Жалпы мәліметтер

 

MPcoat

 

Кафедра 1990 ж. ҚазҰУ заң факультетінде Қазақстандағы «Халықаралық құқық» бағыты бойынша алғашқы заң ғылымдарының докторы М.А. Сәрсембаевтың ынтасымен құрылды. 1995 ж. бері кафедра халықаралық қатынастар фаультетінің құрамында дербес «халықаралық құқық» мамандығының негізі ретінде қызмет етеді.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамында 33 қызметкер, соның ішінде 3 заң ғылымдарының докторы, 15 кандидат, 4 Ph.D докторы, 8 заң магистрлері бар. Оқытушылардың көпшілігі шетелдік оқу орындары мен ғылыми ұйымдарда оқу және біліктілікті арттыру тәжірибесіне ие бола, өз ғылыми қызығушылықтары саласында Қазақстандағы жетекші мамандар болып табылады. Кафедраның қызметкерлері халықаралық құқықтың түрлі салалары бойынша көптеген авторлық арнайы курстар, оқу құралдарын дайындаған.

Кафедра БҰҰ және ЕҚЫҰ-ң ҚР-дағы Өкілдіктері, Қазақстандық Халықаралық Құқық Академиясы, Халықаралық және Еуропалық Заңгер Студенттер Ассоциациясы, Халықаралық Қызыл Крест Комитеті сияқты ұйымдармен стратегиялық әріптестікті жүзеге асырады.

Мамандық студенттері бірқатар республикалық және халықаралық байқаулар, ғылыми конференциялар, ойын сот турнирларында қалыпты жоғарғы орындар алып тұрады.

Кафедраның жұмысы уақытында мемлекеттік қызмет, халықаралық ұйымдар, жеке бизнес және құқықтық ғылым салаларында лайықты орнын тапқан мамандар дайындалды.

Кафедраның ұраны – «Біріншілер арасында теңдес, теңдестер арасында бірінші» - кафедраның қазақстандық білім беру фланманының жетістіктері мен имиджін нығайту және жетілдіруге талпынысын білдіреді.