6B05109 – Нейроғылым

Білім беру бағдарламасының атауы

6B05109 – Нейроғылым

 

Білім саласы

6В05 Жаралыстану ғылымдары, математика және статистика

 

Дайындық бағыты

6B051 Биология және аралас ғылымдар

 

Білім беру бағдарламаларының тобы

B050 Биология және аралас ғылымдар

 

БББ мақсаты

Нейроғылым саласындағы бәсекеге қабілетті, өздерінің кәсіби қызметінде моральдық-этикалық қағидаларды басшылыққа алатын және жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келетін кәсіби құзыреттіліктерге ие болатын; қауіпсіз және жасанды интеллекттің тиімді технологияларын дамыту барысында ғылыми-зерттеулер мен қолданбалы жұмыстарды жүргізуде пәнаралық нейроғылымдық тәсілдер тұрғысынан нейроғылымның заманауи тұжырымдамалары мен әдістерінің негізінде ғылыми, медициналық және әлеуметтік-өндірістік салалардағы, мемлекеттік және кәсіпкерлік құрылымдардағы кәсіби қызметті жүзеге асыратын; қалыпты және патология жағдайларында мидың қызметін зерттеу кезінде диагностикалық алгоритмдер жасайтын, ұйымдарға арналған нейро-тренингтерді жоспарлауға және өткізуге, нейроғылымдағы тиімді стратегияларды анықтауға қабілетті мамандарды даярлау.

Оқыту тілі

Қазақ, Орыс, Ағылшын

 

Кредиттердің көлемі

240

Берілетін академиялық дәреже

Бакалавр

 

Оқытудың нәтижесі

ON1. Нейроғылым саласындағы зерттеулерді тиімді орындау үшін құрылым мен функцияның бірлігі заңы аясында молекулалық, жасушалық, ұлпалық, ағзалық және мінез-құлықтық деңгейдегі нейроғылымының тұжырымдамалары туралы түсініктерді көрсету

ON2. Нейроғылымның пәнаралық тәсілдерін интеграциялауға негізделген нейробиологиялық процестерді зерттеуде нейровизуализацияның заманауи тәжірибелік әдіснамалары мен әдістерін қолдану

ON3. Этикалық нормаларр мен ғылыми қағидаларға сәйкес нейроғылымдағы жобаланған ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізуге арналған бастапқы деректерді жинау

ON4. Психологиялық, нейрофизиологиялық және математикалық принциптерді интеграциялауға негізделген нейроғылымдағы мәселелерді шешуге бағытталған эксперименттік зерттеулердің дизайндарын   дамыту

ON5. Нейроғылымдағы зерттеу міндеттерін жүзеге асыруға арналған заманауи компьютерлік технологияларды қолдана отырып статистикалық талдау және бағдарламалау, математикалық модельдеу негіздерін игеру

ON6. Ғылыми сипат критерийлеріне сәйкес математикалық және ақпараттық бағдарламалар мен технологияларды қолдана отырып нейроғылымдағы командалық зерттеу деректерін талдау және негізделген түрде интерпретациялау

ON7. Нейроғылымның заманауи жетістіктерін анықтау және бейімдеу негізінде әр түрлі ұйымдарда нейротренинг өткізу;

ON8. Денсаулық сақтау, қоғамдық қауіпсіздік, маркетинг және бизнес сұраныстарына сәйкес нейрокибернетика және адам-компьютердің өзара әрекеттесуі саласындағы әзірлемелерді қолдану

ON9. Интегративті білім мен оларды қолданудың жан-жақтылығын кеңейту мақсатында заманауи ақпараттық және білім беру технологияларын қолдана отырып, өзіндік білім алу принциптеріне ие болу

ON10. Мидың функционалдық күйінің жас ерекшеліктерін ескере отырып оқу-еңбек процесін оңтайландыруға бағытталған заманауи нейротехнологиялық әзірлемелерді қолдану

ON11. Жүйелік деңгейде теориялық және қолданбалы нейроғылым саласындағы мәселелерге қатысты өз көзқарастарын, ұстанымдары мен пікірлерін ғылыми тұрғыдан дәлелдеу және қорғау

ON12. Нейроғылымның қолданбалы аспектілерін шешу процесінде командалық жұмыстарды табысты жүргізу үшін патриотизм, азаматтық және толеранттылық қағидаттары негізінде позитивті коммуникативті дағдыларын иелену.

 

Оқуға түсуші талапкерлер үшін

https://welcome.kaznu.kz/ru/education_programs/bachelor/speciality/2119

Академиялық қызмет

Шетелдік жоғары оқу орындарының ұқсас бағдарламаларымен салыстыру – бакалавр бағдарламасы халықаралық стандарттар деңгейінде кәсіби өзін-өзі сәйкестендіруді қалыптастыру мақсатында нейроғылым саласындағы кешенді білім беру әдіснамасын қолданады. «Нейроғылым» мамандығы бойынша бакалавр бағдарламасы University of Oxford, University of Cambridge, Harvard University, University of Florida, University of Cincinnaty университеттері сияқты нейроғылым саласының мамандарын даярлауға қойылатын талаптарға сәйкес жасалған. Бакалавр даярлау бағдарламасы шеңберінде студенттер халықаралық деңгейде нейроғылым саласындағы кәсіби маңызды құзыреттіліктерді қалыптастырады.

Ғылыми қызмет

Кафедраның ғылыми мектептері немесе ғылыми бағыттары, (ғылыми жобалар):

- хронобиология;

- физиология;

- биофизика;

- когнитивтік нейроғылым;

- Иммундық онкогендер - қатерлі ісікке қарсы терапияның жаңа нысаны;

- адамның жүрек-қан тамырлары жүйесінің әлеуметтік-экологиялық және абиотикалық қоршаған орта факторларына бейімделуінің хронофизиологиялық механизмдерін зерттеу;

- Депрессиялық күйлердің психофизиологиялық маркерлері;

- Әртүрлі жастағы адамдардың бас миының дамуының ЭЭГ/МРТ көрсеткіштерін, эмоциялық-когнитивтік функцияларын және олардың генетикалық маркерлерін зерттеу.

Халықаралық қызмет

Бакалаврлар University of Oxford, University of Cambridge, Harvard University, University of Florida, University of Cincinnaty, Oregon State University, Drexel University, Universidad de Granada, Universidad de Cadiz, The University of Sheffield, Seoul National University, «Сколково» инновациялық орталығы, Ломоносов ат. ММУ сияқты серіктес-университеттерден ғылыми тәжірибеден өтуге және академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысуына мүмкіндігі бар.

Сапаны қамтамасыз ету (аккредиттеу, рейтинг, жұмыс берушілермен жұмыс)

Бағдарлама түлектерін болашақ жұмысқа орналастыру үшін негізгі жұмыс берушілер:

1. Ғылыми институттар, орталықтар, лабораториялар: Ұлттық нейрохирургия орталығы (Нұр-Сұлтан), «Когнитивтік нейроғылым» орталығы (Алматы), Сколково ғылыми-техникалық институтының Нейронет лабораториясы (Сколтех) (Мәскеу);

2.         ЖОО: ҚБТУ, Назарбаев университеті, әл-Фараби ат. ҚазҰУ;

3.         ҚР әскери және қауіпсіздік құрылымдары: ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігі;

4.         Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі салалары: ҰҚК;

5.         Медициналық мекемелер: «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты жанындағы МРТ орталығы, «Асыл Мирас» аутизм орталығы (Алматы), САТР орталығы (Алматы);

6.         «Human Resources» мемлекеттік және халықаралық ұйымдар: ҚазМунайГаз;

7.         Бизнес-ұйымдар: НейроШторм (Нұр-Сұлтан), Қазақстанның полиграфологтар қауымдастығы (Нұр-Сұлтан), Beeline (Алматы);

8.         Бизнес–қоғамдастық (бизнес ұйымдарда нейроғылым әдістерін, жарнама өнімдерін, нейромаркетингті және т.б. енгізу мүмкіндіктері туралы ақпарат беру);

9.         Білім беру мекемелері: Alem_Genius (Алматы);

10.       Бұқаралық ақпарат құралдары: Аргументы и факты (Алматы).

Білім беру бағдарламасы жұмыспен қамтудың белгілі бір саласына сәйкес келеді

1. білім беру мекемелері,

2. мемлекеттік қызметтер,

3. зерттеу орталықтары,

4. денсаулық сақтау ұйымдары

5. кәсіпкерлік құрылымдар мен өндірістік кәсіпорындар.

Пәндер каталогы ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ_2022.pdf