Жаңалықтар

Жұмыс берушілермен кездесу («Oilsert International/Ойлсерт Интернешнл» ЖШС)

02.05.2022

       Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасымен «Oilsert International/Ойлсерт Интернешнл» ЖШС ұжымы арасында студенттердің оқу және өндірістік практикаларын ұйымдастыру мен өткізу, алда дуалды білім беру жүйесін қалыптастыру мақсатында компания басшылығымен өзара мазмұнды да, салиқалы, әріптестік деңгейде кездесу болды.

«Oilsert International/Ойлсерт Интернешнл» ЖШС директоры Ибранова Гульнар Турашевнаның атап өткеніндей, 15 жыл бұрын Қазақстан экономикасының мұнай – газ секторында өнімнің, қызметтердің және сапа менеджменті жүйелерінің сәйкестігін тестілеу және растауға маманданған алғашқы тәуелсіз отандық компания - "Oilsert International/Ойл Серт Интернешнл"ЖШС құрылды. Компания мұнай-газ саласындағы экспорттық-импорттық операциялардың сапалық көрсеткіштерін бағалау мен бақылауда тәуелсіз сарапшы болып табылады. Негізгі мақсаты адамдардың өмірі, денсаулығы және қоршаған орта үшін сертификатталған өнімнің (қызметтердің) қауіпсіздігіне кепілдік беру және берілетін сынақ нәтижелерінің сенімділігі болып табылады.

Кездесу соңында студенттердің мұнай-газды өңдеу саласында алған теориялық білімді практикамен ұштастыруда практикалық база ретінде екіжақты меморандум жасауға қол жеткізілді.

Ары қарай оқу >>

Италия, Венеция қаласында Ка-Фоскари университетінде тағылымдамадан өтуде

02.05.2022

Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының 2-курс PhD докторанты Булыбаев Марат Италияның Венеция қаласының Ка-Фоскари университетінде шетелдік ғылыми жетекшісі профессор Вавасори Андрея зертханасында тағылымдамадан өтуде. Отандық жетекшісі доцент Жақсылықова Г.Ж.

Ары қарай оқу >>

Жұмыс берушілермен кездесу

02.05.2022

Кафедрамыздың студенттерімен, магистранттарымен, докторанттарының қатысуымен «Д.В.Сокольский атындағы жанармай, катализ және электрхимия институты» акционерлік қоғамының жанындағы «Коррозия проблемасы бойынша құзыреттілік орталығының» қызметкерлерімен кездесу өтті. Кездесуде орталық меңгерушісінің орынбасары Кензин Н.Р. және бөлім меңгерушісі Бурумбаева Г.Р. орталықтың негізгі айналысатын жұмыстарының бағыты туралы кеңінен мағұлматтар беріп, отандық мұнай өңдеу зауыттарындағы коррозия прблемасын шешу бағытында білікті инженер-технологтар тапшы екенін, соған алдына нақты мақсат қойып, өндіріспен тығыз байланыста жұмыс істеуге білімді жас мамандарды тарту және олардың кәсіби біліктілігін арттырып, шыңдауда орталықтың ролі ерекше екенін атап өтті. Кездесу соңында бірнеше жас талапкерлер әңгімелесу нәтижесінде жұмысқа шақырту алды.

Ары қарай оқу >>

Біліктілікті арттыру курсы өтті

02.05.2022

       Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасы Университетіміздің жанындағы біліктілікті арттыру институтымен бірге елімізде газ саласында жұмыс істейтін мекемелердің қызметкерлерінің білімін көтеру мақсатында "ҚР СТ 1666-2007 бойынша жеткізілетін және тасымалданатын, табиғи жанғыш газдарының технологиялық параметрлерін анықтау және сапасын талдау" тақырыбында біліктілікті арттыру курсын теориялық және практикалық тұрғыда жүргізді. Біліктілікті арттыру курсына 19 тыңдаушы қатысып, теориялық білімдерін толықтырып, практикалық сабақтарда зертханалық жұмыстар жасап, теориялық білімдерін ұштастырды. Курс барысында тыңдаушылар анықтамалық мәліметтермен, газдарға қатысты ГОСТ-ылармен сараптамалық есептеулер жүргізіп, хроматогрфиялық талдаулармен шеберліктерін арттырып, мол тағылымдамадан өтті. Курсты ұйымдастыруда, әрі сапалы өткізуде кафедра профессорлары Аубакиров Е.А., Конуспаев С.Р., доцент Тоштай К. көп еңбек сіңірді.

Ары қарай оқу >>

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 4 курс студенті Б.Е. Әбдіғали Erasmus бағдарламасы бойынша Словакия техникалық университетінің тағылымдамасынан өтуде

02.05.2022

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 4 курс студенті Абдіғали Бекарыс Ерғалиұлы Erasmus бағдарламасы бойынша Словакия техникалық университетінің байқауына құжаттарын тапсырды.Құжаттарды қабылдау 20 наурыз-30 Сәуір аралығында өткен болатын. Грант нәтижесі мен қоса бес айлық Словакия Республикалық Ұлттық степендия иегері атанады. Кәзіргі танда Словакия мемлекетінің астанасы Братислава қаласында ораналасқан Словакия Техникалық Университетінің жанындағы химия және тағам технологиясы факультетінде бір семестр көлемінде білім алып жатыр. Ғылыми жетекшісі доцент Ешова Жания Турлухановна

Ары қарай оқу >>

"Функционалды материалдардың химиялық технологиялары" атты 8-ші халықаралық Ресей-Қазақстан ғылыми-практикалық конференциясы

29.04.2022

"Функционалды материалдардың химиялық технологиялары" атты 8-ші халықаралық Ресей-Қазақстан ғылыми-практикалық конференциясының жұмысы бойынша келесі студенттер марапатталды:

 

Ермекбаева Гүлсезім Төреахметқызы - 3 место;

Усенов Нурлан Кайртович - 2 место;

Жанбырбаева Лаура Дархановна - 2 место;

Максотова Куралай Сакенкызы - 2 место.

 

Шығармашылық табыс және сәттілік тілейміз!

Ары қарай оқу >>

Ашық есік күні!

01.03.2022

Құрметті оқытушылар мен студенттер!

 

01.03.2022 ж. сағат 12.00-де сіздерді Алматы қ. М. Ганди атындағы 92 орта мектебінің жоғары сынып оқушыларына арналған, «Мұнай химиясы» мамандығының 1 жыл докторанттарының педагогикалық практикасы аясында ұйымдастырылған «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ХиХТ факультетінің Ашық есік күні» атты іс-шарасына шақырамыз. Сілтеме адресі төменде берілген:

Тема: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия факультеті

Время: 1 мар. 2022 12:00 PM Алматы

 

Подключиться к конференции Zoom

https://us02web.zoom.us/j/3430968984?pwd=QjRkQTkyck1adHZKVy9YMW9LUy9GZz09

Идентификатор конференции: 343 096 8984

Код доступа: 123456

Одно касание на мобильном телефоне

Идентификатор конференции: 343 096 8984

Код доступа: 123456

Найдите свой местный номер: https://us02web.zoom.us/u/kebkYYEpJ0

Ары қарай оқу >>

Тәжірибемен бөлісті

11.02.2022

Қазіргі таңдағы жағдайға байланысты білім беру саласында қашықтықтан оқытудың әртүрлі әдістері кеңінен қолданыс тауып, күнделікті өмірімізде өзінің өміршеңдігін дәлелдеуде. Білім алушылардың білімдерін оқудан тыс уақытта және оқу процесі барысында тереңдетумен толық үлгерімге жетісуде, әрі жаңа тақырыпты игеруде жаппай ашық онлайн курстарының алатын орыны ерекше.

Ары қарай оқу >>

Ашық сабаққа шақыру

08.02.2022

Химиялық қосылыстарды зерттеуде, химияда сандық және сапалық талдауда қолданылатын әртүрлі физикалық әдістердің ішінде заттың электромагниттік сәулеленумен әрекеттесуі үлкен қызығушылық тудырады. Молекулалардың тербелмелі спектрлері инфрақызыл (ИК) спектроскопия және жарықтың Раман спектроскопиясы (RS) арқылы эксперименталды түрде зерттеледі. Бұл спектрлер тербеліс энергиясының күйлері арасындағы ауысулармен байланысты, яғни атом ядроларының тепе-теңдік позицияларына қатысты тербелістері.

Ары қарай оқу >>