«Жеке деректерді қорғауды қамтамасыз етудің оңтайлы әдіснамасын таңдау» тақырыбындағы ғылыми семинар

15.02.2024

Көрулер: 109

2024 жылдың 15 ақпанында Zoom платформасында Халықаралық құқық кафедрасы «Жеке деректерді қорғауды қамтамасыз етудің оңтайлы әдіснамасын таңдау» тақырыбында ғылыми семинар өткізді.

Бисалиев Марлен, 3 курс докторанты «Жаһандық және ұлттық ақпараттық кеңістікте жеке ақпаратты қорғаудың халықаралық құқықтық аспектілері» атты диссертациялық зерттеудің негізгі ережелерінің нәтижелерімен таныстырды.

Ғылыми семинардың мәселелерін талқылауға халықаралық құқық кафедрасының магистранттары, докторанттары, профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты.

Іс-шара № 16 «Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар» SDG қол жеткізу аясында жеке деректерді қорғау бойынша ақпараттық-құқықтық қолдауды арттыру, азаматтардың цифрлық құқықтарының мәдениетін ілгерілету, ақпараттық технологиялар саласындағы шетелдік тәжірибені зерделеу, жеке деректерді қорғау және Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды.