6B05108 – Биомедицина

Білім беру бағдарламасының атауы

6B05108 – Биомедицина

Білім саласы

6В051 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика

Дайындық бағыты

6В051 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Білім беру бағдарламаларының тобы

В080 Биология

БББ мақсаты

Отандық және халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандардың кадрлық әлеуетін олардың сұраныстарына және ел мен өңірдің даму перспективаларына сәйкес қалыптастыру. Биомедицина саласында және биологияның әртүрлі шектес салаларында сапалы кәсіби білім мен кәсіби құзыреттіліктерге ие болу үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, биология мен медицина бойынша білімнің үйлесімді жүйесіне, биомедицинаның қазіргі заманғы жетістіктері туралы тұтас ұғымға ие түлектерді дайындау; сондай-ақ шығармашылық әлеуетті дамыту және дамудың жоғары жалпы зияткерлік деңгейін, ойлау және сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, еңбекті ғылыми ұйымдастыру дағдыларын меңгеру үшін; магистратурада оқуды жалғастыру үшін жағдай жасау.

Оқыту тілі

Қазақ, орыс, ағылшын

Кредиттердің көлемі

240

Берілетін академиялық дәреже

"6В05108-Биомедицина" білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану бакалавры

Оқытудың нәтижесі

Түлек осы бағдарламаны оқып шыққаннан кейін мынадай қабілеттіліктерге ие болады:

 

ON1. Биомедициналық бағыттағы ғылыми-зерттеу зертханаларында медициналық биохимия, биофизика, нанотехнология әдістерін, жасушалар мен тіндерді культивациялау, адам мен жануарлардың жасушаларын, тіндерін, органдары мен ағзаларын биохимиялық және физиологиялық зерттеу әдістерін қолдана отырып, заманауи биологиялық және медициналық жабдықта жұмыс істеу.

ON2. Заманауи құралдарды қолдана отырып, биологиялық және медициналық зерттеулер жүргізу: диагностикалық бейнелеу жабдықтары, электрокардиографтар, электроэнцефалографтар, гематологиялық және биохимиялық анализаторлар, биомедициналық өлшеу техникасы, клиникалық өлшеу техникасы және т. б.

ON 3. Биомедициналық зерттеулердің нәтижелері негізінде жасушалық, тіндік, мүшелік, жүйелік деңгейлерден бастап ағзаға дейінгі функционалдық жағдайға талдау жасау.

ON 4. Аспаптық және аппараттық-бағдарламалық құралдарды қолдана отырып, ағзаның функционалды жағдайына дәрігерге дейінгі аспаптық диагностика жүргізу, адамдағы әртүрлі жасушалық, тіндік және мүше құрылымдарының жағдайына гисто-физиологиялық баға беру, қоршаған орта факторларының ағзаға әсер етуі кезінде адам ағзалары құрылымындағы ауытқулардың сипатын түсіндіру.

ON 5.  Жануарлар мен адамдарға эксперименттер жүргізуді жоспарлау, зерттеудің мақсаттары мен әдістерін анықтау, зертханалық зерттеулер үшін биологиялық материал жинақтауды жүзеге асыру.

ON 6. Экзогендік экологиялық факторларға ұшыраған кезде ағзаның жұмыс істеу механизмдерін анықтау үшін ағзаның жасушалық деңгейден жүйелік деңгейге дейінгі функционалды жағдайы туралы зертханалық мәліметтер негізінде болжам және қорытынды жасау.

ON 7. Халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру, науқасты емдеу барысында асқынулардың алдын алу үшін олардың құрамын, дайындалу және өндірілу технологиясы бойынша дәрілік препараттарды, ілеспе және жанама әсерлерін білу, дәрілік шөптер мен олардың негізінде дайындалған препараттарды, олардың әсер етуші заттары мен қолдану қағидаттарын білу.

ON 8. Зерттеудің биомедициналық әдістерінің рәсімдерін техникалық сауатты орындау, медициналық ұйымдардың емдеу және диагностикалық үй-жайларына санитариялық-гигиеналық баға беру, физиологиялық зерттеулер мен медициналық рәсімдердің техникасын меңгеру.

ON 9.  Тірі табиғатқа жауапкершілікпен қарауды қамтамасыз ететін негізгі биоэтикалық принциптердің, заңнамалық және нормативтік құжаттардың мәнін сақтау, жалпы қабылданған гуманистік, моральдық-адамгершілік нормалар мен мінез-құлық қағидаттарына сәйкес нақты жағдайда шешім қабылдау.

ON 10. Алған білімдері мен іскерліктерін тәжірибелік қызметте және күнделікті өмірде пайдалану: - уланудың, вирустық және басқа аурулардың, күйзелістердің, зиянды әдеттердің (темекі шегу, маскүнемдік, нашақорлық) алдын алу шараларын сақтау үшін; табиғи ортадағы тәртіп ережелерін сақтау.

ON 11. Қойылған міндетке және оны іске асыру шарттарына сәйкес өз қызметін жоспарлау; өз іс-әрекеттерін бақылау және бағалау, қателіктердің сипатын бағалау және есепке алу негізінде оларды орындауға түзетулер енгізу, оқытуда бастамашылық пен дербестік білдіру.

ON12. Ұжыммен қарым-қатынас құру, топпен жұмыс істей білу; ғылыми пайымдау, ғылыми пікірталас және полемика жүргізу, биологиялық үдерістерге қатысты өз ұстанымын айқындау қабілеттерін көрсету; білім алушылармен тәрбие жұмысында, сондай-ақ жаратылыстану негіздерін қолдаумен байланысты жобаларда биомедициналық білімді тарату және танымал ету.

Оқуға түсуші талапкерлер үшін

https://welcome.kaznu.kz/ru/education_programs/bachelor/speciality/1449

Академиялық қызмет

Кәсіптік қызмет саласында кадрлар даярлау мынадай қызмет түрлерін, кәсіптерді, біліктілік деңгейлерін (кәсіптік стандартқа сәйкес қызмет түрлерін сипаттау) қамтиды:

  • ·      ғылыми қызметкер;
  • ·      ЖОО-да зертханашы, техник, ғылыми-зерттеу институттарында, санитарлық-эпидемиологиялық станцияларда зертханашы;
  • ·      техник, зертханашы-зерттеуші:

- биотехнологиялық,

- фармакологиялық және фармацевтикалық зерттеулер,

- қоршаған ортаны қорғау,

- медициналық диагностика (биохимия, вирусология, микробиология, молекулалық биология, генетика)

 экологиялық қызметтер мен ұйымдардағы маман.

 

Ғылыми қызмет

Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасында адам физиологиясы мен биофизикасы, биомедицина, нейроғылым, жас ерекшелік физиологиясы және еңбек физиологиясы, хронобиология салалары бойынша зерттеулер жүргізіледі.

Кадрларды даярлау кәсіби қызметтің келесі салаларына жоспарлануда:

ғылыми; денсаулық сақтау; ауыл шаруашылығы.

Түлек биологиялық және медициналық бағыттағы ғылыми-зерттеу институттарында, тәжірибелік денсаулық сақтау мекемелерінде қызмет етуге дайын. Физиология, медициналық биохимия, генетика, биофизика, нанотехнология салаларында теориялық білімді және биомедицина, эксперименттік онкология, радиобиология салаларында зерттеу әдістерін, адам мен жануарлардың жасушаларын, тіндерін, мүшелері мен ағзаларын биохимиялық және биофизикалық зерттеу әдістерін меңгерген. Магистратурада оқуды жалғастыруға, сондай-ақ биомедициналық зерттеулердің қазіргі заманғы әдістемелерін игеруге және адам ағзасын зерттеуге арналған қазіргі заманғы аппаратураларды әзірлеуге және сынақтан өткізуге қатысуға дайын.

 

Халықаралық қызмет

Ғылыми мектептер немесе кафедраның ғылыми бағыттары (ғылыми жобалар):

Дрексел университеті (Филадельфия, АҚШ), Бен-Гурион университеті (Израиль), ММУ, Халықтар Достығы университеті, Томск Университеті (Ресей) және басқа да шетел университеттерімен халықаралық байланыс орнатылған.

 

Сапаны қамтамасыз ету (аккредиттеу, рейтинг, жұмыс берушілермен жұмыс)

"Биомедицина" мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы топ 200 жоғары оқу орындары қоятын талаптарға сәйкес әзірленген. Білім беру бағдарламасы құзыреттілік тәсіл негізінде модульдік принцип бойынша құрылған. Оқытылатын пәндердің көлемі мен тізімі бойынша білім беру бағдарламасы шетелдік бағдарламаларға ұқсас. Оқытуда ең жақсы заманауи білім беру әдістері қолданылады, олардың ішінде іскерлік ойындар, тренингтер, сонымен қатар жеке және командалық жұмыс.

 

Бағдарлама түлектерін болашақта жұмысқа орналастыру үшін негізгі жұмыс берушілер мыналар болып табылады:

1. Адам және жануарлар физиологиясы ҒЗИ

2. Онкология және радиология ҒЗИ

3. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы ББМ ҒЗИ

4. Тамақтану академиясы

5. Биологиялық бейіндегі ғылыми-зерттеу мекемелері,

6. Кереметтегі "Smart Health" диагностикалық медициналық орталығы

7. ПущГЕНИ.