6В05105 - Генетика

 

Білім беру бағдарламасының атауы

6В05105 - Генетика

Білім саласы

6В05 – Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика

Дайындық бағыты

6В051 – Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Білім беру бағдарламаларының тобы

В050 - Биологиялық және сабақтас ғылымдар

БББ мақсаты

Бағдарлама жалпы және молекулярлық генетика саласындағы теориялық білімдерімен, далалық және зертханалық жағдайларда генетикалық зерттеулер жүргізудің практикалық дағдыларымен бәсекеге қабілетті; биология, биомедицина, биотехнология, экология, криминалистика, гендік қорды сақтау және генетик маманның білімі мен дағдыларын талап ететін кәсіби қызметтің басқа салаларында тәжірибелік міндеттерді орындауға қабілетті маманды даярлауға бағытталған.

Оқыту тілі

қазақ, орыс, ағылшын

Кредиттердің көлемі

240

Берілетін академиялық дәреже

Бакалавр

Оқытудың нәтижесі

ОН1 - Молекулалық-генетикалық, биохимиялық, морфофизиологиялық ерекшеліктерді талдау және түсіндіру;;

ОН2 - Молекулалық, клеткалық және организм деңгейлерінде тұқымқуалаушылық және өзгергіштікті түсіндіру;

ОН 3 - Тіршілік ортаның түрлі факторларына байланысты организмдердің генетикалық өзгергіштігін бағалау;

ОН 4 - Генетикалық заңдылықтарды   анықтайтын модельдік организмдер мен тест-жүйелермен эксперименттерді жүргізу;

ОН 5 - Ғылыми-өндірістік орталықтарда және зертханаларда GLP ережелері мен биоэтиканың қағидаттарына сәйкес генетикалық әдістемелерді қолдануда жұмыстардың қауіпсіздігін және сапасын бағалау;

ОН 6 - Селекциялық орталықтарда қолайсыз факторларға тұрақтылығы бар және жоғары өнімді ауыл шаруашылық мәдени сортар және қол тұқымдардың түрлерін шығару үшін жалпы және молекулалық генетиканың заманауи әдістерін қолдану;

ОН 7 - Перинатальды орталықтарда тұқым қуалаушылық ауруларды диагностикалау және алдын-алу үшін және сырттан тыс ұрықтандыру зертханаларында халықтың репродукция мәселелерін шешуде жалпы және молекулалық генетиканың қазіргі заманғы әдістерін қолдану;

ОН 8 - Кеден және санитарлық-эпидемиялогиялық қадағалауда ГМО-ы бақылау үшін, криминалистика зертханалрында жеке адамды идентификациялау және туыс болуын анықтау үшін   сараптамалардағы молекулалық-генетикалық әдістерін қолдану;

ОН 9 - Қоршаған ортаның генетикалық мониторингне қатысты генетикалық зерттеулердің заманауи жабдықтарын және есептеу құралдарын зертханалық және дала жағдайларында пайдаланып генетикалық зерттеулерді іске асыру;

ОН 10 - Информациялық технологияларды пайдалану негізінде ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық ақпаратқа талдау жасау;

ОН 11 - Интерактивтік әдістерді, формаларды және оқыту құралдарын пайдалану; материалдарды ауызша, жазбаша және графикалық нысанында ұсынуды білу;

ОН 12 - Кәсіби және жеке, өз-өзімен білім алу арқылы болашақ карьерасын модельдеу және оқыту жолын жоспарлау.

Оқуға түсушілер үшін

https://welcome.kaznu.kz/kz/education_programs/bachelor/speciality/1454

Пәндер каталогы

каталог_бак_Генетика.pdf