6B05106 Геоботаника

Білім беру бағдарламасының атауы

6B05106 Геоботаника

Білім саласы

6В05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика

Дайындық бағыты

6В051 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Білім беру бағдарламаларының тобы

В050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

БББ мақсаты

Экология және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мониторинг, бағалау бөлімшелерінің жалпы білім беретін және орта арнайы оқу орындарына, ботаникалық ғылыми және өндірістік мекемелерге, сондай-ақ ауылшаруашылық, экологиялық лабораторияларға мамандарды сапалы дайындау. Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру маманның жеке басын қалыптастыруға бағытталған:

- биологиялық ғылымдардың жетістіктерін, геоботаника саласындағы жаңа технологияларды дамытуды, қазіргі заманғы ботаникалық зерттеу құралдарын, қоршаған ортаны қорғауды және сақтауды түсіндіреді;

Өсімдіктер мен қоршаған ортаны дамытудың қазіргі жай-күйін, даму перспективаларын бағалау, сондай-ақ қазіргі заманғы технологиялардың көмегімен зерттеу міндеттерін және оларды іске асыру жолдарын анықтау;

Геоботаника саласындағы кәсіби проблемаларды шешу,

Ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың әртүрлі түрлерін қолдану; жеке оқу траекториясын құру.

Оқыту тілі

қазақ, орыс, ағылшын

Кредиттердің көлемі

360

Берілетін академиялық дәреже

«6B0506 – Геоботаника» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры

Оқытудың нәтижесі

Берілген ББ тәмамдаған білім алушылардан күтілетін   қабілеттер:

1.         Өсімдіктердің ішкі құрылымы мен морфологиясының, ризологияның, фитогеографияның, өсімдіктің дамуы мен алмасу процестерін түсіну үшін өсімдіктер экологиясының қазіргі заманғы үрдістері мен жүйелеріндегі негізгі заңдылықтарды білу;

2.         Табиғи және жасанды кешендерде өсімдік қауымдастықтарының қызметінің құрылымдық, морфологиялық және популяциялық ерекшеліктерін түсіндіру;

3.         Өсімдіктердің негізгі қатарларын, тұқымдастарын және түрлерін, өсімдік қауымдастықтарының типтерін және олардың аймақтылығын, Қазақстан аумағында таралу принциптерін талдау;

4.         Іргелі және қолданбалы ботаника мәселелері бойынша қазіргі ғылыми әдебиеттерден мәліметтер жинау;

5.         Тұрақты сақтау және дамыту үшін өсімдік объектілері мен жүйелерін зерттеу саласында қазіргі заманғы әдістер мен геоақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ғылыми және қолданбалы зерттеулерді жоспарлау және жүргізу;

6.         Гербарий жинау, түрдің тұқымдастыққа, тұқымға тиістілігін өсімдіктер анықтаушысының көмегімен жіктеу, оқу және ғылыми пайдалану үшін гербарий қорына енгізуге дайындау;

7.         ГАЖ технологияларды пайдалану кезінде қолданылатын жабдықпен жұмыс істеуге   дағдылану;

8.         Өсімдік кешендерін зерттеу және мониторингілеу және оларды интерпретациялау кезінде фитохимиялық әдістерді, топырақтану әдістерін қолдану мүмкіндіктерін бағалау;

9.         Компьютерлік технологиялардың инновациялық әдістерінің көмегімен зерттеу аймағының геоботаникалық карталарын шифрлеуді жүргізу;

10.       Негізінде компьютерлік үлгілеу көмегімен өсімдік жамылғысының ықтимал даму моделін әзірлеу, әртүрлі әдебиет көздерден алынған ғылыми ақпаратты синтездеу;

11.       Әріптестермен және басқа ғалымдармен кәсіби байланыста болу қажет. Тиімді қарым-қатынасты қамтамасыз ететін дағдыларды қолдану. Командада жұмыс істей отырып, қойылған міндеттерге қол жеткізуге қабілетті болу;

12.       Өзінің кәсіби мақсаттарында аралас ғылымдардың: ботаника, топырақтану, фитохимия, география, экономика деректерін пайдалану. Кәсіби қызметте адамдар арасындағы әлеуметтік-мәдени айырмашылықтарды ескеру. Жұмыста сөзсіз болатын стандартты емес жағдайларда икемді бейімделу, жаңа ақпараттық технологияларды дербес игеру қажет.

Оқуға түсуші талапкерлер үшін

https://welcome.kaznu.kz/ru/education_programs/bachelor/speciality/1452