«Шағатай тіліндегі мәтіндерді оқу және зерттеу әдістері» атты тақырыпта халықаралық ғылыми-практикалық семинары

 

«Шағатай тіліндегі мәтіндерді оқу және зерттеу әдістері» атты тақырыпта халықаралық ғылыми-практикалық семинары

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің Түрксой орталығы, ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы және Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасына қарасты Имамдардың білімін жетілдіру институты бірлесе отырып 2017 ж.16-28 қазан аралығында «Шағатай тіліндегі мәтіндерді оқу және зерттеу әдістері» атты тақырыпта халықаралық ғылыми-практикалық семинар өткізді. Аталмыш семинар Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасының арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың  орнауына 25 жыл толуына орай және ҚР президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында шағатай тіліндегі қолжазбалар мен сирек басылымдарды оқып-зерттеу мәселелеріне арналды.

Семинарды өткізуге Жумһуриет университетінің (Түркия, Сивас) профессоры қолжазбалар бойынша сирек маман Билал Южел мырза Қазақстанға арнайы шақырылды. Профессор Билал Южел мырза ұзақ жылдардан бері хорезем, қыпшақ, шағатай және ескі анадолы, осман тіліндегі қолжазбаларды зерттеумен, ғылыми еңбектер, мақалалар жариялаумен айналысады. Аталған салада тұңғыш рет өткізілген семинар барысында сондай-ақ Мақсұт Шафиғи, Ислам Жеменей және т.б. бірнеше отандық белгілі қолжазба зерттеуші мамандар дәріс беріп, ұзақ жылғы тәжірибелерімен бөлісті.

 

 

Басылым күні :  16.11.2020