Жаңалықтар

Хабарландыру!

22.10.2019

Сенбі күні, яғни 26.10.2019 ж. сағат 9.00-14.00 аралығында механика кафедрасының ұйымдастыруымен ҚазҰУ спорт кешенінде Механика кафедрасының 85-жылдығы қарсаңында «Шапшаң, биік, әрі күшті!» атты спорт жарысы өтеді. Жарыс спорттың келесі түрлері бойынша өтеді: волейбол, футбол, теннис, шахмат, нарда, тоғыз-құмалақ, арқан тартыс, асық ату. Спорттық жарысқа механика кафедрасының студенттері мен оқытушылары қатысады

Ары қарай оқу >>

Біздің студенттер - бизнес идеялар конкурсының жеңімпаздары!

15.10.2019

Қазан айының 10-12 аралығында бүкіл әлемде #Erasmus Days 2019 хэштегімен әлемдік ауқымдағы іс-шараны қолдауға арналған «Erasmus Day» өтті.

Эразмус+ – білім беру, кәсіптік оқыту, жастар саясаты және спорт жүйесін жаңғырту мен тұрақты дамытуға бағытталған Еуропалық Одақтың бағдарламасы.

11.10.2019 ж. Алматы энергетика және байланыс  университетінің (АЭБУ) ұйымдастыруымен  өткен #Erasmus Day атты студенттер арасындағы бизнес идеялар конкурсына 14 команда қатысты. Осы байқауға әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика-математика  факультеті механика кафедрасының FLYUP Group стартап компаниясының командасы да  «SMART TABLE» жобасымен қатысып, екінші орынға ие болды.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің командасы Қытайдың Сиань қаласында өткен Жібек жолы робототехникалық байқауына қатысты

21.09.2019

ҚазҰУ командасы 2019 жылы Қытайдың Сиань қаласында өткен Жібек жолының робототехникадағы инновациялары байқауына (SRRIC) қатысып, Дипломмен марапатталды.

Бұл байқауға ҚазҰУ командасы, профессор Ж.Байгунчековтың жетекшілігімен, «Robot Humanoid Ai-Gerim» жобасын ұсынды.

Механика кафедрасының оқытушылары (Б. Аманов пен Б. Сағитжанов) және студенттері (Азиль Заманбек пен Рахымжан Заңғар) құрастырған Гуманоид робот әлеуметтік робот болып табылады. Ол физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдарға жұмысқа орналасуда көмектесетін бірқатар функцияларды орындайды . «Айгерім» роботының ерекшеліктері - дизайнның қарапайымдылығы, бағасының арзандығы және Wi-Fi байланысы арқылы мүмкіндіктері шектеулі оператор-адамдардың қашықтықтан басқара алуында.

Ары қарай оқу >>

«QS World Wide -2019» Халықаралық форумы өтті

21.09.2019

Қыркүйек айының 17-21 аралығында біздің университетімізде «Адами мұра және жоғары технологиялар үйлесімі негізінде жетілу» тақырыбында QS World Wide халықаралық форумы өтті. Аталған форум ғылым мен жоғары білім беру саласындағы озық тәжірибелермен алмасу және тарату бойынша әлемдегі бірегей және ірі платформа болып табылады. Осы Форум аясында Малайзияның ПЕТРОНАС технология университетінің (UTP) профессоры Ханита Дауд бастаған ғалымдары механика-математика факультетінде зертханаларды аралап, білім - ғылым саласында ақпараттармен алмасты.

Ары қарай оқу >>

Зарина Туртаева докторанттарға арналған «Абай – Верн» бағдарламасының стипендиясын иеленді!

13.09.2019

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика-математика факультеті механика кафедрасының 2-курс магистранты Зарина Туртаева докторлық бағдарлама бойынша «Абай – Верн» бағдарламасының стипендиясын жеңіп алды.

«Абай – Верн» стипендиялық бағдарламасының қабылдау комиссиясы магистратуға 90, докторантураға 10 кандидаттарды мақұлдады. Докторанттық бағдарлама бойынша жеңімпаздар 36 ай бойы ай сайын 1200 еуро көлемінде стипендия, сондай-ақ осы уақыт аралығында тегін білім алатын болады. Олар мемлекеттік жоғары оқу орындарында тіркеу жарнасын төлеуден босатылады, ұзақ мерзімді тегін визаға және студенттер жатақханаларында орындар бөлінгенде басымдыққа ие болады.

Ары қарай оқу >>

PPA - KazSEE рейтингінің нәтижелері

02.09.2019

2019 ж. Қазақстан инженерлік білім ассоциациясының Республикалық рейтинг агенттігі (RRA-KazSEE) өткізген «Қазақстан-2050 - Инновация және академиялық шеберлік бойынша Ұлттық рейтинг» университеттер мен білім беру бағдарламаларының рейтингісінің нәтижелері бойынша  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті келесі білім беру бағдарламалары бойынша бірінші орындарға ие болды

  • ·         5В074600 – Ғарыштық техника және технологиялар 
  • ·         6М074600 - Ғарыштық техника және технологиялар
  • ·         6D074600 - Ғарыштық техника және технологиялар.

Ары қарай оқу >>

PPA - KazSEE рейтингінің нәтижелері

02.09.2019

2019 ж. Қазақстан инженерлік білім ассоциациясының Республикалық рейтинг агенттігі (RRA-KazSEE) өткізген «Қазақстан-2050 - Инновация және академиялық шеберлік бойынша Ұлттық рейтинг» университеттер мен білім беру бағдарламаларының рейтингісінің нәтижелері бойынша  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті келесі білім беру бағдарламалары бойынша бірінші орындарға ие болды

  • ·         5В060300-Механика
  • ·         6М060300-Механика
  • ·         6D060300-Механика

Ары қарай оқу >>

Профессор З.Б.Ракишева мараптталды

28.05.2019

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 85 жылдығы қарсаңында механика – математика факультеті механика кафедрасының меңгерушісі ф.-м.ғ.к, профессор Зауре Баяновна Ракишева білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ведомстволық наградасы «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісімен марапатталды.

Ары қарай оқу >>