Кафедраның тарихы

Қазақстанда механик мамандарды даярлау 1935 жылы Қазақ Мемлекеттік университетіне М.В. Ломоносов атындағы ММУ-нің түлегі И. Молюковтың келуімен басталды.

Бұл уақытта кафедрада профессор В. Сапа, доценттермен М. Сагитов, Б. Жумалиев, И. Ибрагимов, Г. Бородихин және т.б. қызмет атқарды.

1970-80 жылдары ҚазМУ ректоры қызметін академик Ө.А. Жолдасбеков атқарғанда механика саласында зерттеулер қарқынды дами бастады. Ө.А. Жолдасбеков және оның оқушыларының (Ж. Байгунченков, Г. Уалиев, Е. Рахимов, Х. Казыханов, М. Молдабеков, А. Төлешов, Ю. Дракунов және т.б.) ғылыми зерттеулер нәтижесі негізінде ССРО авторлық куәліктерімен және Англия, Италия, Польша патенттерімен қорғалған принципиальды жаңа манипуляциялық құрылғылар және механизмдер құрастырылды. Осы жұмыстар бойыншаӨ.А. Жолдасбеков, Г. Уалиев және В. Ермолов ССРО Мемлекеттік сыйлығына ие болды. 1972 жылы унивеситетке профессор Ш. Ершиннің келуімен тұтас орта механикасы кафедрасы ашылды және сұйық және газ механикасы ғылымының негізі қаланды. 1981 жылы кафедра сұйық, газ және плазма механикасы және деформацияланатын қатты дене механикасы деген атаумен екі кафедраға бөлінді. Гидромеханика саласының ғалымдары (Ш. Ершин, Ғ. Шерьязданов, Ұ. Жапбасбаев, С. Лучинский, В. Пак, Ю. Арышев, М. Қасымбаев, А. Қалтаев, Г. Балакаева және т.б.) күрделі қасиеті бар ағыншалы және каналдық ағыс ортасында теориялық және тәжірибелік зерттеулер жүргізді. 2006 жылыШ. Ершин, Ұ. Жапбасбаев «жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік ғылыми жетістіктері үшін Қ.И. Сатпаев атындағы сыйлық» иегерлері атанды. Деформацияланатын қатты дене механикасы кафедрасының ғалымдары (А. Амандосов, Н. Тер-Эммануильян, Ә. Ысқақбаев, Т. Қонақбаев және т.б.) пластина және қабықша теориясының сызықсыз есептерін шешуге, денедегі серпімдіпластикалық толқындардың таралуына зерттеулер жүргізді. 1999 жылы механика саласындағы кафедралар қайтадан «МЕХАНИКА» кафедрасына бірікті.

2001 жылы және 2006 жылы ҚазҰУ механика кафедрасы, математика және механика ҒЗИ біріге отырып, «Механиканың қазіргі мәселелері»атты халықаралық конференция ұйымдастырды. Конференцияға Жапония, АҚШ, Польша, Ресей және т.б. шет елдердің және отандық ғалымдары қатысты. 2011 жылы ТМД және Еуропалық 30-дан астамғалымдарының қатысуымен механика бойынша Бірінші халықаралық Жолдасбеков симпозиумы өткізілді.

1940 жылдан бері кафедра механика саласы бойынша үш мыңдай маман даярлады. Олар механика саласының ғылым және білім негізін құрайды.

Бірталайы белгілі ғалымдар, жоғарғы білім беруді ұйымдастырушылар, ҒЗИ және республиканың басқа да ұйымдарында жетекшілері қызметін атқаруда.