Жаңалықтар

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ !

05.06.2022

2022 жылдың 5 маусымында молекулярлық биология және генетика кафедрасының оқытушысы, б.ғ.д., профессор, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Амангелді Қуанбайұлы Бисенбаев Қазақстан Республикасы Президентінің қолынан "Құрмет" орденімен марапатталды.

Профессор Бисенбаев А.Қ. отандық және шетелдік басылымдарда 250-ден астам ғылыми мақала жариялады, оның ішінде Scopus және Web of Knowledge мәліметтер базасында 18 жарияланым, 4 патенттің, жоғары оқу орындарына арналған 6 оқулықтың авторы. Хирш Индексі – 7. Өзінің ғылыми мектебі бар. Биология ғылымдарының 1 кандидатын, 6 PhD докторын дайындады. ҚР БҒМ 2022-2024 жылдардағы гранттық қаржыландырудың екі ғылыми жобасының ғылыми жетекшісі және орындаушысы.

Бисенбаев А.Қ. ҚР БҒМ "Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуына сіңірген еңбегі үшін" "Ы. Алтынсарин” төсбелгісімен (2018), cондай-ақ, 2007 және 2021 жылдары ҚР БҒМ" Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы "атағының иегері болды.

А.Қ. Бисенбаев 2015-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Ұлттық ғылыми кеңестің мүшесі болды ("Өмір туралы ғылым" басымдығы). 2014 жылдан бастап философия докторы (PhD), "Биология", "Геоботаника" және "Биотехнология"мамандықтары бойынша доктор ғылыми дәрежесін беру үшін диссертациялық кеңестің төрағасы болып табылады.

Бисенбаев А.Қ. "ҚазҰУ Хабаршысы. Биология сериясы" журналының ғылыми редакторы, "ҚР ҰҒА Жаңалықтары биологиялық және медициналық серия" журналының редакция алқасының мүшесі болып табылады.

Ары қарай оқу >>

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ !

04.05.2022

2022 жылдың 4 мамырында молекулярлық биология және генетика кафедрасының оқытушысы – биология ғылымдарының докторы, профессор Колумбаева Сәуле Жанабаевна «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Профессор С.Ж.Колумбаева отандық және шетелдік басылымдарда 200-ден астам ғылыми мақалалар жариялады, оның ішінде Scopus және Web of Knowledge деректер базасында 17 жарияланымы бар. Сонымен қатар, ол 3 патенттің, 8 қорғау құжатының, 2 монографияның және 10 оқу құралының авторы. Хирш индексі – 4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландырудың 6 ғылыми жобасының ғылыми жетекшісі, 6 ғылыми жобаның орындаушысы.

Колумбаева С.Ж. келесі құрметті атақтар мен марапаттардың иегері: «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің үздік оқытушысы. 2008», әл-Фараби Қазақ ұлттық университетінің (75 жылдығына арналған) төс белгісі (2009 ж.). «Жоғары оқу орнының 2011 жылғы үздік оқытушысы» грантының иегері, ғылым мен техниканың дамуына үлес қосқандар ғалым ретінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік стипендиясының иегері. (2017). Колумбаева С.Ж. «ҚазҰУ хабаршысы» журналының бас редакторының орынбасары болып табылады. 2012 жылдан 2019 жылға дейін. БҰҰДБ Жаһандық экологиялық қоры Шағын гранттар бағдарламасының Ұлттық үйлестіру комитетінің мүшесі болды.

Ары қарай оқу >>

Білім мен ғылымның интеграциясы

16.04.2022

Соңғы жылдары жоғары кәсіби білім беру мәселелері өткір талқылануда. Бұл жоғары білікті мамандардың өткір тапшылығына байланысты, себебі ЖОО түлектері алған білімдерін тәжірибеде жиі пайдалана алмайды. Осы мәселені шешудің нақты жолы білім мен ғылымды біріктіру. 2022 жылдың 15 сәуірінде Молекулярлық биология және генетика кафедрасының қызметкерлері Генетика және физиология институтында болды. Сапар барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ведомстволық ҚР БҒМ ҒК бағынысты ғылыми-зерттеу институттары арасындағы Бас келісім аясында ғылым мен білімнің интеграциясы мәселелері талқыланды.

Генетика және физиология институты молекулярлық биология және генетика кафедрасының көпжылдық серіктесі және ділім алушылары үшін тәжірибе базасы болып табылады. Институт ғалымдарнын оқу үрдісіне қатыстыруда, сонымен қатар магистранттар мен докторанттарға бірлесіп білім беруде, кафедра мен институттың ұзақ мерзімді жемісті ынтымақтастығы 2019 ж. Институт базасында молекулалық биология және генетика кафедраның филиалын құруға әкелді. Институттың бас директоры Жүнісова Г.С. Институт қызметкерлерімен бірлесіп оқу бағдарламаларын әзірлеуде және арнайы пәндерден сабақтар жүргізуде кафедрамен бірлесіп жұмыс істеуді жалғастыруға әрдайым дайын екенін білдірді.

Молекулярлық биология және генетика кафедрасының меңгерушісі Жүнісбаева Ж.Қ. «6В05105 – Генетика», «7М05105 – Генетика», «7M05104 – IT-Генетика», «8D05104 – Генетика» білім беру бағдарламаларының мазмұнымен таныстырды, магистратура мен докторантурада оқу бағдарламаларына институтта оқу базасы бар minor-модульдерді енгізуді ұсынды.

Кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Ловинская А.В. биылғы оқу жылында енгізілген білім беру бағдарламаларын әзірлеудегі жаңалықтар туралы айтты. Институт директорының орынбасары Бекманов Б.О. студенттердің зертханалық сабақтарды сапалы өтуін және практикалық дағдылардын меңгеруін қамтамасыз ету үшін кафедраның материалдық-техникалық базасын жақсартуда көмек көрсетуге ниет білдірді. Сондай-ақ, кадр даярлау және PhD-докторлық диссертацияларды қорғау, өндірістік және ғылыми тәжірибені ұйымдастыру, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Генетика және физиология институты директорының орынбасары Бекманов Б.О. негізгі ғылыми бағыттар туралы айта отырып, институт зертханаларына экскурсия жүргізді. Қазіргі уақытта институтта келесі зертханалар жұмыс істеуде: молекулалық генетика, жануарлар генетикасы және цитогенетика, эксперименттік мутагенез, популяциялық генетика, генетикалық мониторинг, орман дақылдарының генетикасы мен репродукциясы, фармакологиялық зерттеулер және т.б. Осы зертханаларда дрозофиланың генетикасы, сүтқоректілердің экологиялық генетикасы, гистофизиологиясы мен генетикасы, нейрогенетика, онкогенетика және адамның молекулалық генетикасы, сүтқоректілер мен өсімдіктердің стресске төзімділігі физиологиясы бойынша зерттеулер жүргізілуде.

Ары қарай оқу >>

ЕҰУ магистранттары ҚазҰУ-да ғылыми тәжірибеден өтуде

02.12.2021

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биология және биотехнология факультеті молекулалық биология және генетика кафедрасында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің «7M05107 - Биология», «7M01513 - Биология» білім беру бағдарламаларының 2-ші курс магистранттары ғылыми тәжірибеден өтуде.

Ары қарай оқу >>

Молекулалық биология және генетика кафедрасының түлектері!

27.05.2021

 

Сіздерді онлайн-форматта өткізілетін жыл сайынғы дәстүрлі Түлектер кездесуіне шақырамыз!

 

Кездесу орны: Zoom платформасы.

Конференцияның жеке куәлігі: 884 1798 5266

Пароль: 123456

 

Кездесу уақыты: 29 мамыр, сағат 12.00.

Байланыс телефондары: +7 707 838 51 17; +7 705 612 45 45

 

Ары қарай оқу >>

«Генетик» және «English club» үйірмесінің жұмысы

30.04.2021

Сәуір айының 30-шы жұлдызында Молекулалық биология және генетика кафедрасының «Генетик» және «English club» үйірмесінің жетекшілері Әліқул А.Б. және Мынбаева Д.О. «Бағаналы жасушаларды зерттеудің заманауи әдістері, Қазіргі медицинаның дамуындағы генетиканың рөлі және Адам геномы және қоршаған орта мутагендері» тақырыбында студенттермен талқылау жұмысын жүргізді.: Абильжанова А., Дженисбаева А.М. және Санатбек А. «Бағаналы жасушаларды зерттеудің заманауи әдістері, Қазіргі медицинаның дамуындағы генетиканың рөлі және Адам геномы және қоршаған орта мутагендері » тақырыбы бойынша студенттер баяндама жасады. Тақырып «Геном», «Қоршаған орта», «Мутагендер», «Бағаналы жасушалар», «Антимутагендер», «Қазіргі заманғы медицина» деген тақырыптар қамтылды. Осы тақырыпқа қатысты студенттер өзінің ой-пікірін білдіріп, кейбір мәселелерді талқылады.

Ары қарай оқу >>

Ашық есік күні!

17.04.2021

Құрметті студенттер!

Сіздерді “Молекулалық биология және генетика кафедрасының Виртуалды ашық есік күніне” шақырамыз! Іс-шара аясында сіздер кафедрамыздың арнайы пәндерімен, пәндерге тіркелу жолдарымен және студенттік өмір туралы ақпаратты үйден шықпай-ақ аласыздар. Виртуалды ашық есік күні 2021 жылдың 19 сәуіріәнде сағат 16.00-де өтеді. Іс-шара бағдарламасымен танысу және оған тіркелу үшін мына сілтеме арқылы өтіңіздер.

--https://teams.microsoft.com/l/meetup-join/19%3a1611ec69965d40e39117854d6237b7c1%40thread.tacv2/1618635727110?context=%7b%22Tid%22%3a%22b0ab71a5-75b1-4d65-81f7-f479b4978d7b%22%2c%22Oid%22%3a%22525b78a0-94fb-4d67-932b-d068684921df%22%7d

Сіздермен кездесуді асыға күтеміз!

Ары қарай оқу >>

«Covid19: общее влияние на Казахстан. Вакцинация как решение данной проблемы» тақырыбында эдвайзерлік сағат

25.03.2021

2021 жылы 25 наурызда «Covid19: общее влияние на Казахстан. Вакцинация как решение данной проблемы» тақырыбында эдвайзерлік сағат өткізілді. Ұйымдастырушылар «6В05105 – Генетика» мамандығының 2 курс студенттері, топ эдвайзері Мынбаева Д.О. вакцинация мәселесін, оның жалпы мағынасында мәнін түсіну бағытында талқылаулар жүргізді. Сонымен қатар бүкіл әлемдегі, атап айтқанда, Қазақстан қалаларындағы науқас адамдардың статистикасына көп көңіл бөлінді. Іс-шараға Молекулалық биология және генетика кафедрасының оқытушылары, б.ғ.к. Алтыбаева Н.А., оқытушы Сербаева А.Д., оқытушы Әліқул А.Б. қатысты. Вирус жоғары жылдамдықпен мутацияға ұшырайтындықтан, студенттер вакцина жасау кезеңдеріне және олардың болашақта тиімділігіне қатысты маңызды сұрақтарды көтерді.

Мынбаева Д.О.

Ары қарай оқу >>