Іс-шаралар

 

Молекулалық биология және генетика кафедрасының

2021-2022 оқу жылындағы тәрбие жұмысы бойынша жүргізілгін

іс-шаралар

             Жоспарға сәйкес «6B05105-Генетика» мамандығы, орыс тобының 2 курс студенттері және эдвайзері Мынбаева Д.О. «Язык – живая душа народа» аталған тақырыпта іс-шара өткізілді. Топ студенттері қазақ және орыс тілдерінің елдегі мәртебесі жайлы ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, елдегі жағдайды еске ала отырып, болашақта тіл орны қандай болуы мүмкін және оны дамыту бағытындағы идеяларымен де бөлісті.


«6B05105-Генетика» мамандығы, орыс тобының 2 курс студенттері және эдвайзері Мынбаева Д.О. «16 желтоқсан – Тәуелсізік күні» тақырыбында іс-шара өткізілді. Конференцияда студенттер дайындаған докладтарын қорғады. Тәуелсіздік алған уақыттан бері елімізде болған өзгерістер мен болашақта мүмкін жүзеге асатын жаңалықтар талқыланды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының даму жолдары және стратегиялары бойынша талқылаулар жүргізілді. Студенттер өз ойларымен бөлісіп еліміздің дамуына оң әсерін тигізе алатын бірнеше идеялармен бөлісті.

 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы студенттердің көз-қарасы» тақырыбы бойынша баяндама жасалды, студенттер өз ойларымен бөлісті. 

Қазіргі кезде сыбайлас  жемқорлық  әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.

3.02.2022ж күні. «Ғылымдағы әйел адамдар!» тақырыбында іс-шара өтті. Ғылым әлеміне әйел адамдардың аяқ басуы өте қиын болатын: әйелдерді кемсіту, оларға білім алуға мүмкіндік бермеу,  дәстүрлі міндеттер (бала туу және тәрбиелеу) секілді себептердің болғаны жасырын емес. Қалыптасқан таптауырынды бұзып, ғылымның дамуына өз септігін тигізген әйелдер де бар. Ғылымның дамуына өз үлесін қосқан әйел адамдар топтамасын ұсынамыз: 

Алғашқы әйел-алхимик Мария Копт I ғасырда Иерусалимде дүниеге келген. Марияны Александриялық алхимия мектебінің негізін қалағандардың бірі деп есептейді. Ол алғаш болып су моншасында сұйықтықты жылыту жолын тапқан. Ғалым әлемдегі сұйықтықтарды ажырататын құрылғы трибикосты және керокатис деп аталатын бу көмегімен жұмыс істейтін жабық құбырды ойлап табады. Бұл құрылғылар көмегімен сұйықтықты түрлі заттарға ыдыратуға болады. Кейін аталған құрылғыларды ішімдік пен эссенция өндірісінде кеңінен қолданды. Гипатия Александрлық  IV–V ғасырларда Александрияда өмір сүреді. Оның әкесі Теон Александрлық көрегенді ғалым болатын, өзінің қол астында мектебі болған. Қызына тиісті түрде білім берген ол, кейін оны мектепке философия, математика және астрономия пәндерінен сабақ беретін ұстаз ретінде орналастырады. Әкесінің қазасынан кейін, 405 жылдан бастап ол мектепті басқарады. Гипатия ғылыми еңбектер жазып, сүзгіш, астролябия, ареометр секілді пайдалы құрылғыларды ойлап табады. 

Әйгілі ғалым Лавуазье мансабының қалыптасуында оның жары Мария Анна Пьеретта Польздың (1758–1836) еңбегі зор. Лавуазье Марияның әкесінің көмекшісі болған. Ал ғалым Мария Аннамен оның жасөспірім шағынан бастап геология, химия мен астрономия жөнінде сөйлесе бастайды. Жак Польз өзінің 14 жасар қызын 28-жастағы ғалымға тұрмысқа береді. Содан бастап бойжеткен өзін-өзі дамытумен айналысады: ағылшын, латын тілдерін үйреніп жарына аударма ісімен айналысуға көмектеседі. Химиядан сабақтар алып, зертханада күйеуіне көмектеседі. Тәжірибе жұмыстарын сурет етіп салып, атақты ғалымдармен хат алмасады.

Каролина Лукреция Гершель (1750–1848) — кометаны ашқан алғашқы астроном әйел. Ол атақты ағылшын астрономы Уильям Гершельдің қарындасы болатын. Ағасы оны ғылымға бала кезден баулиды. Каролина болса асқан қызығушылықпен оқи түседі. Бос уақытында бойжеткен аспанды өз бетімен бақылап, 1783 жылы тұмандылықтың үш түрін анықтайды. Каролина астрономиялық теориялармен қатар, алгебра мен қажетті ережелерді меңгереді. Ағасы Уильям Гершель сарайдағы патша астрономы ретінде сайланған шақта, Каролина оның ғылыми көмекшісі атанып, жылына £50 табыс табады. Ол Ұлыбританиядағы ғылыми жұмысы үшін жалақы алатын алғашқы әйел атанады. 1786 және 1797 жылдар арасында астроном сегіз кометаны табады, тұмандылықтың 14 түрін ашады.

Мария Кюри (1867–1934) — Нобель иемденген алғашқы әрі оны екі мәрте алғаш жалғыз әйел. Өзінің жары Пьер Кюримен бірге ол радий және полоний элементтерін ашады. Өмірлерін радиацияны зерттеуге арнайды. 

Франциядағы оқуын аяқтаған соң, ол Варшаваға қайта оралып, ұстаз болуды жоспарлайды. Бірақ, тағдыр оны француз физигі Пьер Кюримен тоғыстырады. Мария мен Пьер радиациямен жұмыс істеп жүріп қауіпсіздік ережелерін сақтамаған. Ғалым 66 жасында өмірден өтеді. Олардың қызы Ирен де физика мен химия саласындағы ғалым атанады. Өзінің жарымен бірге олар жасанды радиоактивті заттарды ашады. 1935 жылы ол Нобель сыйлығын иемденеді. 

Бүгінде ғылыммен айналысамын деген әйел адамына тосқауыл болатын ешнәрсе жоқ. ЮНЕСКО мәліметі бойынша 2015 жылы Францияда ғалымдардың 27% әйел адамдар, Германияда — 28%, Италияда — 36%, Ұлыбританияда — 38,6%, Испанияда — 40% құрағаны анықталған.  Ең жоғары көрсеткішті Литва, Латвия, Албания мен Македония секілді елдер көрсеткен. Қазақстанда ғылыммен айналысатын әйелдер көрсеткіші — 53,3%.

 

2021 жылдың 7 желтоқсасында №5 жатақханада «Методы запоминания
или как работает запоминалка
» тақырыбында іс-шара өткізілді. Жоспар бойынша:

  • Ø Мнемоника және мнемотехника
  • Ø Мнемониканың қысқаша тарихы
  • Ø Мнемоника негізгі түрлері және мнемоникада қолданылатын әдістер Метод историй

- «Цепочка» әдісі

- «Цицерон» әдісі

- Акронимдер

- «Чанкинг-әдіс» (дробление, фрагментирование)

- «Сторителлинг» әдісі

- Жаңа тіл үйренудегі есте сақтау әдістері қарастырылды.

Молекулалық биология және генетика кафедрасының «5В060700-Биология» мамандығының 4 курс студенттерімен интранет жүйесіндегі кафедраның базалық және таңдамалы пәндерімен таныстыру жұмыстары жүргізілді. «5В060700-Биология» мамандығының 4 курс студенттерімен куратор – эдвайзері Әліқул Айжан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай «Ядролық қаруға жол жоқ!» тақырыбында іс-шара өткізілді. Осы тақырып бойынша баяндама жасалды, студенттер өз ойларымен бөлісті. Ядролық аурудың кесірінен пайда болатын ауруларға шолу жасалды.

«5В060700-Биология» және Биотехнология мамандығының 4 курс студенттерімен эдвайзерлік сағат өткізілді. «Мемлекеттік тілді білу – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» тақырыбында баяндама жасалды.

            «5В060700-Биология» мамандығының 4 курс студенттерімен «Құқықтық сауаттылық – уақыт талабы» тақырыбы бойынша эдвайзерлік сағат өткізілді, баяндама жасалды, студенттер өз ойларымен бөлісті.

            «5В070100-Биотехнология» және «5В060700-Биология» мамандықтарының 4 курс студенттерімен куратор-эдвайзерлері Сербаева А.Д., Тілеулес Ж.Б., Әліқул А.Б., Шәлтенбай Г.Н. М. Әуезов атындағы драмалық театрға «Оң қол» және «Екеуміз» қойылымдарына барып, студенттердің ой өрістерінің дамуына үлес қосылды.

2021 жылдың 9 қараша күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің биология және биотехнология факультетінде молекулалық биология және генетика кафедрасының куратор-эдвайзерлерінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай, факультет деңгейінде «5В070100 – Биотехнология» мамандығының 4 курс студенттерінің қатысуымен ауқымды зияткерлік-өнер жарысы ретінде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Бұл шарада өнер мен білім, ғылым салалары бір арнаға тоғысты деп айтуға болады.

Өткізілген мерекелік шараға «In bio» (тағамдық микробиология бағыты), «Young blood» мен «Биоқұтқарушылар» (қолданбалы биотехнология бағыты) және «Gene PROOF» (молекулалық биология және генетика бағыты) командалары «Таныстыру», «Сұрақ-Жауап», «Көрініс» және «Өнер жарысы» кезеңдері бойынша бақ сынады. Топтардың өз мамандықтары бойынша дайындаған сахналық қойылымдары мен логикалық сұрақтарға жауап берді. Әрбір кезеңдер бойынша жарысты әрбір кафедрадан сайланған оқытушылар молекулалық биология және генетика кафедрасының меңгерушісі б.ғ.к. Ж.К.Жунусбаева, биотехнология кафедрасының доценті, б.ғ.к. Г.И.Ерназарова, биофизика, биомедицина ғылыми зерттеу орталығының директоры PhD Ә.Ыдырыс, биомедицина және нейроғылым кафедрасының оқытушысы Б.Үсіпбек және биологиядағы физикалық-химиялық зерттеу әдістері зертханасының меңгерушісі Г.А.Ахметова бағалады.

Таныстыру кезеңінде әр топ өз командасы мен төсбелгілерін тың идеяларымен қорғады. Ал, екінші кезеңде топтар арасында бір-біріне сұрақ қойып, жалпы биология бағытындағы сауалдармен алмасты. Бұл кезеңде студенттердің базалық білімін ғана тексеріп қоймай, ғылымға деген қызығушылығы мен ізденістерін толық көрсете алатын жарыс болды.

Үшінші кезеңде қатысушылар үй тапсырмасы ретінде «Ғылым мен қиял» тақырыбында дайындап келген сахналық қойылымдарын көпшілікке паш етті. Бұл кезеңде студенттер өздерінің алға қойған мақсаттарын ұштастыра отырып, сахнада керемет қиялдарымен толы қойылымдармен ұсынды.

 

Медициналық биотехнология бағытындағы «“In bio» және «Биоқұтқарушылар» командалары болашақта медицина саласы үшін үлкен серпіліс беретін, емі табылмаған ауруларға қарсы панацея препараты, семіздікке қарсы ғажайып элексир туралы қойылымдар қойды. Ал, «Young blood» Дубайда өткізілетін ЭКСПО көрмесіне арнап фермент бөліп алатын аппарат шығарып, көрермендерді таң қалдырса, «Gene PROOF» командасы, адамның бейімділік гендерімен жұмыс жүргізіп, генетика бағыты бойынша болашақ жастарға мамандық таңдауға бағыттайтын қойылымдарын көрсетті.

Қорытынды өнер жарысында командалар шығармашылық бойынша өз өнерлерін көрсетіп, көпшіліктің көңілінен шықты. Сайыс қорытындысы бойынша «Gene PROOF» командасы бас жүлдені иемденді. Ал, қалған командалар «Ең креативті топ», «Жыл феномены», «Көрермен көзайымы» сынды түрлі номинациялармен марапатталды.

Осы іс-шарада студенттердің қаншалықты ой жүйріктігі, білім мен ғылымға, өнерге деген ерекше талпыныстары мен құштарлықтары байқалды. Болашақта әрбір студенттің ғылым саласына өздерінің ерен еңбектерін қоса алатынына біздер үлкен үмітпен сенеміз.

Куратор Тілеулес Ж.Б. №5 Жатақханада тұратын студенттерімен «Мамандықтың бәрі жақсы» тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырды.

 

 

1 курс студенттерімен студент жастарды құқықтық тәрбиелеуге және тәртіп бұзушылық пен қылмыстан сақтандыруға

арналған профилактикалық кездесу

2020 жылдың 23 ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің биология және биотехнология факультетінің №7 студенттер үйінде молекулалық биология және генетика кафедрасының куратор-эдвайзерлері 1 курс студенттерімен студент жастарды құқықтық тәрбиелеуге және тәртіп бұзушылық пен қылмыстан сақтандыруға арналған профилактикалық кездесу өткізді.

Кештің мақсаты - ҚазҰУ студентінің ар-намыс ережесі мен академиялық саясат шеңберінде студент жастардың рухани - адамгершілік қалыптасуына көңіл бөлу.

Қәзіргі кездегі қоғамдағы орын алып жүрген бірқатар құқық бұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын-алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайында куратор- эдвайзерлер сөз қозғап, студенттермен ақпарат алмасты. Студенттердің себепсіз сабақты қалдырмауларын, оқу дисциплинасы мен студенттің ар-намыс кодексіне бағынуларын атап өтті.

Сонымен бірге, университет және факультет деңгейінде ұят тақтасына түсіп қалмаудың маңыздылығын түсіндірді. Кездесуге қатысқан студенттер мен оқытушылар өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарына ауқымды жауап ала білді.

               Жунусбаева Ж.К., Байсеитова С.К., Сербаева А.Д., Шәлтенбай Г.Н.

     

 

Биологияжәне биотехнология факультеті

 

әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің

80-жылдығына арналған

«Әл-Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың

халықаралық ғылыми конференциясы

 

8-11сәуір 2014ж.

 

Құрметті студенттер және жас ғалымдар!

 

Сіздерді 2014 жылдың сәуір айының 8-11 күндері өткізілетін «Әл-Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдарға арналған халықаралық ғылыми конференцияға қатысуға шақырамыз.

Конференцияға қатысу үшін Қазақстан Республикасының және ТМД елдерінің студенттері, магистранттары және жас ғалымдары шақырылады.

 

Конференцияның негізгі мақсаттары және міндеттері:

1) студенттердің ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарын жандандыру;

2) студенттерді және жас ғалымдарды қазіргі таңдағы ғылыми мәселелерді шешуге қызықтыру;

3) студенттердің шығармашылық қабілетін арттыру, дарынды студенттерді іріктеу және қолдау;

4) студенттердің зияткерлік қабілетінің қалыптасуына ықпал ету.

 

Қосымша...

 


 

2014 жылдың 4 наурыз күні Молекулалық биология және генетика кафедрасында «Биотехнология» мамандығының 3 және 1 курс студенттерімен бірге «Әйел өмірдің нұры» атты мерекелік кеш өткізілді. Кешке факультет декан орынбасары мен деканат қызметкерлері және кафедра оқытушылары қатысты. Биотехнология мамандығының 13-06 тобының студенті Орынбасар Жансая мен 3 курс студенті Аманжолова Назерке «Ана» туралы ән орындады. Сонымен қатар, кеште студенттер өлеңдер оқып, би биледі.


____________________________________________________________________________________

 

Кураторлар-эдвайзерлер белсенді түрде тәрбие жұмыстарын жүргізіп, студенттердің оқу жүйесіне және ғылымға байланысты сұрақтарын талқылаумен қатар, университет қабырғасынан тыс кездесулер де өткізеді. Мысалы, Ж.Қ. Жүнісбаева 1 курс студенттерімен 2013-2014 оқу жылында ҚазҰУ-нің биологиялық мұражайымен және ҚР Тұңғыш президентіне арналған мұражайымен танысты.

 

2013 ж.10 наурызда ЭКО-107К және ЭКО-108К топтарының эдрайзеріБ.Е. Шимшиков студенттермен және факультет оқытушыларымен бірге М.Ю.Лермонтов атындағыдрамтеатрында «Пижама на шестерых» атты қойылымды тамашалады. 

 

 

2013 жылы 20 қаңтарда биология және биотехнология факультетінің 1 курс студенттері (1208 тобы, мамандығы «Биотехнология») Қазақстандық жас жазушы Г.Кияның «Исчезнувший кодекс" атты кітаптың жарық көру презентациясына қатысты. Кездесу «Меломан» атты кітап дүкенінде өткізілді. Шығармашылық презентациясына қаламыздың тілшілері, политологтар, әртістер және автордың достары қатысты. Барлық қатысушылар автордың шығармашылығын жоғары бағалап, сәттілік тіледі. 1208 тобының студенті Мамирова Айгерим өз кезегінде талқылауға қатысып, кітап туралы өз ойын жеткізе білді. Мұндай кездесулер студенттерді тәрбиелеуде рухани маңыздылығы жоғары және жастарда әдебиетке деген қызығушылығын арттырады.



 2013 жылы 15 ақпанда сағ. 14:50 б.ғ.к., доцент Воронова Н.В. 3 курс студенттерімен (мамандығы «Экология») бірге Дархан Нурпеисовтің аудандық орталығы «Халықтық ІРО» қаржылық істерді реттеу бойынша ҚР Агентігінің төрайымының көмекшісі Д.Ю.Н. дәрісіне қатысты. Дәріс механика-математика факультетінің сары залында өткізілді.