Клубтар мен үйірмелер

«Генетик» үйірмесі

ҮЙІРМЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАҚСАТЫ - жаңа уақыт талаптарына жауап бере алатын, кәсіби білікті, бәсекеге барынша қабілетті мамандарды даярлап, олардың бойында қазақстандық патриотизмді, төзімділікті, жоғары адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеп, үйлесімді дамыған жауапты тұлғаны қалыптастыру және ғылымға деген құштарлықтарын оята білу.

ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ:

болашақ маманның кәсіби деңгейі мен бәсекеге қабілеттілігін дамыту, жаңа заман маманын даярлау;

студент бойында қазақстандық патриотизм сезімі мен ұлттық құндылықтарды қалыптастыру;

ұлт болашағына жауапты, рухани-адамгершілігі жоғары азаматты тәрбиелеу;

ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді насихаттау, ұлтаралық келісім мен төзімділікке тәрбиелеу;

жас таланттарды қолдау және шығармашылық қабілетін дамытуға жағдай жасау;

студенттерді спортқа тарту, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру;

профессор-оқытушылар құрамының тәрбие жұмысындағы рөлі мен жауапкершілігін арттыру;

әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету;

студенттік өзін-өзі басқаруды жүзеге асыру;

мамандық бойынша пәндік олимпиадалар мен байқауларды ұйымдастыру және өткізу;

• республикалық және халықаралық байқаулар мен олимпиадаларға қатысу;

• республикалық студенттер жұмысы байқауына қатысу;

• курстық және дипломдық жұмыстар байқауын ұйымдастыру, өткізу және қатысу;

• ғылыми мақалалар мен тезистер дайындау және басып шығару.

Үйірме жетекшілері: б.ғ.к., доцент Чунетова Ж.Ж., PhD, аға оқытушы Жүсіпова А.І.

Үйірме мүшелері: 1, 2, 3, 4 курстардың қазақ, орыс, ағылшын бөлімдердің студенттері.

"Жас эколог" үйірмесі

"Жас эколог" үйірмесінің қызметі студенттерді үйірме жұмысы арқылы қазіргі заманның әртүрлі деңгейдегі экологиялық мәселелермен жақынырақ таныстыруға бағытталған.

Үйірменің міндеттері:

- үйірме мүшелерін жеке бір ауыл, қала, аймақ мысалы арқылы ғаламдық экологиялық мәселелердің көрініс беруімен таныстыру;

- Қазақстанның ғаламдық және аймақтық экологиялық проблемаларды шешу жолындағы қадамдарымен таныстыру;

- қазақстандық ғалымдардың табиғатты қорғауға, табиғат ресурстарын ұтымды пайдалануға, қалпына келетін энергия көздерін игеруге бағытталған зерттеулерімен таныстыру;

- әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті ғалымдары жүргізіп жатқан экологиялық және табиғат қорғау сипатындағы ғылыми зерттеулерімен таныстыру;

- құнды идеялар мен жобалар ұсынған студенттерге қолдау көрсету.

«Жас эколог» үйірмесінің қызметінде мынадай бағыттар ажыратылады: дүние танымдық, ғылыми-зерттеушілік, ағартушылық, түристік-сауықтырушылық, рухани-шығармашылық бағыттары.

Үйірме жұмысының тематикалық жоспарлануы:

1. ҚР өзекті экологиялық проблемалары;

2. Алматы қаласы мен Іле Алатауы ұлттық саябағының экологиялық ахуалына сипаттама;

3. Арал теңізінің қазіргі жағдайы және оны жақсартуға бағытталған іс-шаралар;

4. Каспий маңы аймағының экологиялық проблемалары және олардың шешілу жолдары;

5. ҚР териториясында қалыптасқан радиациялық жағдай;

6. Шылым шегу мен нашақорлықтың адам денсаулығына әсері;

7. Тамақтану сипаты және адам денсаулығы. ГМН және олардың адам ағзасына әсері.