Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасында «Орта ғасыр түркі жазба ескерткіштердегі парсы сөздердің қолданылу ерекшеліктері» тақырыбында онлайн семинар берілді

12.03.2021

Көрулер: 1955

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасы оқытушы Кутлугжон Сұлтанбектің модераторлығымен «Орта ғасыр түркі жазба ескерткіштердегі парсы сөздердің қолданылу ерекшеліктері» тақырыбында онлайн семинар өткізілді. Бұл осы бағыттағы сегізінші семинар. Бұл маңызды семинарды проф. м. а. Зубайда Шадкам жүргізді.

Семинарға университетіміздің оқытушы-профессорлар қауымы, студент, магистрант, докторант және шетелдік зерттеушілер де қатысты. Тақырыбы жағынан шығыстану, түркітану және басқа да мамандықтар үшін маңызды болып есептелетін қолжазбалардың аударылу ерекшеліктері айтылып өтті. Бұнымен қоса, күні бүгінге дейін араб әрпімен жазылған мәдени мұраларымызды аудару кезінде жіберілген қателіктер, оның ішінде парсы тілінен енген сөздерді аудару ерекшеліктері туралы сөз қозғалды. Араб әріптерін Қараханид кезеңінен бастап XX ғасырға дейін қолданып келген түркі халықтары мұрасының барлығының ғылыми айналымға түсуіне байланысты маңызды мәселелер қозғалды. Семинарға қатысты тағы бір айта кететін мәселе, Орта Азия халықтарында сын-пікір айту / жазу мәселесінің ғалымдар арасында әлсіз болғандығы тілге тиек етілді. Семинардың соңында Түрксой кафедрасының меңгерушісі PhD У.Т. Кыдырбаева факультет ұжымы атынан алғыс білдірді.