Жаңалықтар

Азаматтық іс барысындағы дәлелдемелер. Дәлелдеу» тақырыбында ашық дәріс

17.04.2024

2024 жылғы 17 сәуірде ТДМ 4 аясындағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінде «Азаматтық іс барысындағы дәлелдемелер. Дәлелдеу» тақырыбында ашық дәріс өткізілді. Дәрісті арнайы шақырылған қонақ, Алматы облыстық адвокаттар алқасының заңгері Аленов Абдрахман Амирадинович оқыды.

Дәріс барысында Абдрахман Амирадинович азаматтық істерді қараудағы өз тәжірибесіне кеңінен тоқталды. Сотта қандай материалдар мен құжаттар дәлелдеме болып есептелетінін, дәлелдемелерді қалай ұсынуға болатынын, ал нені дәлелдеуге жатпайтынын атап өтті. Адвокаттың айтуынша, соттағы әрбір дәлелдің маңызы зор, бірақ барлық дәлелдерді салыстырып, екі тараптың ұстанымын бағалау одан да маңызды. Тәжірибе көрсеткендей, қолыңызда күшті дәлел болсада сіз істі жеңіліске ұшырауыңыз мүмкін, дегенмен керісінше жағдайлар да кездеседі.

 

Ары қарай оқу >>

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған III Халықаралық Фараби форумының ресми жабылу салтанаты

11.04.2024

2024 жылдың 11 сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған III Халықаралық Фараби форумының жабылу салтанаты аясында студенттер мен жас ғалымдар түрлі номинациялар бойынша марапатталды.

Халықаралық қатынастар факультетінде 1 орынды «Халықаралық құқық» ОБ 4 курс студенті Райымкулов Заманбек иеленіп, Әл-Фараби ҚазҰУ ректоры - Басқарма төрағасы Жансейт Түймебаевтың қолынан Диплом және ақшалай сертификатпен марапатталды.


Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына орай өткен ТДМ 4: «Инклюзивті және тең сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлығы үшін өмір бойы білім алу мүмкіндіктерін ілгерілету» аясындағы мастер-класс

03.04.2024

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық құқық кафедрасы 1-4 сәуір аралығында «Инклюзивті және тең сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлығы үшін өмір бойы білім алу мүмкіндіктерін ілгерілету» атты мастер-класс ұйымдастырды. Іс-шара қонағы – заң ғылымдарының докторы, Ташкент мемлекеттік заң университетінің халықаралық құқық және адам құқықтары кафедрасының профессоры Муаттара Рахимова халықаралық экономикалық құқық бойынша дәріс оқыды.

  Қатысушылар: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Халықаралық құқық» білім беру бағдарламасының студенттері мен магистранттары.

Шеберлік сабақтарында халықаралық экономикалық құқықтың өзекті мәселелері, оның мемлекеттер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамытудағы функциялары талқыланды, практикалық бөлімде Орталық Азиядағы аймақтық экономикалық ынтымақтастықты жүзеге асыру тәжірибесі бойынша жағдайлар қарастырылды.

  Студенттер Өзбекстан Республикасының аймақ елдері арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту және осы саладағы заңнаманы жетілдіру бастамасы бойынша тәжірибесіне қызығушылық танытты.

      Магистратура студенттері өздерін толғандырған сұрақтарға жан-жақты жауаптар алды. Нағыз бастаушы зерттеушілер ретінде магистранттар қызығушылықпен проф. М.А.Рахимов мемлекетаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі халықаралық шарттарды іске асыру тәжірибесі туралы.


Ары қарай оқу >>

Гендерлік теңдік және теңсіздікті азайту

02.04.2024

2024 жылғы 2 сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық құқық кафедрасында ТДМ №5 «Гендерлік теңдік», сондай-ақ ТДМ №10 «Теңсіздікті азайту» іске асыру шеңберінде Ташкент мемлекеттік заң университетінің «Халықаралық құқық және адам құқығы» кафедрасының профессоры, з.ғ.д. М.А.Рахимовамен кездесу ұйымдастырды.

Кездесу барысында Орталық Азия елдеріндегі гендерлік теңдік мәселелері талқыланды.

Профессор М.А. Рахимова Жаңа Өзбекстанның мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі гендерлік теңдікке қол жеткізу, әйелдердің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, олардың қоғамдық және мемлекеттік өмірдегі рөлін күшейту болып табылатынын атап өтіп, Өзбекстан Республикасының гендерлік құқықтарды іске асыру тәжірибесі туралы ақпаратпен бөлісті.

 

Ары қарай оқу >>

Жастар арасында суицидтің алдын алу: Қазақстан және халықаралық тәжірибе

28.03.2024

2024 жылғы 28 наурызда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінде ТДМ 16: Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар жетістіктері аясында «Жастар арасында суицидтің алдын алу: Қазақстан және халықаралық тәжірибе» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелді халықаралық құқық кафедрасы ұйымдастырды: PhD докторы Баймағамбетова З.М., PhD докторы Алтаева К.Ж., 1 курс магистранттары Ayatullah Nemati, Ибраева Адема, Оразбек Бекарыс, Тоқтарбекова Мадина, Ван Си.

Іс-шараның мақсаты: жастар арасында суицид мәселелері бойынша құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру, қазақстандық және халықаралық тәжірибені талдау.

Ары қарай оқу >>

Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу

14.03.2024

14.03.2024 ж. Халықаралық қатынастар факультетінде ТДМ 16 жетістіктері аясында "Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Ұйымдастырушылар: PhD докторы З.М. Баймағамбетова, "Халықаралық құқық" ББ 1 курс магистранттары: Қанатқызы Жұлдыз, Тұрсынбеков Санжар.

     Іс-шараның мақсаты: студент жастарды рухани-адамгершілік тәрбиелеу, отбасылық құндылықтар институтын нығайту, құқықтық сауаттылықты арттыру, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы тұруда қоғамда нөлдік төзімділікті қалыптастыру.

Ары қарай оқу >>

Германия соттарымен халықаралық соттылықтың анықталуы

11.03.2024

2024 жылдың 11 наурызында заң ғылымының докторы, Мартин Лютер атындағы Галле-Виттенберг Университетіндегі заң факультетінің профессоры Азер Алиевпен «Германия соттарымен халықаралық соттылықтың анықталуы» тақырыбында ТДМ 4 аясында онлайн дәріс өтті.

Онлайн дәрісті Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Халықаралық қатынастар Факультетінің Халықаралық құқық кафедрасы және қауымдастырылған профессор доктор Ph.D Алтаева Камиля Жакипбековна ұйымдастырды.

Ары қарай оқу >>

«Заңгер - кеңесші» кім және оның тәжірибелік маңызы» тақырыбындағы ашық дәріс

19.02.2024

19 ақпан 2024 жылы ал-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультетінде «Заңгер - кеңесші» кім және оның тәжірибелік маңызы» тақырыбында ашық дәріс өтті. Дәрісті арнайы шақыртылған қонақ, SIGNIM LAW фирмасының кіші заңгері, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті халықаралық құқық мамандыңының түлегі – Тулеу Серғазы оқыды.

Ары қарай оқу >>

«Жеке деректерді қорғауды қамтамасыз етудің оңтайлы әдіснамасын таңдау» тақырыбындағы ғылыми семинар

15.02.2024

2024 жылдың 15 ақпанында Zoom платформасында Халықаралық құқық кафедрасы «Жеке деректерді қорғауды қамтамасыз етудің оңтайлы әдіснамасын таңдау» тақырыбында ғылыми семинар өткізді.


Ары қарай оқу >>