UNICAM университетіндегі ғылыми тағылымдама
Көрулер: 865
2022 жылы қарашаның 06 мен 13 аралығында ҚР ҒЖБМ ҒК Экономика Институтының Заманауи зерттеу әдістері бөлімінің меңгерушісі, PhD кандидаты Молдабекова Айсұлу, және "Менеджмент" кафедрасының 2-курс докторанты Амангельдиева Бірғаным "AP09259851 Қазақстандағы циркулярлы экономиканың дамуы: әлеуеті, тенденциялары, болашағы" ғылыми жобасының аясында UNICAM университетінде (Камерино, Италия) ғылыми тағылымдамадан өтті.
Камерино университеті (UNICAM) өзінің академиялық қызметін 1336 жылы бастады.Сонымен қатар, тәуелсіз университет рейтингтері Камерино университетін Италиядағы ең жақсы 50университеттің қатарына қосады. Тағылымдама шеңберінде университет ғалымдарымен оффлайн және онлайн кездесулер, жоба тақырыбы бойынша зерттеулерге шолу, жобаның аралық нәтижелерін таныстыру өткізілді. Шетелдік профессорлармен өткен жиналыстарда циркулярлы экономиканы қалыптастыру, дамыту, және мемлекеттік қолдау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, UNICAMуниверситеті мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ арасындағы бірлескен ғылыми жобалар мен бағдарламалар саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Тағылымдама барысында жоба мүшелері шетелдік профессорлармен бірлесе отырып, болашақта жоспарланған эксперттік интервьюге байланысты сауалнаманы талқылады.






