7 Қазақ тілі мен әдебиетінен білім беру сапасын және кәсіби педагогикалық шеберлігін жақсарту мен өзін-өзі жетілдіру арқылы көшбасшылық қызметін көрсетуге бейімделу.

ON8 Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың әдістемелік тәсілдері мен тиімді әдістерін оқу процесіне енгізу.

ON9 Филологиялық пәндердің жаңартылуы мен жетілдірілуіне мүмкіндік туғызатын заманауи ақпараттық технологияларды, инновациялық жүйелерді және жаңа компютерлік бағдарламаларды, смарт-технологияларды оқу-білім процесіне қосу.

ON10 Тіл білімі мен әдебиетттанудағы түрлі жаңа концепциялар мен теорияларды сыни бағалау және шығармашылықпен түсіндіру.

ON11 Ағымдағы оқу-ұйымдастыру материалдарын (дидактикалық, бағалау-өлшеу) жасау және оқушылардың танымдық қабілеттерін өрістететін шаралар ұйымдастыру.

ON12 Жоғары кәсіби құзыреттілігін көрсету, еңбек нарығында сұранысқа ие болу және тұтынушы (жұмыс беруші мен стейкхолдерлер) сұраныстарын қанағаттандыру.

Талапкерлерге

https://www.kaznu.kz/kz/education_programs/bachelor/speciality/1455

Академиялық қызмет

ББ академиялық қызметі:

- Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жоғары білім саласындағы қолданыстағы нормативтік құжаттар мен әдістемелік ұсыныстар шеңберінде;

- университетте оқу-әдістемелік үдерісті реттейтін нормативтік құжаттарды жүзеге асыру нәтижесінде;

- әдістемелік жұмысқа қатысты жаңа нормативтік-құқықтық актілерді жалпылау және тарату;

-университеттің оқу-әдістемелік жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлау; кафедрада пәннің оқу-әдістемелік кешені (ПОӘК) нормативтік-құқықтық актілерге, оқу жұмыс жоспарына және білім беру бағдарламасына сәйкес жасалуымен;

- оқу процесін оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету мониторингімен, нәтижелерді құжаттамалық рәсімдеумен;          

- оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу; оқу жұмыс жоспарын әзірлеу және іске асырумен орындалады.

Ғылыми қызмет

Білім бағдарламасын жүзеге асыру үшін факультетте Жамбыл атындағы Қазақ фольклоры мен әдебиетін зерттеу орталығының, Абай ғылыми-зерттеу институтының қорлары, зертханалар бар.

Ғылыми мектеп немесе кафедраның ғылыми бағыттары (ғылыми жобалар)

«6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярлау мынадай ғылыми бағыттар мен мектептер шеңберінде жүргізіледі: 1) әдебиет туралы қазіргі ғылымның іргелі мәселелерін, зерттеумен айналысатын әдебиет теориясы; 2) халық ауыз әдебиеті шығармаларын зерттеумен айналысатын фольклористика; 3) қазақ және әлемдік әдебиетінің даму заңдылықтары мен кезеңдерін анықтайтын әдебиет тарихы; 4) орта оқу орындарында дәрістік, практикалық сабақтар жүргізу әдістемесін әзірлеумен айналысатын, филология пәндерін оқытудың инновациялық технологиялары; 5) көркем шығармаларды сараптаумен, өткен және қазіргі көркем мұраның маңыздылығын бағалаумен, тарихи-мәдени үдерістегі жазушының орны мен рөлін анықтаумен айналысатын әдеби сын және текстология.

Халықаралық қызмет

ББ аясында кафедра Гумбольд университетімен (Германия), Гази университетімен (Түркия), Минзу университетімен (ҚХР), Гранада университетімен (Испания), Торонто университетімен (Канада) Печ университетімен (Венгрия), М.В. Ломоносов атындағы ММУ (Ресей), ИРЛИ РАН университетімен (Ресей) белсенді қарым-қатынас орнатқан.

Бағдарламада Испанияның, Венгрияның, Ресейдің алдыңғы қатарлы университеттерінде білім алушылардың ғылыми тағылымдамасы қарастырылған.

Шетелдік жоғары оқу орындардың ұқсас бағдарламаларымен салыстырылды: Оңтүстік Австралия университеті (Австралия), Гонконг Политехникалық университеті (Гонконг), Ливерпуль университеті (Ұлыбритания), Бристоль университеті (Ұлыбритания), Ватерлоо университеті (Канада), Ноттингем университеті (Ұлыбритания).

«6В017__ – қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының ұқсас бағдарламаларымен салыстыру барысында Қазақстан жағдайында заман талабы, нарықтағы сұраныстар ескерілді.

Сапамен қамтамасыз ету (Аккредитация, рейтинг, жұмыс берушілермен жұмыс)

ББ ерекшеліктері:

ББ Аккредиттеу туралы куәліктің болуы:

Аккредиттеу органының атауы: ACQUIN

Аккредиттеудің қолданылу мерзімі: 18.06.2018 – 30.09.2021

ҚР ЖОО арасында білім беру бағдарламаларының рейтингі қорытындысы бойынша алған орны:

БСҚТА – 1 орын.

Бірлескен ББ (БББ)

Серіктес ЖОО (БББ):

Екі дипломдық ББ (ЕДББ)

Серіктес ЖОО (ҚББ):

 

Бағдарлама түлектерін болашақта жұмысқа орналастыру үшін негізгі жұмыс берушілер:

1. жалпы орта білім беру мектебі

2. білім беру орталықтары

3. колледждер

4. газеттер, журналдар, редакциялар

5. баспалар, баспаханалар

6. аударма орталықтары

7. қалалық және аудан әкімшіліктері

8. банктер мен халыққа қызмет көрсету орталығы

9. жергілікті басқару органдары

10. баспасөз қызметі

Білім беру бағдарламасы нақты жұмыспен қамту саласы үшін өзекті болып табылады

1. Мектеп;

2. Колледж;

3. білім беру мекемелері;

4. жарнама қызметтері;

5. аударма қызметтері;

6. редакторлық қызметтер;

7. баспа қызметтері.