Профессор З.Б.Ракишева Польшаның AGH ғылыми-техникалық университетінде өткен көрмеге қатысты

13.03.2019

Көрулер: 2016

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультеті механика кафедрасының меңгерушісі, профессор Зауре Ракишева Польшаның AGH ғылыми-техникалық университетінде өткен Erasmus+ бағдарламасының әкімшілік қызметкерлеріне арналған алғашқы халықаралық апталығына қатысып қайтты.

Халықаралық апталық аясында шетелде білім алуға арналған көрме ұйымдастырылды. Аталған көрмеде З.Б. Ракишева Польша студенттерін біздің университетімізбен таныстырды.

 

Механика кафедрасы