Литва профессорларының іс сапары

15.04.2019

Көрулер: 2069

ERASMUS+ бағдарламасы бойынша 2019 жылдың 1 сәуірі мен 4 сәуірі аралығында механика кафедрасына Литваның Гедиминас атындағы Вильнюс техникалық университетінің профессорлары Dr. Edgar Sokolovskij мен Dr. Jonas Matijošius іс сапармен келді.

Сапардың мақсаты - механика саласында тәжірибе мен білім алмасу. Олар қысқа мерзімді сапарларын механика кафедрасының студенттері мен оқытушылары үшін «Жол-көлік оқиғаларын тексеру» (профессор Dr. Edgar Sokolovskij) және «Көлік машиналарының іштен жану қозғалтқыштары үшін биоотын» (профессор Dr. Jonas Matijošius) тақырыптарында дәрістер оқуға арнады.

Сапар барысында механика кафедрасының профессорлық - оқытушылық құрамымен кездесу өтті. Кездесу барысында механика саласындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды, студенттердің академиялық ұтқырлығы мәселелері қаралды.

 

www.kaznu.kz

 

Механика кафедрасы

Туралина Д.Е.