Білім беру бағдарламасы: 6B02308 Шет тілдері және мәдениетаралық қарым-қатынас

 

Білім беру бағдарламасы

6B02308 Шет тілдері және мәдениетаралық қарым-қатынас

Білім саласы

6B02 Искусство и гуманитарные науки

Дайындық бағыты

6B023 Тілдер және әдебиет

Білім беру бағдарламаларының тобы

B036 Аударма ісі

мақсат

Білім бағдарламасының мақсаты – лингвистика, аударма теориясы және практикасы, мәдениетаралық қарым-қатынас салалары бойынша тереңдетілген білім негізінде жүйелі және кәсіби біліктілікке ие, қазіргі кәсіби дискурс және ақпараттық кеңістікте шет тілдерін қолдана отырып, мәдениетаралық өзара қарым-қатынастың әртүрлі міндеттерін жүзеге асыруға қабілетті кең профильді мамандар даярлау.

Оқыту тілі

орыс, қазақ, ағылшын

Кредиттердің көлемі

240

Берілетін академиялық дәреже

Бакалавр

Оқытудың нәтижесі

Мәдениетаралық қарым-қатынас мәселелерін анықтау және сыни тұрғыдан талдау, аударма теориясы және практикасы бойынша ғылыми зерттеулер, сараптамалар жүргізу.

Әртүрлі деңгейдегі ғылыми жұмыстарды қорғау ісіне, пікірталастарға қатысу; жүргізілетін зерттеу тақырыбы бойынша баяндамалар мен хабарламалар жасау, аударма және мәдениетаралық қарым-қатынас саласында кәсіби дағдыларын жетілдіру мақсатында ақпараттық-іздеу жұмыстарын ұйымдастыру.

Аударма және мәдениетаралық қарым-қатынастың арнайы ерекшеліктерін, стилистикалық және тілдік нормаларды ескере отырып бағдарламалық өнімдердің әртүрлі типтерін, әдістемелік, бақылау-өлшеуіш нұсқаулықтар, құралдар құрастыру.

Қазіргі коммуникативтік технологиялар негізінде академиялық және кәсіби салалардағы мәдениетаралық қарым-қатынас үдерісінде шет тілінде (тілдерінде) жазбаша және ауызша коммуникацияны жүзеге асыру. Коммуникация үдерісінде қарым-қатынас стратегияларын, тиімді ауызша және жазбаша қарым-қатынастың риторикалық тәсілдерін, стилистикалық және тілдік нормаларды қолдану.

Аударма практикасын ескере отырып, қарым-қатынастың әлеуметтік-мәдени, мәдени және академиялық салаларында шет тілін қолдануға байланысты байқаулар, олимпиадалар және басқа да шығармашылық іс-шаралар ұйымдастыру.

Түрлі мекемелер мен ұйымдарда меңгерген шет тілдерінде іс қағаздарын жүргізу, іскери құжаттаманың әртүрлі типтерін құрастыру және редакциялау: ресми корреспонденция, ақпараттық-анықтамалық және әкімшілік-ұйымдастыру құжаттары.

Іскери кездесулер, семинарлар, презентация, дөңгелек үстелдер, конгресс, симпозиум, конференция, корпоративті, топқұрушы іс-шаралар және т.б. шараларды ұйымдастыру және жүргізу.

Корректура ережелерін және стандартты корректорлық таңбаларды, нормативті құжаттарды қолдану, қолжазбаны баспаға дайындау және редакциялау. Редактурадан кейін материалға түзету енгізу. Терілген мәтіннің түпнұсқамен немесе жөндеулері ескерілген алдыңғы корректурамен сәйкестендірілуін қамтамасыз ету.

Өз ана тілінде және шет тілдерінде мәтін, сценарийлер құрастыру, өз ой-пікірін қолдана отырып, мәтіннің жанрлық ерекшелігіне сай композициялық құрылымын жасау.

Кәсіби саладағы отандық және шетелдік мамандардың ғылыми зерттеулері мәтіндерін рефераттау; библиографиялық мәдениет негіздерін, ғылыми құжаттаманы құрастыру және рәсімдеу тәсілдерін игеру (есеп, шолу, реферат, аннотация, баяндама, мақала, библиография, сілтеме).

Түрлі компьютерлік бағдарламаларда мәтінді аудару. Лексикалық баламалылық, грамматикалық, синтаксистік және стилистикалық нормаларды және аудармада баламаға жеудің негізгі амалдарын сақтай отырып, жалпымәдени және кәсіби мазмұндағы мәтіндерге жазбаша және ауызша аударма жасау.

Жеке қасиеттері мен қабілеттерін көрсету, әріптестерімен және басшылықпен кәсіби қарым-қатынас орнату, аналитикалық ойлау, шығармашылық бағдар, өз бетінше іздену, оқу, әрдайым кәсіби деңгейін, білімін, біліктілігін, мәдениетін ұдайы көтеру.

өтініш берушілер үшін ақпарат

https://welcome.kaznu.kz/kz/education_programs/bachelor/speciality/1942