«Әлеуметтік желілерде наразылық көңіл-күйлерін қалыптастырудағы заманауи манипуляциялық тәжірибе» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

10.11.2018

Көрулер: 2345

«Әлеуметтік желілерде наразылық көңіл-күйлерін қалыптастырудағы заманауи манипуляциялық тәжірибе» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

 

2018 жылғы қарашаның 8-9 жұлдызында Алтай мемлекеттік университеті мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұйымдастыруымен «Әлеуметтік желілерде наразылық көңіл-күйлерін қалыптастырудағы заманауи манипуляциялық тәжірибе» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференция қоғамның ғылыми және шығармашылық әлеуетін дамыту, бірыңғай ғылыми және ақпараттық кеңістікті қалыптастыру; қазіргі коммуникацияның өзекті мәселелеріне арналған шешімдер іздеу; ғылыми білімді дамытудың басым міндеттерін жүзеге асыру үшін халықаралық байланыстар орнату, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын кеңейту; ғылыми нәтижелер мен тәжірибе алмасу сынды мақсаттарды көздеді.

Конференция жұмысында келесі бағыттар қамтылды:

  • ·                   Ақпараттық қоғамдағы бұқаралық ақпарат: проблемалар және әлеуметтік проблемалар;
  • ·                   Интернеттің әлеуметтік желілері, азаматтық қоғамды қалыптастыру үшін кеңістік: пікір білдіру бостандығы және манипуляциялық әсер ету;
  • ·                   Жастар үшін наразылық көңіл-күйдің тартымдылығы және оларды манипуляциялық мақсатта пайдалану;
  • ·                   Наразылықтар әлеуметтік тұрғыдан сындарлы және әлеуметтік деструктивті;
  • ·                   Әлеуметтік желілерді пайдаланушыларға манипуляциялық ықпал етудің технологиялық, лингвистикалық және ұйымдастырушылық әдістері;
  • ·                   Интернеттің әлеуметтік желілеріндегі манипуляциялық тәжірибелерін анықтау тәсілдері, әлеуметтік тұрғыда бұзылушылық негізінде көңіл-күй қалыптастырудың манипуляциялық тәжірибеге қарсы тұру әдістері.