ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ !

03.02.2023

Көрулер: 599

Смекенов Изат Темірғалиұлы 2022 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасының дарынды жас ғалымарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендиясына ие болды және осы ғылым саласындағы табыстары мен жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің атынан сертификатпен марапатталды.

Смекенов И.Т. PhD докторы және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология ғылыми-зерттеу институтының молекулалық генетика зертханасының ғылыми қызметкері, бірнеше ғылыми жобаларға жетекшілік етеді. Көптеген жобалардың орындаушысы. Ол ғылыми қызметі барысында 36-дан астам ғылыми мақалалар жариялады, оның ішінде Web of Science нөлдік емес импакт-факторымен индекстелген ғылыми журналдарда және Scopus деректер базасына енгізілген халықаралық ғылыми журналда 9 жарияланымы бар. Зерттеудің негізгі нәтижелері 14-тен астам халықаралық конференцияларда жарияланған. Қазіргі уақытта И.Т.Смекеновтың хирш индексі (H-индекс) 4.

Смекенов И.Т. ғылыми-зерттеу жұмыстарын қатар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биология және биотехнология факультетінің молекулярлық биология және генетика кафедрасының аға оқытушысы (2019-2023) қызыметімен бірге атқарып келеді. Ол «Гендік инженерия», «Молекулалық биология», «ДНҚ рекомбинациясы», «Хромосомалық және гендік инженерия», «Биохимиялық генетика бойынша арнайы практикум», «Молекулалық генетика» және «Генетикалық технологиялардағы зертханалық зерттеулердің негіздері» деген пәндерден сабақ береді.

Сонымен қатар, Смекенов И.Т. 2021 жылғы «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ үздік жас ғалым» атағының иегері.

Кафедра ұжымы Смекенов Изат Темірғалиұлын шын жүректен құттықтай отырып, білім және ғылым саласында толағай табыстар тілейді!

 

                                                                              Жусупова Айжан Избасаровна – кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, PhD