Жаңалықтар

Әміржанова А.Б. ғылыми тағылымдамадан өтті!

03.05.2022

Физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының «Мұнай және газ ісі» мамандығының 2 курс магистранты Әміржанова А.Б. Туркияның Анкара қаласындағы Гази университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті өтті.

Ғылыми жетекшісі: доцент м.а. Игембаев И.Б.

Ары қарай оқу >>

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ!

03.05.2022

Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасы химия және химиялық технологогия факультетінің «Химия», «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы», «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының 3-курс студенттеріне кафедраның онлайн форматта АШЫҚ ЕСІК КҮНІН өтті.

Ары қарай оқу >>

Әзілханов Н.Д. ғылыми тағылымдамадан өтті!

03.05.2022

Физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының «Мұнай және газ ісі» мамандығының 2 курс магистранты Әзілханов Н.Д. Францияның Нанси қаласындағы Лоторинги университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті өтті.

Ғылыми жетекшісі: доцент м.а. Игембаев И.Б.

Ары қарай оқу >>

Жамашева А., Идрисова Д. ғылыми тағылымдамадан өтті!

03.05.2022

Физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының «Мұнай және газ ісі» мамандығының 2 курс магистранттары Жамашева Аделя мен Идрисова Дидара Түркияның Анкара қаласындағы Гази университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті өтті.

Ғылыми жетекшісі: доцент м.а. Игембаев И.Б.

Ары қарай оқу >>

Мергенов Қ.Ғ. ғылыми тағылымдамадан өтті!

03.05.2022

Физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының «Мұнай және газ ісі» мамандығының 2 курс магистранты Мергенов Қ.Ғ. Түркияның Анкара қаласындағы Гази университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті өтті.

Ғылыми жетекшісі: доцент м.а. Игембаев И.Б.

Ары қарай оқу >>

Асхатова М. ғылыми тағылымдамадан өтті!

03.05.2022

Физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының «Мұнай және газ ісі» мамандығының 2 курс магистранты Асхатова М. Түркияның Анкара қаласындағы Гази университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті өтті.

Ғылыми жетекшісі: доцент м.а. Игембаев И.Б.

Ары қарай оқу >>

Сәтбаев университетінде 1-4 курс бакалаврлары арасында өткізілген «ҚазҰТЗУ-2022» студенттік ғылыми-техникалық конференциясы туралы

03.05.2022

2022 жылдың 9 сәуірінде Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-де Базалық білім беру институтының «Жоғарғы математика» кафедрасының ұйымдастыруымен 1-4 курс бакалаврлары үшін «ҚазҰТЗУ-2022» студенттік ғылыми-техникалық конференциясы өтті.

Іс-шараға университет оқытушылары мен студенттері және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Химия және химиялық технология» факультетінен шақырылған студенттер қатысты.

Конференцияны ұйымдастырушы ф.-м.ғ.к., «Жоғарғы математика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Б.Ж. Сағындықов құттықтау сөзімен конференцияны ашты. Өз сөзінде ол жыл сайын қатысушылардың саны артып, географиясы кеңейіп келе жатқанын атап өтті.

Конференция аясында келесі бағыттар бойынша мәселелер қаралды:

1) дифференциалдық теңдеулерді шешудің жаңа әдістемелері;

2) химиялық-технологиялық үдерістерді модельдеу;

3) қаржылық математика;

4) мектептегі және жоғарғы оқу орнындағы білім беру мәселелері.

Конференция жұмысына дәстүрлі түрде баяндама жасаған студенттер мен олардың ғылыми жетекшілері белсене қатысты.

Конференцияның ұйымдастыру комитеті барлық қатысушыларға, университеттің «Жоғарғы математика» және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Физикалық химия, катализ және мұнай» кафедраларының профессорлық-оқытушылық құрамына шынайы алғысын білдіреді.

Сіздерді келесі 2023 жылы өтетін конференцияға жаңа жетістіктермен күтеміз.

Конференцияның ұйымдастыру комитеті: Сағындықов Б.Ж., Сейтқұлова Ж.Н.

Ары қарай оқу >>

БЗХТ бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың жүлдегерлері

03.05.2022

2022 жылдың 20-22 сәуір күндері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің арасында 5В072000-Бейорганикалық заттардың xимиялық теxнологиясы мамандығы бойынша XIV Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы болып өтті. Қазақстанның 4 жоғарғы оқу орнынан келген 14 студент қатысты. Олимпиада 2-турдан тұрды: 1-ші тур шынайы өндіріс орындарынан алынған теxнологиялық мәселелерді шешуге арналған есептерден тұрды. 2-ші тур жалпы химиялық технология, xимиялық теxнологиядағы негізгі процестер мен аппараттар, бейорганикалық химия пәндерінің негізгі тақырыптарын қамтитын комплексті есептерді шығарудан өткізілді. 5В072000-БЗХТ мамандығы бойынша қазақ бөлімінің 3-курс студенттерінен құрылған "Алмаз" тобы, Тлеубердинова Аружан Амангельдиновна, Казибай Амина Арманқызы и Советова Диана Омиржановна командалық жарыста жүлделі екінші орынға ие болды. Топ мүшесі Казибай Амина Арманқызы II кезең бойынша жекеленген біріншілікте жүлделі 1-орынды иеленді. Команда жетекшісі - физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к. Батырбаева А.А.

Ары қарай оқу >>

Алматқызы Перизат ғылыми тағылымдамаға барды

03.05.2022

Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының 2-курс «Мұнайхимия» мамандығының магистранты Алматқызы Перизат Туркияның Измир қаласының Измир техникалық университетінде профессор Арток Левент басшылық ететін лабораториядан тағылымдамадан өтіп келді.

Ғылыми жетекшілері: доцент Жақсылықова Г.Ж.

Ары қарай оқу >>

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

03.05.2022

         Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Новосібір мемлекеттік техникалық университетінің қатысуымен "Функционалды материалдардың химиялық технологиялары" атты VIII Халықаралық ресей-қазақстан ғылыми-практикалық конференциясы жоғары деңгейде өтті.

Жыл сайын бұл конференцияға Ресей мен Қазақстанның ғылыми қызметкерлері мен жас ғалымдары ғана емес, сонымен қатар Израиль, Иран, Италия, Финляндия,Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Грузия сияқты алыс және жақын шетелдерден де қызығушылық артып келеді. Соның дәлелі жалпы конференцияға ғылыми-зерттеу бағыттары бойынша 100-ден астам баяндама тезистері келіп түсті. Аталған конференция химия ғылымының дамуындағы маңызды қадам болып табылады, әлемнің түрлі өңірлеріндегі жас және тәжірибелі ғалымдар арасында пікір алмасуға ықпал етеді, ғылым мен практика арасындағы байланысты қолдайды.

Конференцияны өткізу біздің университетіміздің, химия және химиялық технология факультетінің және физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының өміріндегі маңызды оқиға болып табылады, ол функционалдық материалдардың химиялық технологиясы саласындағы ғылыми зерттеулер процесін жақсартуға үлес қосады, одан әрі жемісті жұмыс істеуге ынталандырады.

Ары қарай оқу >>