Дулат Исабековтың ҚазҰУ-дағы көшбасшылық дәрісі
23.11.2022Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев мырзаның бастамасымен Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Еңбек ері, жазушы Дулат Исабековтің ҚазҰУ-дағы көшбасшылық дәрісі өтті. Ректор Дулат Исабековке университеттің "Құрметті профессор" атағын тапсырды.






