Механика пәндері бойынша Республикалық олимпиада
Көрулер: 2109
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де 27-29 наурыз аралығында механика кафедрасының ұйымдастыруымен студенттер арасында механика пәндері бойынша XI Республикалық студенттік олимпиада өтті. Студенттік олимпиадаға еліміздің жоғарғы оқу орнындарынан 31 студент қатысты. Атап айтсақ, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен - 23 студент, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінен 3 студент және Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық ғылыми-зерттеу институтынан 5 студент қатысты. «5В060300-Механика» мамандығы бойынша пәндік олимпиада жұмыстарын қарастыра отырып, комиссия мүшелері келесі студенттерді марапаттауға ұсынды:
Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің I дәрежелі Дипломымен
- Амангелді Азат Асқарұлы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 3-курс студенті;
Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің II дәрежелі Дипломымен
- Байгарина Ақерке Сабыржанқызы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 3-курс студенті;
- Качкинова Азиза Кенжебаевна, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 2-курс студенті;
Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің III дәрежелі Дипломымен
- Толеков Бекзат Сәлімұлы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 2-курс студенті.
- Калимуллаева Дина Аскаровна, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің 2-курс студенті;
- Есмұхамбетова Дина Ерлановна, Қ.И. Сатбаев атындағы ҚазҰТЗУ-нің 2-курс студенті.
Механика кафедрасы
Туралина Д.Е.