Білім мен мәдениетті ұштастыру: театр этикеті туралы сабақ
07.03.2024«Механика және энергетика» мамандығының 1 курс магистранттарының педагогикалық практикасы аясында Муталипова Камила мен Токтарова Айжан «Механика» мамандығының 2 курс бакалавриат студенттеріне «Театр әдебі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Дәрісте театрға бару әдебі жан-жақты талқыланып, қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережелері туралы қысқаша нұсқаулар жазылған брошюралар да таратылды.