ЖАС ТІЛШІЛЕР БАЙҚАУЫ ЕРЕЖЕСІ

23.11.2022

Көрулер: 1377

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультеті Баспасөз және электроды БАҚ кафедрасы 2023 жылдың 31 наурызда  Республикалық «Ұлан» газетінің қолдауымен 48-ші Жас тілшілер форумы аясында «Журналист болғың келе ма?» байқауын жариялайды.

 

Байқауға республикалық мектеп оқушылары арасындағы шығармашылық жұмыстарды жіберуге болады. Байқау материалдарын қабылдау мерзімі: 2023 жылдың 27 наурыз сағат: 24.00-ге дейін.

 

Номинациялар:
Журналист болғың келе ме?
Газет, әлде интернет?
Мультимедиа журналисінің бір күні

Байқауға ұсынылатын материалға қойылатын талаптар:
Байқауға Times New Roman, 12-ші қаріппен публицистикалық стильде жазылған материалдар қабылданады.
Көлемі 5 беттен аспауы керек. Ұсынылған жұмыста шығарма мәтінінен кейін оқушының аты-жөні, сыныбы, мектебі, елді-мекен атауы, облысы, таңдалған номинациясы, жетекшінің  аты-жөні, электронды адрестері болуы міндетті.

 

Шығармалар байқауының өткізілу мерзімі – 2022 жылдың 18 қарашасынан  2023 жылдың 27 наурызға  дейін.
Жұмыстар қабылданатын соңғы күн – 27 наурыз , 2023 жыл, сағат: 24.00

Байқаудың қорытындылары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде 2023 жылдың 31 наурызда өтетін  48-ші Жас тілшілер форумында таныстырылады.

Талапкерлер  «Қазақ радиосы», «Ұлан», «Дружные ребята» редакцияларында, «Хабар», «Qazaqstan» Ұлттық телеарналары тілшілерінің шеберлік сыныптарына онлайн форматта қатыса алады.  

 

Үйлестірушілер:

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы  меңгерушісі. профессор  Сұлтанбаева Гүлмира Серікбайқызы, Ұялы тел: + 77073777049, e-mail: sultanbaeva@gmail.com
Аға оқытушы Әлім Әсел Аманханқызы. Ұялы тел: + 77022936705;
e-mail: aselalimkaznu684@gmail.com