Механика кафедрасының командалары жеңімпаз атанды!

27.02.2019

Көрулер: 2178

22.02.2019 жылы 6 жатақханадағы Студенттік Кеңес және Іргелі Математика кафедрасының ұйымдастыруымен "Қызыққа толы Мех-Мат" атты іс шарасы өткізілді. Аталмыш іс шараға механика-математика факультетіндегі мамандықтардың 1 курс студенттерінен құралған 5 команда қатысты. «Дифференциалды теңдеулер», «Іргелі математика», «Математикалық және компьютерлік модельдеу» кафедраларының командалары және «Механика» кафедрасынан шыққан екі команда өзара жарысты. Бұл екі команданың бірі - «Механика» мамандығы, екіншісі - осы оқу жылында жаңа білім беру бағдарламасы бойынша ашылған «Робототехникалық жүйелер» бағытындағы студенттерден құрылған командалары.

Командалар 4 түрлі тапсырманы орындады:

  • ·         команданы, мамандықты таныстыру;
  • ·         кино кейіпкерлерін ойнап беру,
  • ·         сұрақ-жауап,
  • ·         тапсырманы ойын түрінде орындап шығу.

Нәтижесінде «Роботех» командасы - бірінші орынды, «Механик» командасы –екінші орынды, ал «Іргелі математика» командасы үшінші орындарды иеленді.

Құттықтаймыз!

www.kaznu.kz

Механика кафедрасы

Д.Е.Туралина