«УНИВЕРСИТЕТ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚАЖЕТТІ АЛҒЫШАРТЫ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

20.01.2023

Көрулер: 546

20-21 қаңтар күндері әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде «Университет ғылымының дамуы Қазақстанның инновациялық дамуының қажетті алғышарты»атты ғылыми-практикалық конференция өткізілуде. Конференцияда университеттегі барлық жаратылыстану факультеттерінде жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері «Ғылыми-инновациялық жобалар көрмесінде» таныстылды. Осы көрмеге биология және биотехнология факультетінің молекулалық биология және генетика кафедрасының профессоры, б.ғ.д., ҚР ҰҒА академигі Бисенбаев А.Қ. «Бекіре тұқымдас балықтарды емдеуге арналған бактерияға қарсы препараттар» атты ғылыми жұмысының нәтижелерімен қатысуда.

 

 

 

 

Осы конференция аясында өткізіліп жатқан «Студенттердің зерттеу жұмысын ұйымдастыру» секциясында кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, PhD Ловинская А.В. «Іргелі ғылыми білім – студенттің қолданбалы зерттеулерінің негізі» атты баяндама жасады.

 


 

Университеттегі ғылыми зерттеу жұмыстары өте маңызды, өйткені, ол әлемнің ең үздік ғалымдарымен бәсекеге түсуге, соңғы ғылыми әдебиеттерді зерделеуге және заманауи зерттеу әдістерін меңгеруге қосатын пайдасы зор. Жоғары оқу орындарында ғылыми инфрақұрылымның болуы – ғылыми зерттеулерде тәжірибесі бар және күрделі мәселелерді шешу үшін ғылыми әдісті және басқа да зерттеу әдістерін қолдана алатын жоғары білімді докторлар мен магистрлерді, сондай-ақ бакалаврларды дайындауға мүмкіндік береді. Сондықтан, жетекші жоғары оқу орындары озық ғылыми зерттеулер жүргізуге үлкен мән береді.

 

Кафедрасының аға оқытушысы, б.ғ.к. Ыргынбаева Ш.М.