Іс-шаралар

 

 


2019

 


 

 

Докторанттар «Ар-намыс кодексі» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді

«Механика» кафедрасының докторанттары Жолдасов Е.Н., Нуруллаев Н.М. педагогикалық практика аясында «Ар-намыс кодексі» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатына «Механика», «Робототехникалық жүйелер», «Ғарыштық техника және технологиялар» мамандықтарында оқитын 200 – ге жуық 1 курстың студенттері қатысты.

Тәрбие сағаты барысында докторанттар Жолдасов Е.Н., Нуруллаев Н.М. және куратор-эдвайзер Б. Сағитжанов алдағы қорытынды бақылауда 1 курс студенттеріне сәттілік тілеп, ҚазҰУ студентінің ар-намыс кодексін, емтихан ережелерін сақтау керектігін ескертті.

09.12.2019

   

«Цифрлық Қазақстан» тақырыбында ашық кураторлық сағат

Педагогикалық практика аясында механика кафедрасының магистранты Д. Бекмуканбетова Д. «Цифрлық Қазақстан» тақырыбында ашық кураторлық сағатын өткізді. Кураторлық сағатқа «Механика» мамандығының 3 курс студенттері қатысты. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының маңыздылығы мен негізгі міндеттері түсіндірілді.

Ашық кураторлық сағат барысында студенттерге сандық технологиялардың көмегімен оңтайлы шешім табу қажет болатын түрлі өмірлік жағдайлар таныстырылды. Қорытындылай келе студенттер «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының оң және теріс жақтарын атап өту үшін екі топқа бөлінді. Кураторлық сағатқа механика кафедрасының оқытушылары да қатысты.

29.11.2019

 



2018

 


 

 

 

"Махаббат - өмір өзегі" атты ашық тәрбие сағаты

Механика кафедрасының 1 курс докторанттары Тукешова Г., Меркибаева Б. және Кайыров Р. педагогикалық практика аясында "Махаббат - өмір өзегі" тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізді(11.04.2019) . Кураторлық сағатқа "Механика" мамандығының 2 курс студенттері, қатысты. Үш командаға бөлінген студенттер арасында сайыс өтті. Әр команда "Ата-анаға деген құрмет пен махаббат", "Досқа деген құрмет пен махаббат" және "Қыз бен жігіт махаббаты " деген тақырыптар бойынша көріністер көрсету арқылы тақырыпты ашуға тырысты. Барлығы бірге "Ханшайымым" әнін орындады. Сабақ соңында студенттер алғыс хаттармен марапатталды. Кураторлық сағатқа механика кафедрасының оқытушылары қатысты.

29.04.2019


 

«Қазақ ұлттық ойындары» тақырыбында ашық сабақ өтті 

13 сәуірде, педагогикалық практика аясында, механика кафедрасының бірінші курс докторанттарының Далабаева А.Т., Шакир Е., Баймбетов Д.Б. ұйымдастыруымен «Қазақ ұлттық ойындарының заманауи дамуы» атты ашық сабақ өткізілді. Кураторлық сабаққа «Механика» мамандығының 3 курс студенттері қатысты. Ақпарат презентация түрінде ұсынылды, сабақтың соңында «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойынынан байқау өтті. Қонақтар ретінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінің механика кафедрасының оқытушылары, психологтар, басқа топтың студенттері, докторанттар мен оқытушылар шақырылды.

 

26.04.2019

 

Наурыз мейрамы

13 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Наурыз мейрамы тойланды . Әр факультет өздерінің киіз үйлерін тікті. Механика-математика факультетінің тіккен киіз үйі «MATEMATIKTER AÝYLY» деп аталды. Факультеттің құрметті қонақтары, профессорлары , оқытушылары және студенттеріне арнап дастархан жайылды. Наурыз көже таратылды. Ән айтылып, күй тартылды. Ақсақалдар бата беріп, тілек тіледі. Механика кафедрасының ұжымы наурыз мерекесіне қатысып, ауыз біршілік танытты. Мереке жақсы өтті.

 

22.04.2019

 

Экологиялық сенбілік

Механика кафедрасының бірінші курс докторанттары университетіміздің "Айналаңды нұрландыр" атты инновациялық бағдарламасы аясында 14-сәуір күні «Фурманов шыңы» бағыты бойынша экологиялық сенбілік ұйымдастырды. Тауды қоқыстардан тазартты. Бұл акцияға Францияның Нанси университетінен (Nansy-Universite) келген профессор Оливие Ботелла да қатысты.

Біздің осындай әсем жерлеріміздің табиғатын сақтап қалу, қоршаған ортаны қорғау, тазалығын қадағалау әр-бір саналы азаматтың парызы деп білеміз.

Егер әр адам осындай экологиялық сенбіліктерге кем дегенде бір рет қатысса, онда ол екінші рет қоқыс тастамас па еді, қоршаған ортаны ластамас па еді. Осындай үмітпен барлық Қазақстан Республикасының ЖОО студенттерін экологиялық сенбілікті қолдауға шақырамыз. Салауатты өмір салты мен ерік-жігерді шыңдауға, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бұл шара одан әрі қолдауын табады деген сенімдеміз!

Табиғат жанашыры болайық. «Экологиялық сенбілік» эстафетасын жалғастырайық!

 

19.04.2019


 

«Жердің экологиялық мәселелері»  атты  ашық тәрбие сағаты

Механика кафедрасының бірінші курс докторанттары Босинов Д.Ж., Кутимов Қ.С., Ембергенова Д.Б. куратор-эдвайзер Туралина Д.Е. жетекшілігімен “Азаматтық қайырымдылық қоғамды қалыптастыру”, инновациялық  жобасы аясында, «Экологиялық мәселелер» тақырыбында ашық тәрбиелік сабақ өткізді. Ашық сабаққа  «Механика» мамандығындағы мех 2a, 2б, тобының 1- курс студенттері қатысты. Студенттер «Төле би»  атты көрініс көрсетті. Экологиялық мәселелер  туралы баяндама жасады, гитарада ойнап, барлығы қосылып бірге «Атамекен» әнін орындады.

 

12.04.2019

 

22-Наурыз мерекесіне орай ашық тәрбие сағаты өтті

Механика кафедрасының бірінші курс докторанттары Кушекбай А., Бижанова С және Жұмабек Т. куратор-эдвайзер А.Исмаилованың жетекшілігімен докторанттарға арналған педагогикалық практика аясында «Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз!» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағатқа «Механика» мамандығының бакалавр 1- курс студенттері қатысты. Студенттер «Күй тартыс»  атты сахналық көрініс көрсетті. Наурыз туралы өлеңдер оқып, домбыра ойнап, қол күрестірді. Барлығы бірге «Наурыз» әнін орындады.

 

2.04.2019

 

Аналар мерекесі қарсаңында ашық тәрбие сағаты өтті

Механика кафедрасының бірінші курс докторанттары Г.Айдашева мен Б. Ахметова куратор-эдвайзер О.Байысбаеваның жетекшілігімен докторанттарға арналған педагогикалық практика аясында «Ана бақыты - балада!» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағатқа «Механика» мамандығындағы мех 18-3 тобының 1- курс студенттері қатысты. Студенттер «Соқыр ана»  атты сахналық көрініс көрсетті. Аналар туралы монологтарды оқып, домбыра ойнады, барлығы бірге «Ана туралы жыр» әнін орындады.

 

12.03.2019

 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған ашық тәрбие сағаты өтті !

Механика кафедрасының куратор-эдвайзері А.К.Сахаеваның жетекшілігімен «Тәуелсіздік тынысы» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізілді. Кураторлық сағатқа «Ғарыштық техника және технология» мамандығының 1- курс студенттері қатысты. Желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков туралы «Қайсар рухты Қайрат!» атты сахналық қойылым көрсетті. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жолындағы тарихы еске алынып, 1986 жылы «Желтоқсан» көтерілісі туралы монологтар оқылды, барлығы бірге «Желтоқсан желі» әнін орындады.

 

 19.12.2018

 

Механика кафедрасының  ұйымдастыруымен  №8 жатақхана маңындағы спорт алаңдарында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Шапшаң, күшті, биік!» деп аталатын спорттық жарыс өтті. Бұл жарыс спорттың  сегіз түрінен (футбол, волейбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат, арқан тартыс, бадминтон, қол күресі)  студенттер арасында жарыс өтті. Спорттық жарысқа  №6 және №8 жатақхана студенттері, механика мамандығы бойынша оқитын (барлығы  жүзден аса) студенттер, магистранттар, докторанттар және механика кафедрасының эдвайзерлері қатысты. Жарысқа футболдан 10 команда, волейболдан  4 команда, тенниске 20 студент, шахматқа 16 студент, тоғызқұмалаққа 7 студент, арқан тартысқа  4 команда, қол күреске 20 студент, бадминтонға 13 студент қатысты.

 

31.10.2018

 

 

 

Механика кафедрасының профессорлар мен оқытушлар құрамы және студенттер наурыз мерекесінде. 21 сәуір 2018 жыл.

 

 

21.04.2018

Механика-математика факультетінде COMSATS ақпараттық технологиялар институтының өкілдерімен кездесу өтті. Институт құрылымымен, білім беру бағдарламасы таныстырылды, ынтымақтастық мәселелері талқыланды, сондай-ақ магистранттарға, докторанттарға, пост-докторанттарға және профессор-оқытушылар құрамы үшін стипендия алуға мүмкіндіктері айтылды. «Механика» мамандығының магистранттары мен докторанттары институттың тәрбиелік және қоғамдық өмірін белсенді түрде талқылады, сұрақтар қойылып, өзара ақпараттармен алмасты.

 

 

 

6.04.2018

 

Механика кафедрасының докторанты Б.А. Берденова әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың білім беру бағдарламасы бойынша жазда екі айлык (10.06.2017-15.08.2017) ғылыми тағылымдамадан өтті. Ол шетелдік ғылыми жетекшiсi профессор Б.Б. Саханын лабораториясында (Кюсю университетінiн   көміртегі-бейтарап энергетикалық зерттеулердің халықаралық институтында (WPI-I2CNER), Фукуока каласы, Жапония) тәжірибелік зерттеу жұмыстарын жүргізіді. Зертханада жүргізілген ғылыми семинарларға қатысып, жұмысының барысы туралы презентациялар жасап, баяндады.

Докторлық диссертациясының тақырыбы «Энергия сақтау және салқындату жүйелерінің жоғары тиімді әдістеріне арналған негізгі және композит белсендірілген көмірдің адсорбциялық сипаттамаларын зерттеу».

 

14.03.2018

 

 Механика кафедрасының үшінші курс PhD докторанты Жылқыбаева Салтанат 2017 жылдың көктем айында шетелдік ғылыми тағылымдамасын АҚШ-та Бриджпорт университетінде (Бриджпорт қ., Коннектикут штаты) өткізді. Отандық және шетелдік ғылыми консультанттарының – т.ғ.д, профессор М. Утенов пен профессор T. Sobh бірлескен жетекшілігімен жасаған зерттеу жұмыстары «Роботты-техникалық жүйелердің беріктігі мен қатаңдығын тарқалған динамикалық жүктемелерді есепке алумен жобалауға есептеу әдістемесін жасау» тақырыбында атқарылды. Ғылыми тағылымдама барысында Жылқыбаева Салтанат Бриджпорт университеті негізіндегі RISC Lab манипуляторлары мен роботтарының құрылысын зерттеп, оларды басқару теорияларымен жақын танысты.

 

03.03.2018

 

МЕХАНИКА КАФЕДРАСЫ МАГИСТРАНТТАРЫНЫҢ

ШЕТЕЛДІК ТАҒЫЛЫМДАМАСЫ

 

Осы жазда механика кафедрасының магистранттары (Қуан Мақпал, Қазақбай Гауһар, Сапарова Балжан, Абилов Айдархан, Аманбай Мадияр, Бердіхалық Арман, Ибырханов Темірлан, Калыкова Гулназ, Мырзабек Гулназ, Никитина Юлия, Разуваева Татьяна, Сакташова Гулзат, Салаватов Темирлан) «Энергияны сақтау және геоэнергетика» жазғы оқу бағдарламасы бойынша Польшаның Краков қаласындағы AGH ғылыми-техникалық университетінде шетелдік тағылымдамадан өтті.

Екі апта аралығында (26.06.2017-07.07.2017) таңертеңгі 8.00 - ден кешкі 18.00-ге дейін AGH университетінің профессорлары Войчех Нова, Станислав Наги, PhD, доктор Томаш Члива, PhD доктор Станислав Лучинский сияқты жетекші профессорлары мен мамандарының дәрістерін тыңдады. Дәріс тақырыптары өнеркәсіптегі энергияны сақтау негіздері, жер асты табиғи газы және сутегіні сақтау, геотермалдық жүйелер мен ұңғымалық жылу алмастырғыштар, жер қыртысындағы сұйықтықты өлшеу және тау жыныстарының қасиеттерін анықтау сияқты кең ауқымды мәселелерді қамтыды. 

 

14.02.2018

 

 

9.02.18 күні, Механика-математика факультетінде,  Томас Мор Университетінің (Бельгия) ғалымдары  Stijn Coenen, Geert Van den Eijnden, Dirk Van Merode Эразмус + халықаралық бағдарламасы шеңберінде  «Applied curricula in space exploration and intelligent robotic systems - APPLE» жобасы бойынша шеберлік сабақтарын «Кәсіпкерлік және коммуникация»,  «Basys3 және Vivado көмегімен VHDL бағдарламалауға  кіріспе» тақырыптарында өткізді. «Кәсіпкерлік және коммуникация» мастер-класының қорытындысы бойынша  «Үздік бастау идеясы және оны іске асыру» тақырыбында конкурс өткізілді, конкурста студенттер, магистранттар өздерінің жаңа идеяларын ұсынды. Сондай-ақ, Барлық студенттер, магистранттар және оқытушылар мастер-кластарға қатысқаны туралы сертификаттармен марапатталды. 

 

9.02.2018

 

Механика-математика факультетінде 6.02.18-9.02.18 аралығында Томас Мор Университетінің (Бельгия) ғалымдары  Stijn Coenen, Geert Van den Eijnden, Dirk Van Merode Эразмус + халықаралық бағдарламасы шеңберінде  «Applied curricula in space exploration and intelligent robotic systems - APPLE» жобасы бойынша шеберлік сабақтарын «Кәсіпкерлік және коммуникация»,  «Basys3 және Vivado көмегімен VHDL бағдарламалауға  кіріспе» тақырыптарында өткізді.

Мастер-классқа «Ғарыштық техника және технологиялар» мамандығының студенттері мен магистранттары, сондай-ақ ҚазҰТУ және АЭжБУ оқытушылары мен студенттері қатысты.

 

6.02.18-9.02.18

 

 

 



2017

 


 

 

 

 

 

 

Механика кафедрасының ұйымдастырумен Premier-Hall ресторанында механика – математика факультеті 2018 Жаңа жылды қарсы алды. 

 

26.12.2017

 

 

 

«Механика» мамандығының 2 курс орыс бөлімі студенттерімен бірге Медеу мұз айдынына барып сырғанап қайтты. Ұйымдастырушылар: педагогикалық практика жетекшісі Туралина Д.Е.,  магистрант-практикант Рахимбекова А., эдвайзер Еспаев Б.А.

 

 

13.12.2017

 

 

 

«Ғарыштық техника және  технологиялар» мамандығының студенттері Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ – дың биологиялық мұражайына барды.

Ұйымдастырушылар: педагогикалық практика жетекшісі Туралина Д.Е., эдвайзерлер Маемерова Г.М., Ляззат Жанболат, магистрант-практиканттар  Көшербай А., Мусаева Зере.

 

5.12.2017

 

 

 

 

«Механика» мамандығының 2, 3 курс орыс бөлімі студенттерімен бірге Ә.Қастеев атындағы Қазақ Мемлекеттік өнер мұражайымен таныстыру мақсатында мәдени іс-шара жүргізді.

Ұйымдастырушылар: педагогикалық практика жетекшісі Туралина Д.Е., 2 курс эдвайзері Еспаев Б.А., 3 курс эдвайзері Беляев Е., магистранттар Рахимбекова Айдана, Сапарова Балжан.

 

4.12.2017

 

 

 

 

«Механика» мамандығының 2 курс студенттерімен бірге М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрына «Бейбарыс Сұлтан» қойылымына барды.

Ұйымдастырушы: педагогикалық практика жетекшісі Туралина Д.Е.,  2 курс эдвайзері Ногайбаева М., магистрант Қаметқанова Айжан.

 

30.11.2017

 

 

 

Ғарыштық техника және технологиялар мамандығының 2 және 3 курс студенттеріне "Жас мамандық – жарқын болашақ" атты ашық эдвайзерлік сабақ өткізілді. Студенттерге «Ғарыштық техника және технологиялар» мамандығы, Қазақстан үшін бұл мамандықтың маңыздылығы туралы ақпараттар берілді.

Сабаққа қатысқандар: Механика кафедрасы меңгерушісі Ракишева З.Б., Механика кафедрасы меңгерушісінің оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Туралина Д.Е.,  механика кафедрасы оқытушылары Джамалов Н.К., Досжан Н.С., Мухамедгали А., Қасым С.Б., Қуан М.

Ұйымдастырушылар: Механика кафедрасы меңгерушісінің оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Туралина Д.Е., куратор-эдвайзерлер Маемерова Г.М., Лязат Ж., магистранттар Кошербаева А.Б., Мусаева З.Ш.

 

27.11.2017

 

 

 

 

«Механика» мамандығының 2, 4 курс қазақ бөлімі студенттерін Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауымен таныстыру мақсатында "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты ашық эдвайзерлік сабақ өткізілді. Студенттерді рухани жаңғыру бағдарламасымен, бағдарламаның басым бағыттары мен міндеттерімен таныстырып, ой бөлісті. Сонымен қатар  «Назарбаев моделі» атты кітаптың  алғашқы шығарылымымен таныстырылды.

Ұйымдастырушылар: Механика кафедрасы меңгерушісінің оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Туралина Д.Е., эдвайзер Алибаева Қ., магистрант-практиканттар Азимбаев Азтай, Қазақбай Гаухар, Қуан Мақпал.

 

22.11.2017

 

 

 Механика кафедрасы меңгерушісінің оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Туралина Д.Е. және механика кафедрасы 2-курс PhD докторанттарының ұйымдастыруымен «Қазақстан 2030» стратегиясы аясында «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі және әл-ауқатын жақсарту» бағыты бойынша «Жылдам, биік, әрі күшті!» атты әдістемелік, спорттық-тәрбиелік іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға механика кафедрасының оқытушылары, студенттері және магистранттары қатысты. Спорттың 7 түрінен (футбол, волейбол, теннис,   тоғызқұмалақ, шахмат,   арқан   тартыс, бадминтон) студенттер арасында жарыс өтті. Жарысқа футболдан 5 команда, волейболдан 3 команда, тенниске 18 студент, шахматқа 15 студент, тоғызқұмалаққа 9 студент, арқан тартысқа 4 команда, бадминтонға 13 студент қатысты. Белсенділік танытқан қатысушыларға арнайы сыйлықтар мен сертификаттар табысталды.

 

18.11.2017

 

 


 

«Механика» мамандығының 2 курс студенттерімен бірге «Метро» боулинг орталығында спорттық іс-шара ұйымдастырылды.

Ұйымдастырушы: 2 курс эдвайзері Ногайбаева М., 2курс магистрант Қаметқанова Айжан

 

11.11.2017

 

 


 

«Механика» мамандығының 2 курс  студенттерімен бірге Медеу мұз айдынына барып, коньки мен сырғанап дем алып қайтты. Олар алдағы уақытта қолдары босағанда, мүмкіншіліктері болғанда Медеуге жиі келіп тұратындықтарын айтты.

Ұйымдастырушылар: педагогикалық практика жетекшісі Туралина Д.Е., магистрант Гаухар Қазақбай, эдвайзері М.Ногайбаева.

 

10.11.2017

 


 

 

«Механика» мамандығының 3 курс  студенттері Медеу мұз айдынына барып, конькимен сырғанап дем алып қайтты.

Ұйымдастырушылар: педагогикалық практика жетекшісі Туралина Д.Е., магистрант Сапарова Балжан, эдвайзері Беляев Е.

 

28.10.2017


«Ломоносов-2017»  жеңімпазы!

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика-математика факультеті механика кафедрасының докторанты Қолдас Әсетжан 2017 жылдың 14-15 сәуір аралығында М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Астана қаласындағы филиалында өткен «Ломоносов-2017» атты студенттер, магистранттар және жас ғалымдардың XIII Халықаралық ғылыми конференциясына қатысып, «Аймақтық экологиялық мәселелер: заманауи шешімдері мен әдістері» секциясында баяндама жасады. Баяндама тақырыбы қазіргі күннің өзекті мәселелерінің біріне арналды, яғни «Көмірқышқыл газының қоршаған ортаға таралуын азайту үшін күн-жылу электростанцияларын қолданудың артықшылығы» деп аталды.

Нәтижесінде «Ең үздік ғылыми-зерттеу жұмысы» номинациясы бойынша Бірінші дәрежелі Дипломға ие болды.

 

19.02.2018

 


 

2016 год


 


 

 

 

Академик Ш.Ә.Ершин 90 жаста!

Ғылыми Кеңестің шешімі бойынша академик Ш.Ә.Ершин «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 80 жыл», «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дамуына қосқан айрықша үлесі үшін»Үлкен алтын медалімен марапатталды.


        Қыркүйек айының бесінші жұлдызында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде белгілі ғалым, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қ.И.Сәтбаев атындағы I-ші дәрежелі сыйлықтың иегері, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасының теориялық және қолданбалы механика бойынша Ұлттық комитетінің мүшесі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың құрметті кафедра меңгерушісі, техника ғылымының докторы, профессор ШАХБАЗ ӘЛІМГЕРЕЙҰЛЫ ЕРШИННІҢ туғанына 90 жыл толуы салтанатты түрде атап өтілді.

05.09.2016

 

 

 


 

«Механика мен энергетикадағы заманауи трендтер» деп аталған ғылыми мектеп-семинары 

 

        Академик Ш.Ә.Ершиннің 90 жыл толуына орайластырған докторанттар мен жас ғалымдарға арналған «Механика мен энергетикадағы заманауи трендтер» деп аталған ғылыми мектеп-семинары ұйымдастырылды. Бұл мектеп-семинарға семинар жетекшісі профессор А.Қалтаев шет елден танымал ғалымдарды шақырды. Айта кетсек бес күнге созылған семинардың алғашқы күні  АҚШ-тың Питсбург университетінен келген профессор Гиви Пейман «Compressible Flow Modeling and Simulation» тақырыбында, келесі күні Польшаның АГХ Ғылым және технология университетінен келген Профессор Станислав Наги «Hydrogen energy storage in salt caverns and in transmission high pressure natural gas networks» тақырыбында , ал үшінші күні Болгарияның Пловдив филиалы-София техникалық университетінен келген профессор Александр Георгиев «Combined thermal installations with Renewable energy devices» тақырыптарында докторанттар мен жас ғалымдарға дәріс оқыды.

01-05.09.2016

 

 

 


 

Академик Ш.А.Ершиннің «Paradoxes of Aerohydrodynamics» деген кітабы Шпрингер баспасынан жарыққа шықты.

05.09.2016

 

 


 

«Өнегелі өмір» сериясымен Қазақ университеті баспасынан шығатын «Шахбаз Ершин» атты кітаптың тұсаукесері болды.

        Бұл кітапта ғалымның өмірлік жолы баяндалады. Оқырман назарына ғалымның таңдамалы еңбектері, белгілі ғалымдардың, замандастарының, шәкірттерінің және жақындарының  естеліктері, сонымен қатар архивтік деректер мен әр жылдардағы суреттері келтірілген.

05.09.2016

 

 

 


 

Құрбан айт мерекесі.

        Механика-математика факультетінің №8 студенттер үйінде жыл сайынғы қағида бойынша құрбан шалынып, ақ дастархан жайылып, студенттер құрбан айтқа арналып жасалған дәмнен ауыз тиді. Осы мерекеге орай студенттер үйіне арнайы қонақтар келіп, құттықтап, өз лебіздерін білдіріп қайтты. Қонақтардың қатарында аға куратор-эдвайзер С.Ә.Давлетова, факультетіміздің ұстаздары Б.Әбенов, Т.Иманқұлов және тағы басқа да сыйлы қонақтар болды. Келген қонақтар барша мұсылман қауымды мерекемен құттықтап, атқарған істеріне ризашылықтарын білдіріп, жүректерінің иман нұрының сөнбеуін тіледі. Мұсылман жандардың жаны әрдайым жақсылық жасауға дайын екені анық. Сондай жандары жомарт жандар біздің факультетте де аз емес. Механика-математика факультеті профессор З.Б.Ракишева басқарып отырған механика кафедрасының ұстаздары арнайы мал сойып, қосымша тамақтармен қамтамасыз етті. Әрдайым осындай сауабы мол шаралардан қол үзбейтін механика кафедрасы бұл жолы да қолдарынан келген көмектерін аямады. Механика кафедрасы тарапынан ұсынылған көмектер жағдайы төмен және аз қамтылған студенттерге берілді.

12.09.2016

 

 


 

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Жылдам, биік әрі күшті !» деген атпен спартакиада өтті

        Сенбі күні, яғни  01.10.2016. сағат 9.00-14.00 аралығында №8 жатақхана маңындағы спорт алаңдарында және ҚазҰУ спорт кешенінің алаңдарында Механика кафедрасының ұйымдастыруымен  Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Жылдам, биік әрі күшті!» («Быстрее, сильнее, выше!») деген атпен спартакиада өткізілді.

        Спартакиадаға №6 және №8 жатақхана студенттері, механика мамандығы бойынша оқитын (барлығы  жүзден аса) студенттер, Механика-математика факультетінің деканы профессор М.А.Бектемесов, механика кафедрасының меңгерушісі доцент З.Б.Ракишева, кафедра меңгерушісінің оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Е.Туралина, кафедра эдвайзерлері (Елгондина М.Б., Тунгатарова М.С., Алибаева Қ., Маемерова Г., Өміржанова Ж., Ногайбаева М., Беляев Е., Төлеуханов А., Ыбырайымқұл Д., Шаяхметов Н.), магистранттар мен докторанттар (барлығы  жүзден аса) қатысты.  Денетәрбиесі кафедрасының меңгерушісі Е.К.Дилмахамбетовтың қолдауымен ҚазҰУ спрот кешенінің алаңдарында спорттың  жеті түрінен (футбол, волейбол, бадминтон, теннис, тоғызқұмалақ, шахмат, арқан тартыс)  студенттер мен оқытушылардың арасында жарыс өтті. Жарысқа футболдан 4 команда, волейболдан  3 команда , тенниске 10 студент, шахматқа 6 студент, бадминтонға - 10 студент, тоғызқұмалаққа 4 студент, арқан тартысқа  4 команда қатысты.

       Футболдан - механика мамандығы бойынша оқитын 4-курс студенттерінің командасы (Әшірханов Мадияр - команда капитаны, Байменов Ш., Алимжанов Д., Бақтығалиев А., Болысбек Д., Сағындық А.) бірінші орынға ие болса, екінші орынды 2 курс студенттері, үшінші орынды механика кафедрасының мұғалімдері иеленді. Волейболдан студенттердің құрама командасы (Команда капитаны – Қамажай Мұстафа, Қазақбай Гаухар, Сәрсенбек Асхат,Крымгереев Амирхан, Жумакова Маржан, Сағитжанов Бірлік), теннистен - 1-курс студенті  Багдатов А., шахматтан 4-курс студенті  Тұрғұнбоев Данабай, арқан тартысудан механика кафедрасының мұғалімдер құрамасы (Шаяхметов Нұрлан, Құрмансейіт Мақсат, Төлеуханов Аман, Беляев Ержан,Таңнұр, Айжулов Даниар), тоғызқұмалақтан- 4-курс студенті Маратов Нұркен жеңімпаздар атанды. Жеңімпаздарға сертификаттар, грамоталар және бағалы сыйлықтар таратылды. Осы сыйлықтарды сатып алуға 2015 жылдың үздік оқытушысы, механика кафедрасының профессоры Қ.С.Жилисбаева материалдық қолдау көрсетті. Сонымен қатар механика-математика факультеті кәсіподақ комитетінің төрайымы доцент М.Б.Елгондина жеңімпаз студенттерге тамақтануға берілетін талондар таратты. Жарыс соңында спартакиадаға қатысушылар ескетркішке фотоға түсіп, осы жарысты ұйымдастырушыларға лебіздерін білдірді.

01.10.2016

 

 


2014



 

 

Механика кафедрасы күні

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, механика-математика факультеті, механика кафедрасы 09.04.2014 жылы №8 жатақханада кафедра жоспары бойынша «Механика кафедрасы күні» атты тәрбиелік іс-шара жүргізді. Студенттер арасында шахматтан жарыс ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылар: механика кафедрасының доценті Туралина Д.Е. Кафедра лаборанты Жошиев Е. және магистранттар Наурызбаев Б., Рахымжанов С., Құрмансейіт Мақсат

Жарыс нәтижесінде 1-ші орынмен математика мамандығының 1 курс студенті Өтеубеков Бектас , 2-ші орынмен механика мамандығының 1 курс студенті Тұрғынбаев Данабай марапатталды, 3-ші орынмен 4 курс студенті Қармантай Шерхан марапатталды.

«Жаныңда жүр жақсы адам»

11.04 2014 ж механика - математика факультетінің Қызыл залында "Жаныңда жүр жақсы адам" атты поэзия кеші өтті. Кеш қонақтары қазақ ақындары - Халықаралық "da Қазақстан" журналының бас редакторы Дәулетбек Байтұрсынұлы мен Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының әдеби кеңесшісі Саят Қамшыгер. Ұйымдастырушы Туралина Д.Е. және 1 курс магистранты Сапарова Мөлдір. Қатысқандар: Б.Бекбауов., Бекетауов Б.,Ногайбаева М., Ералиев А.

«Жас мамандық жарқын болашақ»

 

23.04.2014ж. механика кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған “Жас мамандық - жарқын болашақ!” атты ҒТТ мамандығына арналған іс-шара өткізілді. Ұйымдастырушы Туралина Д.Е. КТТ мамандығы студенттері және магистрант Ахметова Балжан

«Қазақтың дәстүрлі өнері»

 

25.04.2014. "Қазақтың дәстүрлі ән өнері" атты ашық кураторлық сағат өткізілді.Ұйымдастырушы доцент Туралина Д.Е. Қатысқандар: Толеуханов А., Бекбауов Б., Алибаева Қ., Тунгатарова М., МКМ кафедрасының меңгерушісі Жакебаев Д.,Ахметов Б., Қалиева Н., Досхан. және 2 курс студенттері мен магистранттары

«Екі жұлдыз»

МКМ кафедрасы ұйымдастырған "Екі жұлдыз" атты дүлдүлдер байқауына меахника кафедрасынан Докторант А. Ибраев және 2-ші курс студенті Қуан Мақпал қатысып "Бас жүлдеге" ие болды. Жұпты сайысқа дайындаған жетекшісі Туралина Д.Е. Қатысқандар: Алибаева Қ., Қалиева Н., Б.Бекбауов., Б.Ахметов., Е.Беляев., А.Толеуханов Сәбит ., Досхан

«Айналаңды көкалдандыр»

2014 жылы 31 қазан күні өткен қалалық сенбілікке қатыстық. Қаз ҰУ қалашығында бөлініп берілген территорияны жинап, күл-қоқыстан тазаладық. Сенбілікке кафедра ұжымы мен студенттері бір адамдай қатысып, белсенділік танытты 

«Студент қатарына қабылдау» кеші

 

2014 жылдың 30-қыркүйегінде №6 жатаханасында «Жаңа толқын қош келдің» атты кеш өтті. Кешке 1 курс Механика, Ғарыштық техника және технологиялар және т.б мамандық студенттері мен эдвайзерлері қатысты.

«Менің болашақ мамандығым»

2014 жылы 28 –қараша күні 1Ажәнет 1 Б-топтары6 механика мамандығы бойынша «Менің болашақ мамандығым» атты ашық кураторлық сабақ өтті. Ұйымдастырушылар: кафедра меңгерушісінің оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Омиржанова Ж.М., механика кафедрасының ассистенті Қолдас Ә.