«Ғылымдағы жастар»

25.08.2022

Көрулер: 1740

2022 жылғы 24-25 тамыз күндері Нұр-Сұлтан қаласында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Astana IT University мен Nazarbayev University қабырғасында «Адами капитал – Жаңа Қазақстанның дамуының негізгі ресурсы» Ғылым және жоғары білім форумы өтті.

Форумға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері, жетекшілер, жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың өкілдері, топ-менеджерлер, жұмыс берушілер мен еліміздің барлық аймағынан 200-ден астам жас ғалым, зерттеуші қатысты.

«Ғылымдағы жастар» секциясы ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі С. Нұрбек пен жас ғалымдардың кездесуі өтті. Аталған іс-шарға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жас ғалымдар кеңесі атынан кеңес Төрағасы Исмаилов Д.В. қатысты.

 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі жоғары білім мен ғылым саласы дараланып, әр студент, ұстаз бен ғалымның басты назарда болуы керек деген ой білдірді. Сондай-ақ ғалымдар мен студенттердің мүдделері мен қажеттіліктеріне әсер ететін университеттердегі экожүйеге көшу, «Жаңа кәсіптер атласын» әзірлеу және т.б. мәселелер қаралды.


Форум аясында ғылыми қауымдастықтар мен әр университеттен келген жас ғалымдар өкілі тәжірибелерін бөлісіп, жеткен жетістіктерін таныстырды.