Жаңалықтар

Наурыз мейрамы

17.04.2019

13 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Наурыз мейрамы тойланды . Әр факультет өздерінің киіз үйлерін тікті. Механика-математика факультетінің тіккен киіз үйі «MATEMATIKTER AÝYLY» деп аталды. 

Ары қарай оқу >>

Механика пәндері бойынша Республикалық олимпиада

15.04.2019

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де 27-29 наурыз аралығында механика кафедрасының ұйымдастыруымен студенттер арасында механика пәндері бойынша XI Республикалық студенттік олимпиада өтті. Студенттік олимпиадаға еліміздің жоғарғы оқу орнындарынан 31 студент қатысты. Атап айтсақ, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен - 23 студент, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінен 3 студент және Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық ғылыми-зерттеу институтынан 5 студент қатысты. 

Ары қарай оқу >>

Литва профессорларының іс сапары

15.04.2019

ERASMUS+ бағдарламасы бойынша 2019 жылдың 1 сәуірі мен 4 сәуірі аралығында механика кафедрасына Литваның Гедиминас атындағы Вильнюс техникалық университетінің профессорлары Dr. Edgar Sokolovskij мен Dr. Jonas Matijošius іс сапармен келді.

Ары қарай оқу >>

Польшаның AGH Технология және ғылым университетіндегі магистранттардың ғылыми-зерттеу тағылымдамасы

12.04.2019

Механика-математика факультеті механика мамандығының магистранттары – Азамат Асқар, Әбілқас Ақмаржан, Болысбек Дәрежат және Ердеш Елнар AGH Technology and Science университетінде (Краков, Польша) «Modern methods in design and manufacturing of machines» бағдарламасы бойынша шетелдік тағылымдамадан өтті. 

Ары қарай оқу >>

Хабарландыру!

12.04.2019

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультеті механика кафедрасының бірінші курс докторанттары "Айналаңды нұрландыр" атты инновациялық бағдарламасы аясында 14-сәуір күні «Фурманов шыңы» бағыты бойынша экологиялық сенбілік ұйымдастырады.

Ары қарай оқу >>

Аналар мерекесі қарсаңында ашық тәрбие сағаты өтті

08.04.2019

Механика кафедрасының бірінші курс докторанттары Г.Айдашева мен Б. Ахметова куратор-эдвайзер О.Байысбаеваның жетекшілігімен докторанттарға арналған педагогикалық практика аясында «Ана бақыты - балада!» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізді. 

Ары қарай оқу >>

Хабарландыру!

25.03.2019

27-29 наурыз аралығында механика кафедрасы студенттер арасында механика пәндері бойынша Республикалық олимпиада өткізеді.  

Ары қарай оқу >>

«Ғарыштық техника және технология» мамандығының студенттері «Тайбурыл» қоғамдық бірлестігінің стипендиясын жеңіп алды!

15.03.2019

2018 жылдың қараша айында «Тайбурыл» Қоғамдық бірлестігі «Білім беруді қолдау» бағдарламасы бойынша «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ның «Тағылымдамасына» байкау жариялады.

Ары қарай оқу >>

Профессор З.Б.Ракишева Польшаның AGH ғылыми-техникалық университетінде өткен көрмеге қатысты

13.03.2019

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультеті механика кафедрасының меңгерушісі, профессор Зауре Ракишева Польшаның AGH ғылыми-техникалық университетінде өткен Erasmus+ бағдарламасының әкімшілік қызметкерлеріне арналған алғашқы халықаралық апталығына қатысып қайтты. 

Ары қарай оқу >>

Механика кафедрасының командалары жеңімпаз атанды!

27.02.2019

22.02.2019 жылы 6 жатақханадағы Студенттік Кеңес және Іргелі Математика кафедрасының ұйымдастыруымен "Қызыққа толы Мех-Мат" атты іс шарасы өткізілді. Аталмыш іс шараға механика-математика факультетіндегі мамандықтардың 1 курс студенттерінен құралған 5 команда қатысты. 

Ары қарай оқу >>