Доктор Надир Илханның «Тарихи мәтінтанудағы әдістемесі» атты онлайн-семинары

 

Доктор Надир Илханның «Тарихи мәтінтанудағы әдістемесі» атты семинары

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасы мен «Жазба жәдігер және Рухани мұра» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастырған кезекті семинардың қонағы –  Кыршехир Ахи Евран университетінің Өнер және Ғылым факультетінің деканы Түрік тілі мен әдебиеті кафедрасы проф. Доктор Надир ИЛХАН.   Құрметті қонағымыз 2021 жылы 23 сәуірде «Тарихи мәтінтанудағы әдістемесі» атты тақырыбында кафедра студенттері, магистранттары мен докторанттарына онлайн-семинар өткізді.

Семинар барысында тарихи мәтін тұжырымдамасына баса назар аударылып, түрік тілінің әртүрлі алфавиттермен жазылған ортақ тарихи мәтіндері туралы жалпы мәліметтер берілді.

Сондай-ақ, Надир Илхан түркі тілдер тарихи мәтін жинақтау жағынан әлемдегі ең бай тілдердің бірі екендігі және жүз елу жыл бұрынғы тарихи мәтіндері жоқ халықтар бар екендігі даусыз факт екенін айтты. Түркі тілдерінің ежелгі дәуірден бастап әр түрлі алфавитпен жазылған бай мұрасы бар, әрі қолжазбаларды белгілі бір орталықтарда жинаудың маңыздылығына назар аударуымыз керектігін айтты.

Семинардың соңында Түрксой кафедрасының меңгерушісі PhD У. Т. Кыдырбаева факультет ұжымы атынан алғыс білдірді.

https://fef.ahievran.edu.tr/index.php/2011-08-28-14-27-07/2011-08-28-14-27-12/422-dekanimiz-prof-dr-nadir-ilhan-al-farabi-kazak-ulusal-universitesi-turksoy-bolumunun-organize-ettigi-turkoloji-seminerleri-dizisine-cevrim-ici-seminerle-katildi

Түрксой кафедрасының оқытушысы Кайранбаева Н.Н.



Басылым күні :  15.05.2021