Жаңалықтар

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

03.05.2022

Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасы "Функционалды материалдардың химиялық технологиялары" атты VIII Халықаралық Ресей-Қазақстан ғылыми-практикалық конференциясының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтайды!

I орын

-         Сайлау А.Г.                        

-         Сейдулаева А.А.                

-         Нуртазина Н. Д.                

-         Булыбаев М.

-         Максотова Қ.С.

II орын

- Жанбырбаева Л.Д.                          

- Усенов Н.К.

- Dekteryuk Y.A., Chuvashova E.O.    

- Каламгали Т. О.

III орын

-         Ермекбаева Г.Т.

-         Османжан Г.О.

-         Манабаева А.

-         Жамантай Н.

-         Дарханбек А.

Ары қарай оқу >>

Шақырамыз!!!

03.05.2022

Сіздерді 2022 жылы 28-29 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтетін "Функционалды материалдардың химиялық технологиялары" атты VIII Халықаралық Ресей-Қазақстан ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысуға шақырамыз.

Ары қарай оқу >>

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

03.05.2022

Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасы "Фараби әлемі" жас ғалымдар мен студенттер арасындағы Халықаралық ғылыми конференциясында үздіктер қатарынан орын алған кафедра оқытушылары мен олардың шәкірттерін құттықтайды!

Ары қарай оқу >>

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

03.05.2022

20-21 сәуірде факультетімізде «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша студенттер арасында Республикалық пән олимпиадасы өтті. Кафедрамыздың аға оқытушысы Батырбаева Айгүл Абшүкірқызының жетешілігімен 3-курс студенттерінен құралған «Алмаз» командасы (Казибай А., Тлеубердинова А., Советова Д.) жүлделі II-орын, ал жекелей сында Казибай Амина жүлделі I-орынды жеңіп алды.

Толағай табысты жеңістер көп болсын!!!

Ізгі тілекпен: Кафедра ұжымы 

Ары қарай оқу >>

Пәндік олимпиада жеңімпаздары

03.05.2022

«5В072100- Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша студенттердің Республикалық пәндік олимпиадасында физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының доценті м.а. Тоштай Қайнаубектің жетекшілігімен құрамында 3-курс студенттері Манасова Айкен, Мұса Нұр-Сұлтан Молжанұлы, Түсіпбек Жадыра бар «NJA Chemist» қатысқан 9 команданың арасында жүлделі I-орын, ал жекелей сында Манасова Айкен I-орынды жеңіп алды.

Ары қарай оқу >>

Erasmus бағдарламасы бойынша білім гранттарын жеңіп алды

03.05.2022

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің, Химия және   химиялық технология факультетінің "Физикалық химия, катализ және мұнай химиясы" кафедрасы жанынан 7М07202- Мұнай-газ ісі мамандығы бойынша білім алып жатқан 1-ші және 2-ші курс магистранттары , Абдулхамидов Қанат Муханулы, Казибаев Абулайхан Танат уғли, Әзілханов Нұрсұлтан Дөңесұлы, және Шынкенов Айсұлтан Женесбекұлы. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "Геоэнергетика" орталығында ұйымдастырылған білім алудан соң, 2021-2022 оқу жылының көктемгі семестрін Еуропаның беделді оқу орындарының бірі Лотарингия Университетінде (Франция, Нанси қаласы) оқуларын жалғастыру үшін Erasmus бағдарламасы бойынша білім гранттарын жеңіп алды

 

Ары қарай оқу >>

№ 92 М. Ганди атындағы мамандандырылған лицейдің оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша КЕЗЕКТІ Онлайн-конференция

02.05.2022

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «мұнай химиясы» мамандығының 1-курс докторанттарының педагогикалық тәжірибе бағдарламасы аясында Zoоm платформасында онлайн форматта 01.04.2022 жылы М. Ганди атындағы №92 лицейдің 11 сынып оқушыларына арналған «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химия және химиялық технология факультетінің Ашық есік күні» атты кәсіптік бағдар беру іс-шарасы өткізілді. «Физикалық химия, катализ және мұнай химиясы» кафедрасының докторанттары – Абдрасилова А., Асылбеков Е., Попов Н., Шоғанбек Д. және Жылқыбек М. спикер болды. Іс-шараға сондай-ақ лицей директоры Шажабаева К.С., Ph.D аға оқытушы Супиева Ж.А., педагогикалық практика жетекшісі доцент Ташмухамбетова Ж. Х., лицей оқушылары мен оқытушылары қатысты. Іс-шара танымдық және интерактивті элементтері бар ақпараттық презентацияның көмегімен өтті. Әсіресе химияның ғылым ретінде даму тарихы, химияның өндірістегі қолданысы жайлы экскурсия оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Сонымен қатар химия мен мұнай химиясының күнделікті өмірдегі рөліне қатысты мәселелер талқыланды. Индустрияландырудағы мұнай-химия орнына, мұнай саласын дамыту қажеттілігіне және химиктер мен мұнай химиктері мамандарының сұранысына ерекше назар аударылды. Келген қатысушылардың назарына университет және химия және химиялық технология факультеті, олардың университеттердің әлемдік рейтингіндегі жетістіктері, факультет іске асыратын білім беру бағдарламалары, ЖОО-ның шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында екі дипломды бағдарламалар бойынша оқыту, көптеген ҒЗИ-ларда практикалардан өту және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «химия және химиялық технология» факультетінде оқудың басқа да артықшылықтары туралы ақпарат ұсынылды.

Ары қарай оқу >>

№ 92 М. Ганди атындағы мамандандырылған лицейдің оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша Онлайн-конференция

02.05.2022

ZOOM платформасында М.Ганди атындағы № 92 мамандандырылған лицейдің оқушыларымен, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Мұнайхимия" және "Мұнай-газ ісі" мамандықтарының 1-ші оқу жылының магистранттарымен кәсіптік бағдарлау жұмысы бойынша онлайн-конференция өтті. Іс-шараға "химия және биология" бағыты бойынша 10-11 сынып оқушылары, лицей директоры Шажабаева К.С., директордың орынбасары Алтаева А. М., Ph.D аға оқытушы Супиева Ж.А., педагогикалық практика жетекшісі доцент Ташмухамбетова ж. Х. және ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде білім алатын 8 магистрант қатысты. Конференция әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Химия және химиялық технология факультетіне түсу үшін болашақ талапкерлерді тартуға бағытталды. Аталған университет пен факультеттіңөмірі мен қызметініңтүрліаспектілерібойыншажан-жақтыәңгімеболды. Академиялық ұтқырлық, университет түлектерінің одан әрі жұмысқа орналасуы мен каръерлік өсуі, студенттердің мәдени өмірі, факультетке жыл сайын түсетіндер саны, химия және химиялық технология факультетінің ең танымал және қалыптасқан түлектерінің мысалдары және кәсіби бағдар беру мәселелері үлкен қызығушылық тудырды. Іс-шара тыңдаушылардың үлкен қызығушылығын тудырды және осы жұмысты жақын арада жалғастыру ұсынылды.

Ары қарай оқу >>

ОҚЫТУШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕРТИФИКАТҚА ИЕ БОЛДЫ

02.05.2022

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары мен қызметкерлеріне Швейцария экономика және менеджментке арналған қолданбалы ғылымдар мектебінің (Swiss SASEM) біліктілікті арттыру курстарының халықаралық сертификаттары табыс етілді. 

Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының аға оқытушылары Супиева Ж.; Рахимова А.

Ары қарай оқу >>

«Химия - өмір, өмір -Химия» атты іс-шара

02.05.2022

Химия және химиялық технология факультетінің физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының доцент м.а. Наренова С.М., доцент м.а. Искакова Р.А. және аға оқытушысы Бәкірова Б.С ұйымдастыруымен, кәсіби бағдар мақсатында «Химия - өмір, өмір -Химия» атты іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараға «5B011200-Химия», «6B05301-Химия» және «7М05301-Химия» мамаңдықтар білімалушылары қатысты. Екінші курс магистранттар өздерінің зерттеу жұмыстары туралы презентацияларын көрсетіп, ғылыми бағыттарымен таңыстырды. Кафедра меңгерушісінің ғылыми – инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, PhD докторы Бәкірова Б.С бүгінгі таңда кафедрада білім алушылардың жасап жатқан ғылыми- зерттеу бағыттары мен жоспарлары және магистратураға түсу ерекшеліктерімен таныстырып өтті. Іс-шара онлайн түрде өтті және де студенттер өздерін толғандырып жүрген мәселелер бойынша сұрақтар қойып, жауаптарын ала алды.

Ары қарай оқу >>