Білім беру бағдарламасы: 6B02305 Қазақ филологиясы

Білім беру бағдарламасы

6B02305 Қазақ филологиясы

Білім саласы

6B02 Искусство и гуманитарные науки

Дайындық бағыты

6B023 Тілдер және әдебиет

Білім беру бағдарламаларының тобы

B037 Филология

мақсат

Бағдарлама ұлттық білім жүйесінің өзекті міндеттеріне сәйкес оқу үдерісінде оқытудың инновациялық технологияларын қолданатын (филолог-педагог), үздіксіз кәсіптік біліктілікті арттыруды жоспарлайтын, білім тәжірибесіне мониторинг зерттеулер жүргізетін (филолог-зерттеуші), инновациялық идеяларды жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың өкілдерімен байланыс орнатып, коммуникация құрай алатын (мәдениаралық коммуникация менеджері), ақпарат талаптарына сәйкес медиатұлғалармен байланыс орнататын (PR-менеджер), БАҚ саласында ақпарат алу, сақтау, өңдеу әдістері мен құралдарын тиімді пайдаланатын, қоғам сұранысына орай блогтар жүргізетін (блогер), жарнамалық және презентациялық мәтіндер құрайтын (копирайтер), мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғаларына, саясаткерлерге, қоғам қайраткерлеріне немесе кәсіпкерлерге арналған баяндамалар дайындайтын (спичрайтер), бағдарламалық идеяларды әзірлейтін (репортер), бағдарламаларды жүргізетін (тележүргізуші, радиожүргізуші), материалдарды редакциялайтын (редактор, корректор), деректерді жинауға, өңдеуге және сақтауға арналған компьютерлік жүйелер мен желілердің бағдарламалық және ақпараттық құралдарын қолданатын (құжат айналымын ұйымдастырушы), деректерді талдау және басқару құралдарын әзірлеу үшін сандық технологияны іске асыратын (ІТ-лингвист), ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланып, мамандық бойынша жобалық іс-шараларды жүргізетін маман қалыптастыруға бағытталған.

Оқыту тілі

қазақ

Кредиттердің көлемі

240

Берілетін академиялық дәреже

Бакалавр

Оқытудың нәтижесі

Әлемдік және қазақ тіл біліміндегі ғылыми-теориялық мәселелерді талдап түсіндіреді. Озық отандық және шетелдік тәжірибені пайдаланып, филологияға қатысты ғылыми тұжырымдарды меңгереді. Тіл білімі мен әдебиеттану саласындағы жаңа бағыттар, жаңа ғылыми тұжырымдар туралы өзіндік пікірі қалыптасады. Орта және арнаулы білім беру кәсіби ұйымдарында ұлттық білім жүйесінің өзекті міндеттеріне сәйкес оқу үдерісінде оқытудың инновациялық технологияларын меңгереді, тіл мен әдебиетті оқытудың инновациялық әдіс түрлерін саралап, ең оңтайлысын қолданады. Жобалай оқыту әдістерін практикада қолдануға қабілетті болады.

Ғылыми зерттеу, академиялық институттарда қазақ тілінің қалыптасуы мен дамуы, көне тілдер мен қазіргі тілдердің заманауи топтары арасындағы байланыстар, сөздердің шығу тегі мен эволюциясы, грамматикалық және лингвистикалық нысандардағы өзгерістер туралы зерттеу жүргізеді. Әдебиеттанудың өзекті мәселелерін ұлттық дүниетаныммен байланыстырады. Филологиялық тұжырымдамаларды игеру негізінде әдебиетаралық үдерістің нысандары мен заңдылықтарын анықтап, әдеби компаративистиканың әдістері мен тәсілдерін игереді. Модернизм мен постмодернизмнің негізгі белгілерін ажыратады.

Орта және арнаулы білім беру кәсіби ұйымдарында жоғары білімді маман ретінде сөздің   семантикалық құрылымын талдайды, терең ішкі генетика-семантикалық мағынасы мен қолданыстағы мәнін анықтайды. Тілдегі дыбыс пен әріптің арақатынасын фонологиялық дәрежеде ажыратады. Дыбыстардың бір-біріне тіркесу қабілетін, сөздің жазылуы мен айтылымының бірдей болмау себебін анықтайды. Сөз құрамын, сөзжасамдық ерекшеліктерін, сөйлемнің құрылымдық, айтылу мақсатына қарай, логико-грамматикалық типтерінің коммуникативтік талаптар дәрежесіне сай түрленуін анализдей алады. Мәтіндік деңгейде берілген сөйленімді нақты сөйлеу жағдаяттарына сай синтездей алады.

Лингвистика, әдебиеттану, фольклористика және текстология салаларында бекітілген ғылыми әдістерге сәйкес ғылыми зерттеулер жүргізеді. Мәтінді редакциялаудың құрылымдық-семантикалық, салыстырмалы, мифопоэтикалық, ғылыми әдебиеттерді тарихи талдау, филологиялық талдау сияқты түрлерін жүзеге асырады. Мәтін құрудың, өңдеудің алғышарттарын, мәтіннің негізгі бірліктерінің семантикасын меңгереді. Концептуалды мәні бар семантикалық өрістің жан-жақты дамуын және олардың арақатынастарын анықтайды. Әр түрлі функционалдық стильдердегі мәтіндермен жұмыс істеуге қабілетті болады. Тақырыптық-мазмұндық композициясы бойынша мәтінді салыстырады және бағалайды. Қазіргі қазақ тілінің нормасына сәйкес стилистикалық және экспрессивті мазмұнды мәнмәтіндердегі   тіл бірліктерінің қызметін, стилистикалық коннотация түрлерін, түрлі тілдік және стилистикалық нормалардың ауытқуларын анықтауға қабілетті болады.

Антропоөзектік фактормен тығыз байланыста болатын көп жүйемен негізделген қазақ ұлттық әдеби тілінің функционалдық ерекшеліктеріне зерттеу жүргізеді. Әлемдік мәдени кеңістіктегі ұлттық тіл функцияларының коммуникативтік, прагматикалық, когнитивтік-ассоциативті және эстетикалық байлығын, когнитивті маңыздылығын анықтайды. Заманауи іскерлік этикеттің нормаларын меңгеріп, іскерлік этикет пен протокол саласындағы білімін өзінің болашақ кәсіби қызметінде іскерлік байланыстар барысында, протоколдық шараларда, презентацияларда қолданады.

Сындарлы ұсыныстар жасап, оларды бағалайды және зерттейді. Өз тұжырымдарын сыни жанр түрінде жазбаша ресімдейді. Лирикалық, драмалық, прозалық көркем мәтін құрудың ұстанымдарын саралайды, көркем және әдеби сыни шығармаларды талдайды. Дискурсты сөйлеуші мен тыңдаушының қарым-қатынасын жүзеге асыратын айтылым деңгейінде анықтайды. Медиа-мәтінді адресанттың өз прагматикалық ұстанымын лингвопрагматикалық тұрғыдан бағалайды. Просодикалық тәсілдердің сахна тіліндегі дискурстық сипатын анықтайды. Актерлердің сөйлеу әрекетіндегі сөйлесім жағдаятын қазіргі тіл біліміндегі интонология тұрғысынан талқылайды. Интонациясының ерекшелігіне лингвистикалық тұрғыдан сипаттама беріп, лебіздің коммуникативтік бағытына байланысты интонацияның типтерін, интонация деңгейлеріне байланысты интонема жасаушы факторлар ажыратады.

Инновациялық идеяларды жүзеге асыру үшін, мемлекеттік органдардың өкілдерімен байланыс орнатып, коммуникация құрай алады. Тіларалық және мәдениет аралық қарым-қатынас саласында, тілдерді дамыту орталығында үш тілді үйрену мен ұлттық сананы рухани жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру контекстінде тұлғааралық, әлеуметтік, кәсіби, мәдениетаралық қарым-қатынас салаларында шетелдік / орыс / қазақ тілінде танымдық және коммуникативтік әрекеттерді жүзеге асырады.

Білім тәжірибесіне мониторинг зерттеулер жүргізуді меңгереді. Ғылыми зерттеу, академиялық институттарда және оқу орындарында тілді, әдебиетті оқыту бойынша ғылыми еңбектер, оқулықтар, әдістемелік нұсқаулықтар, сөздіктер жасайды. Адам қызметінің арнаулы салаларының қай-қайсысына да қатысты жасалған терминдерге тілші-маман ретінде анализ жасайды. Терминологияны жүйелі түрде зерттеуге, оның шешімін таппаған түрлі мəселелерін талқылауға қабілетті болады.

Ғылыми зерттеу, академиялық институттарда және оқу орындарында мәтіннің әртүрлі элементтерінің графикалық және лексикалық біркелкілігін қамтамасыз ету үшін мәтінді редакциялайды, өңделген қолжазбаларды түзетеді. Емле және пунктуация қателермен жұмыс жасайды. Мәтіннің семантикалық және стилистикалық кемшіліктерін түзетеді. Ғылыми, техникалық, әлеуметтік-саяси, экономикалық әдебиеттерді, шетелдік мекемелермен және кәсіпорындармен хат алмасуды, сондай-ақ конференциялар, жиналыстар, семинарлар және т.б. материалдарды редакциялайды. Әртүрлі ақпарат көздерінен маңызды деректерді жинау, өңдеу, талдау, жалпы ережелерді немесе қорытындыларды қалыптастыру үшін ақпарат фрагменттерін біріктіру, құрылымдық ақпараттан білім алу және сценарий жазу үшін идеялық-тақырыптық базаны қалыптастыру, әдеби тілді меңгеру, қоғам мен аудитория мақсаты үшін маңызды тақырыптарды бөлу, өз қызметінде олардың аса көрнекті тәсілдерін пайдалану үшін радио, телевизиялық бағдарламаларды талдау дағдысы қалыптасады.

Бағдарламалық идеяларды жүзеге асыру, бағдарламаларды жүргізу, материалдарды редакциялау қабілетіне ие болады. Ақпарат талаптарына сәйкес медиатұлғалармен байланыс орнатады, БАҚ саласында ақпарат алу, сақтау, өңдеу әдістері мен құралдарын тиімді пайдаланады, қоғам сұранысына орай блогтар жүргізеді, мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғаларына, саясаткерлерге, қоғам қайраткерлеріне немесе кәсіпкерлерге арналған баяндамалар дайындау қабілетіне ие болады. Кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың бейнесін жасайды, брэнд жарнама әзірлейді. Клиенттердің көзқарастарына әсер ету стратегиясын дайындап,   әлеуметтік-экономикалық саясатты жүзеге асырады. Қазақ әдеби тілінің орфоэпиялық, орфографиялық, пунктуация, лексикалық, грамматикалық, стилистикалық нормаларын сақтай отырып, әртүрлі стиль мен жанрдағы ауызша, жазбаша, жарнамалық, презентациялық мәтіндер құрайды.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланып, мамандық бойынша жобалық іс-шараларды жүргізеді. Деректерді талдау және басқару құралдарын әзірлеу үшін сандық технологияны іске асыруды меңгереді. Қоғам өмірінің барлық саласында, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда ғылыми еңбектер құрастыру, заманауи компьютерлік технологияларды пайдалану арқылы рефераттар, мақалалар, филологиялық түсіндірмелер, аналитикалық эссе, шолу-рефераттар, ғылыми есептер, оқу-зерттеу жобалары, ғылыми баяндамалар, мақалалардың тезистері, филологиялық пікірлер жазады. Ғылыми құжаттарды дайындайды.

Әлеуметтік, іскерлік, мәдени, құқықтық және этикалық жағдайларға, қазақстандық қоғамның құндылықтар жүйесіне, олардың ара-қатынасына талдау жасайды. Маңызды жағдайларда маңызды қарым-қатынас жасау, тиімді диалог жүргізу әдісін қолданады. Командада кәсіби қарым-қатынас орнатып, адамдардың кәсіби қызметіндегі әлеуметтік-мәдени айырмашылықтарды бағамдай алады.

Ғылыми пікірталас жүргізу қабілетін көрсетеді, әлеуметтік-саяси фактілерге қатысты, яғни қазақ қоғамының дамуының түрлі кезеңдері, саяси бағдарламалары, мәдениеті, тілі, әлеуметтік және тұлғааралық қарым-қатынастары туралы өз позициясын анықтайды.

өтініш берушілер үшін ақпарат

https://welcome.kaznu.kz/kz/education_programs/bachelor/speciality/1461