Жаңалықтар

«Журналист болғың келе ме?» байқауы өз мәресіне жетті

19.04.2019

«Қызыға жаз, қыза жаз, қызықтыра жаз! Ойланып жаз, ойлы жаз, ой сала жаз, ойландыра жаз! Ызамен жаз, кекпен жаз, кектендіре жаз!» деп Ғабит Мүсірепов өсиет еткендей, халқымен жаны бір екенін ешқашан естен шығармай, тәуелсіз халқының жетістіктерін де, жетістікке жетсе де мұңы таусылмайтын жұртының шерін де сараптай тыңдап, мәселені байыппен шешер асыл сөздің көшін өрлетер асыл перзенті болуға ұмтылған жас тілшілерге арналған «Журналист болғың келе ме?» байқауының шешуші кезеңі аяқталды.

Ары қарай оқу >>

Жүйріктер сынға түсті

16.04.2019

Журналистика тарихының жаңа парағы бүгін тағы бір айтулы оқиғамен толықты. Павлодар қаласы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде журналистика бойынша XI студенттік пән олимпиадасы өтуде.

Ары қарай оқу >>

XI Жас тілшілер форумы

08.04.2019

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде  XI Республикалық жас тілшілер форумының қорытынды кезеңі өтті. "Журналист болғың келе ме?" байқауының жеңімпаздары марапатталды. Шараға республикалық «Дружные ребята» газеті қолдау көрсетті.

Ары қарай оқу >>

Тағлымы мол Қожакеев оқулары

04.04.2019

4 сәуір 2019 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң 85-жылдығына орай студенттер мен жас ғалымдардың «Әл-Фараби әлемі» халықаралық конференциясы күндерінде «Жас ғалымдар» атты VII Қожакеев оқулары аясында ғылыми форум өтті. Журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы қазақ сатирасын зерттеу ісінің негізін қалаған көрнекті ғалым, ұстаз, филология ғылымдарының докторы, профессор Темірбек Қожакеевтің дәстүрлі оқулары аясындағы жас ғалымдар және студенттер ғылыми форумында студенттік үздік жұмыстарға байқау жарияланды. 

Ары қарай оқу >>

Мәселе мен шешім

20.02.2019

Журналистика факультетінің студенттері қоғамға өз үлестерін тигізуде. Студенттерден құралған топ "Start-Up" жобасы бойынша өз жұмысын бастағалы жатыр.

Ары қарай оқу >>

«Тоталь» профессорлары дәріс оқыды

20.02.2019

Франциядан шақыртылған «Тоталь» профессорлары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің студенттеріне дәріс оқыды. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде Пан Ги Мун атындағы Тұрақты даму институты мен Total профессорлар Ассоциациясының бірлесесуімен «Тұрақты даму мақсатындағы «жаһандық азаматтықты дамыту» атты оқу бағдарламасы жүзеге асырылады.

Ары қарай оқу >>

ІЛЕ АЛАТАУЫНДАҒЫ МЕДИА ДИАЛОГ

15.02.2019

Толеранттылық. Диалог. Бейбітішілік. Бұл биылғы жылғы ЮНЕСКО бекіткен Бүкәлемдік радио күнін атап өтудің жаһандық тақырыбы. VI Халықаралық журналистика және коммуникация қысқы мектебі жұмысы дәстүрге берік. 2014 жылдан бері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультеті Алматы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы және ҚР БҰҰ Ақпараттық Бюросы қолдауымен Бүкіләлемдік радио күініне арналған Халықаралық журналистика және коммуникация қысқы мектебін өткізіп келеді.

Ары қарай оқу >>