«Қытай тілі» оқулықтарын жазу әдістері мен талаптары: Пекин тілдер университетінің кітап жазу тәжірибесі негізінде» тақырыбында семинар өтті

12.10.2022

Көрулер: 821

12.10.2022 сағ.15:00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының «Әдістемелік семинар» жоспарына сәйкес кафедра оқытушысы Дүйсенбай Құлпынай «Қытай тілі» оқулықтарын жазу әдістері мен талаптары: Пекин тілдер университетінің кітап жазу тәжірибесі негізінде» тақырыбында семинар өткізді.  Семинар бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып отырған ЖОО студенттеріне арналған Отандық «Қытай тілі» (деңгей бойынша) оқулықтарының жетіспеушілігіне арналды. Өйткені біздердің қолданып жүрген оқулықтарымыз Қытайдың түрлі баспаларында жарық көрген оқулықтар. Олардың қатарына:Пекин тілдер университетінің баспасынан шыққан“新实用汉语课本New Practical Chinese Reader”және “HSK1-6нStandard Course”және т.б. оқулықтар бар. Олардың сапасы, практикада қолданысы, заман талаптарына жауап беретін, ұзақ уақыттар бойы апробациядан өтіп, әлемдегі жоғары сұранысқа ие оқулықтар болғанымен, біздің ұлттық ерекшелігімізге сай келе бермейді.  Семинарда осы мәселенің бізде ғана емес әлемдік деңгейде, Қытайдағы шетелдіктерге қытай тілін үйретумен айналысатын мекемелердің, арнайы оқулықтар жазатын авторлардың да көтеріп жүрген мәселесі екенін ерекше атап өтілді. Осы тұрғыда Дүйсенбай Қ. оқулық жазу барысында қандай мәселелерге назар аудару керектігін, бүгінгі күнге дейін жарық көрген оқулықтарға талдау жасау барысында, авторлардың қандай қателіктер жібергенін нақты мысалдармен, өзінің алғашқы «Қазіргі қытай тілінің нормативтік грамматикасы» оқу құралын жазу барысында кездескен қиыншылықтар мен олқылықтарын да атап көрсетті. Семинар өте жоғары деңгейде өтті, оқытушылар үшін өте пайдалы болды. Баяндамашы  бұл мәселені жан-жақты зерттеп, талдау жасау арқылы  өз тұжырымын жасап, ұсынысын айтты.