Жаңалықтар

Корея Республикасы, Инха университетінде 2023 жылдың 11-12 мамырында өткен «Eurasian legal systems in a world in transition» атты 6-шы халықаралық француз-қазақ-корей конференциясы

15.05.2023

Халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі доцент Сайрамбаева Ж.Т. және халықаралық құқық кафедрасының профессоры Айдарбаев С.Ж. Корея Республикасы, Инха университетінде 2023 жылдың 11-12 мамырында өткен «Eurasian legal systems in a world in transition» атты 6-шы халықаралық француз-қазақ-корей конференциясына қатысты.

Ары қарай оқу >>

Доцент З.М. Баймағамбетова "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды

27.04.2023

Халықаралық құқық кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары, PhD докторы Баймагамбетова Зульфия Мажитовна 16 наурыз 2023 жылы №128 Басқарма Төрағасы-Ректор Ж.Қ. Түймебаевтың бұйрығымен Университеттің дамуына қосқан үлесі үшін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. 

Ары қарай оқу >>

«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық конвенциялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

06.03.2023

Халықаралық қатынастар факультетінде «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық конвенциялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны қауымдастырылған профессор Алтаева К.Ж. «халықаралық құқық» мамандығының қазақ және орыс бөлімінің 2, 3 курс студенттерінің қатысуымен ұйымдастырды. Шара барысында халықаралық экологиялық заңнаманы қалыптастыру және дамыту мәселелері қарастырылды. Бұл ретте экономика мен қоршаған ортаға теңгерімді көзқарас негізінде тұрақты даму мәселелері ерекше орын алатыны атап өтілді.

Ары қарай оқу >>

"Халықаралық құқық" білім беру бағдарламасының студенттері халықаралық салық салу бойынша Мәскеудің жыл сайынғы "InTAX 2022-2023" студенттік байқауына қатысты

01.03.2023

"Халықаралық құқық" білім беру бағдарламасының студенттері халықаралық салық салу бойынша Мәскеудің жыл сайынғы "InTAX 2022-2023" студенттік байқауына қатысты. Команда құрамына 2 курс магистранты Пирназаров Құдайберди, сондай-ақ 3 курс студенттері Лепешкина Виталия мен Калелова Алия кірді.

Ары қарай оқу >>

«Қазақстан Республикасының Еуропалық Одақпен ынтымақтастығының құқықтық аспектілері» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция

28.02.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің халықаралық құқық кафедрасының Еуропалық құқық орталығы Гавр университетімен (Франция) бірлесіп 2023 жылғы 28 ақпанда «Қазақстан Республикасының Еуропалық Одақпен ынтымақтастығының құқықтық аспектілері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Қазақстан Республикасының Еуропа мемлекеттерімен екіжақты қатынастарын дамытуды және Еуропалық Одақпен, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйыммен, Еуропа Кеңесімен және олардың құрылымдарымен ынтымақтастықты іске асырудың теориялық және практикалық мәселелері конференцияда талқыланды.

Ары қарай оқу >>

"Халықаралық құқық" ББ 3 курс студенттері жыл сайынғы Республикалық құқықтық турнирдің жеңімпаздары атанды

25.02.2023

"Халықаралық құқық" білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері Сүлейман Демирел атындағы университет пен "Synergy Partners" Заң фирмасы бірлесіп ұйымдастырған жыл сайынғы Республикалық құқықтық турнирде 1 орын иеленіп жеңімпаздары атанды.

Ары қарай оқу >>

Доцент Машимбаева Г. А. "дипломатиялық қызметке 30 жыл" мерейтойлық медалімен марапатталды

26.01.2023

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымы Мәшімбаева Гүлмира Амангелдіқызын «Дипломатиялық қызметке – 30 жыл» медалімен марапаттады. Ғалымға атаулы марапатты ҚР СІМ Алматы қаласы өкілдігінің басшысы Бақытжан Бөлегенов табыстады.

 

Халықаралық құқық кафедрасының доценті, заң ғылымының кандидаты Гүлмира Амангелдіқызы дипломатиялық қызметтің 30 жылдығына орай, ҚР Сыртқы істер министрлігі шығарған «Қазақстан Республикасы консулдық қызметінің хронологиясы» кітабын дайындауға белсенді қатысты.

Кітап тәуелсіз Қазақстанның консулдық қызметінің қалыптасу тарихын сипаттайды. Басылымға еліміздің консулдық қызметінің негізін қалауға және дамытуға зор үлес қосқан дипломатиялық қызмет ардагерлері, елшілер мен дипломаттардың тарихи очерктері мен естеліктері және нақты деректер енгізілген.

Ары қарай оқу >>

Балалар үйіне бару

26.11.2022

2022 жылы 26 қараша күні «Халықаралық құқық» ББ екінші курс қазақ және орыс тобы доцент Алтаева К.Ж. жетекшілігімен “SOS Children's Village” балалар үйіне барды. Студенттер жүз шақты балаларға дастархан жайып, көптеген әр түрлі ойыншықтар алып барды. Балардың көңіл-күйін көтеріп, қайырымдылық іс-шарасын өткізгені үшін балалар үйінің әкімшілігі студенттерге және оқытушыға үлкен алғысын білдіріп, оқуларына табыс тіледі.

 

Ары қарай оқу >>

«Заманауи мемлекеттегі секуляризм және ислам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

03.11.2022

2022 жылдың 3 қарашасында Халықаралық құқық кафедрасы дінтану және мәдениеттану кафедрасымен бірлесіп ұйымдастырған «Заманауи мемлекеттегі секуляризм және ислам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге профессор-оқытушылық құрамы, докторанттар, магистранттар мен студенттер шақырылды. Дөңгелек үстелдің модераторы з.ғ.к., доцент Машимбаева Г.А.

Халықаралық қатынастар факультетінің деканы Жекенов Д.Қ. және халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі Сайрамбаева Ж.Т. сәлемдеме сөзімен дөңгелек үстелді бастады.

 

Ары қарай оқу >>