Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу

14.03.2024

Көрулер: 141

 

14.03.2024 ж. Халықаралық қатынастар факультетінде ТДМ 16 жетістіктері аясында "Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Ұйымдастырушылар: PhD докторы З.М. Баймағамбетова, "Халықаралық құқық" ББ 1 курс магистранттары: Қанатқызы Жұлдыз, Тұрсынбеков Санжар.

Іс-шараның мақсаты: студент жастарды рухани-адамгершілік тәрбиелеу, отбасылық құндылықтар институтын нығайту, құқықтық сауаттылықты арттыру, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы тұруда қоғамда нөлдік төзімділікті қалыптастыру.

Іс-шараға Халықаралық құқық кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, магистранттар, "Халықаралық құқық" ББ студенттері қатысты.

     Халықаралық қатынастар факультетінің деканы, PhD докторы Л.Ф. Деловарова, халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі з.ғ. к., доцент Ж.Т.Сайрамбаева студенттік жастардың рухани тәрбиесін, құқықтық сауаттылығын нығайтудың, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл шараларының тиімділігін арттырудың маңыздылығын атап өтті.

    Студенттер Бақытбекова Малика, Докторович Алиса, Муталипова Дильнара "Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алудағы студент жастардың рөлі мен жауапкершілігі", "ҚР және шет елдердің заңнамасы бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік" атты презентацияларымен сөз сөйледі.

    Талқылау барысында шақырылған қонақтар – Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы "Жан-Сая" дағдарыс орталығы директорының орынбасары – Мидо Татьяна Анатольевна, Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Жан-Сая" дағдарыс орталығының психологы - Сапарова Гүлшара Маратқызы, психолог, халықаралық сынып жаттықтырушысы – Лобода Дмитрий Сергеевич тәжірибелерімен бөлісті.

Іс-шара қызықты өтті, қатысушылар сұрақтар қойды, өз көзқарастарын білдірді, практикалық кейстерді шешті.

Дөңгелек үстелдің нәтижелері бойынша қатысушылар отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуды күшейту бойынша ұсынымдар ұсынды.