Қабул Оралбай Құрманбайұлы

«6D020100 – Философия» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Қабул Оралбай Құрманбайұлының «Сабақтастық – философиялық ұғым (құндылықтар трансформациясы)» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат енгізулеріңізді өтініп сұрайды.

Қорғау тілі: қазақ.

Диссертация Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің философия кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Абдиғалиева Гүлжан Қанайқызы – философия ғылымдарының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Саясаттану жане саяси технологиялар кафедрасы. Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 09.00.13.

Құранбек Әсет Абайұлы – философия ғылымдарының кандидаты, «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының редакторы. Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 09.00.03.

Ғылыми кеңесшілері:

ҚР ҰҒА академигі, филос.ғ.д., профессор Ғарифолла Есім.Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің философия кафедрасының меңгерушісі, Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан.

Синан Өзбек – PhD, ассоциацияланған профессор, Қожаелі университетінің философия кафедрасының меңгерушісі, Измит қ., Түркия.

Қорғау 2019 жылдың 02 қараша күні сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D020100 – Философия», «6D020400 – Мәдениеттану», «6D020600 – Дінтану», «6D021500 – Исламтану» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050012, Алматы қаласы, Қарасай батыр, 95, шығыстану факультеті,               № 426 аудитория.

2019 жылғы 25 қазандағы диссертациялық кеңестің шешімі, 2019 жылғы 6 ққарашадағы  № 4-5900 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры бұйрығының негізінде  Қабул Оралбай Құрманбайұлына 6D020100-философия мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді. 

Философия докторы дәрежесін беру турылы бұйрық

Басылым күні :  28.09.2019