Германия соттарымен халықаралық соттылықтың анықталуы

11.03.2024

Көрулер: 84

 

2024 жылдың 11 наурызында заң ғылымының докторы, Мартин Лютер атындағы Галле-Виттенберг Университетіндегі заң факультетінің профессоры Азер Алиевпен «Германия соттарымен халықаралық соттылықтың анықталуы» тақырыбында ТДМ 4 аясында онлайн дәріс өтті.

Онлайн дәрісті Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Халықаралық қатынастар Факультетінің Халықаралық құқық кафедрасы және қауымдастырылған профессор доктор Ph.D Алтаева Камиля Жакипбековна ұйымдастырды.

  Онлайн дәріске «Халықаралық құқық» мамандығының 3 курс студенттері қатысты.

  Дәріс барысында Қазақстан және Германия соттарымен халықаралық соттылықтың анықталу мәселелері қарастырылды. Германия соттарымен соттылықты анықтаудың механизмі талқыланды. Соттылықты анықтау мәселесінде әрекет ететін Германия заңдарына шолу жасалынды. Дәріс соңында қатысушылар қарастырылған тақырып бойынша кейс талдады.

  Дәрісте теориялық және практикалық аспектілердің ұштасуы студенттер тарапынан қызығушылық тудырды. Дәріс барысында халықаралық соттылықтың анықталу мәселесіне кеңінен талқылау жасалынды.