Білім беру бағдарламасы: 6B01704 Шетел тілі: екі шетел тілі

Білім беру бағдарламасы

6B01704 Шетел тілі: екі шетел тілі

Білім саласы

6B01 Педагогические науки

Дайындық бағыты

6B017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау

Білім беру бағдарламаларының тобы

B018 Шет тілі мұғалімдерін даярлау

мақсат

Бағдарлама бірінші және екінші шет тілдерінің практикалық тұрғыдан игеру және екінші тіл   теориясы мен әдістерін оқыту негізінде шеттілді білім беру саласының, оның ішінде ағылшын/неміс/француз/қытай тілдері бойынша оқу, жазу, тыңдау, сөйлеу дағдыларын қазіргі инновациялық технологиялар арқылы меңгертумен қоса, сыни тұрғыдан ойлай алатын, әртүрлі дереккөздерден алынған ақпараттарды бағалап, талдап, сұрыптай алатын, түрлі жағдаяттарға қарай бейімделетін, өз ойын еркін төрт тілде жеткізіп, топпен жұмыс істей алатын бәсекеге қабілетті маман даярлауға бағытталған.

Оқыту тілі

орыс, қазақ, ағылшын

Кредиттердің көлемі

240

Берілетін академиялық дәреже

Бакалавр

Оқытудың нәтижесі

Жоғары оқу орнында алған теориялық және практикалық білімі негізінде «Ми шабуылы», «Киплинг әдісі» және басқа да қазіргі таңдағы жаңаша әдіс-тәсілдерді, инновациялық озық технологияларды пайдалана отырып, шет тілі пәні бойынша ақпараттық, танымдық тұрғыдан пайдалы әрі оқушылар үшін қызықты жоғары дәрежедегі практикалық сабақтарды ұйымдастыру және жүргізу.

Педагогика және психология негіздеріне сүйене отырып, сабақтарды ұйымдастыру талаптарына сәйкес білімдік, тәрбиелік, дамытушылық міндеттері көрсетілген жылдық жоспар, сабақ жоспар, тәрбие жоспарын құрастыру.

Ағылшын және неміс/француз/қытай тілдері бойынша оқу материалдарын дайындау, атап айтқанда, қазіргі заман контексіне сай келетін мәтіндер, мәтіндерге сұрақтар, жаттығулар әзірлеу, тест сұрақтары, әдебиеттер тізімі, емтиханға немесе бақылау жұмыстарына қажетті материалдарды құрастыру, сабақта пайдаланатын қосымша материалдарды дайындау: видероликтер, аудиотаспалар, сөздіктер, үйде оқитын кітаптар тізімі қорын жасау.

Шеттілді білім беру әдістемесі негізінде, шет тілдерін үйренудегі жас ерекшелік психологиясы негізінде, үйренушілердің қабілеті мен білігін ескеріп, А1, А2, В1, В2, С1, С2 деңгейлерін анықтау критерийлерін жасап, топтарға бөліп оқыту.

Оқушылардың білімін шет тілдерін меңгеру деңгейіне қарай, берілген тапсырмалардың уақытылы және сапалы орындалуына сәйкес, ағымдық, бақылау жұмыстары мен емтихан тапсырмаларын бағалау инструментін құрастыру.

Оқушыларды қандай да бір проблеманы шешу жолдарын оңтайлы қарастыруға үйрететін, оқылған нәрсенің барлығына сыни тұрғыдан ойлауға жетелейтін және бағалау қабілеттерін қалыптастыратын жұмыстың түрлерін ойлап табу.

Жас балаларға шет тілін тиімді оқыту жолдарын құрастыру, ойын түрлерін ойлап табу, рөлге бөліп ойнайтын ойын мәтіндерін шет тілінде құрастыру, шет тіліндегі балалар тіліне сәйкес келетін әндер мен өлең жолдарын дұрыс таңдау, ұсынылатын мультфильмдерді сұрыптау, интернет жүйесінен шет тілін үйрететін сапалы сайттарды ұсыну, оқушыларға ақпаратты дұрыс әрі тиімді іздеу жолдарын үйрету.

IELTS, TOEFL, DAAD, DALF cертификаттарын алу үшін дайындайтын курстар үшін жеке бағдарламалар құрастыру, оқу, жазу, тыңдау, сөйлеу дағдыларын меңгерту бойынша материалдар дайындау.

Мектептермен тығыз байланыс орнату, білім беруді басқару және ұйымдастыру тәсілдерін қолдана отырып, білім беру мекемелерімен интеграциялық, концептуалдық, стратегиялық жұмыс жоспарын құрастыру.

Әртүрлі мекемелер мен ұйымдарда ағылшын және неміс/француз/қытай тілдерінде іс қағаздарын жүргізу, іскери хаттарға, кіріс-шығыс құжаттарына жауап беру және құрастыру, шақыру хаттарын жасау, шет тілінде келісімшарт мәтіндерін құрастыру.

Word, Exel, PowerPoint және басқа компьютерлік программаларды қолдана білу, презентация, слайдтарды шет тілінде сауатты құрастыру, интерактивті тақталарды пайдаланып, сабақтарды тиімді ұйымдастыру, шет тілін үйрететін компьютерлік программаларды қолдана білу.

Жеке қасиеттері мен қабілеттерін көрсету, әріптестерімен және басшылықпен кәсіби қарым-қатынас орнату, аналитикалық ойлау, шығармашылық бағдар, өз бетінше іздену, оқу, әрдайым кәсіби деңгейін, білімін, біліктілігін, мәдениетін ұдайы көтеру.

өтініш берушілер үшін ақпарат

https://welcome.kaznu.kz/kz/education_programs/bachelor/speciality/1457