Саха ғалымдары Шығыстану факультетінде

05.11.2019

Көрулер: 2013

Саха ғалымдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде арнайы келіп, Түрксой кафедрасының профессор оқытушылар құрамымен кездесті.

 

         Құрметті қонақтарды РС Ғылым академиясының академигі Слепцов Петр Алексеевич бастап келді. «Якут тілінің үлкен түсіндірме сөздігі» жобасының жетекшісі Владимир Дмитриевич Монастырев «Саха елінен келген делегацияның басты мақсаты – Қазақстандық ғалымдармен танысу» деді. Сондай-ақ көлемі 10 мыңға жуық беттен тұратын «Түсіндірме сөздікте» саха тілінің 80 мыңдай сөздері мен фразеологизмдері қамтылған және олардың түсіндірмелері саха-орыс тілдерінде берілген 15 томдық сөздікті Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында көпшілікке таныстыру екендігін жеткізді. Сөздік авторлары ф.ғ.к., ғылыми қызметкерлер Надежда Матвеевна Васильева, Надежда Николаевна, Ольга Никоноровна Аммосова, т.б. кіші ғылыми қызметкерлер мен магистранттар соңғы 15 жылда бір-бір томнан шығарып, тоқтаусыз жұмыс істегенін айтты. Осы сөздіктің бір данасын кітапханаға сыйлайтындықтарын хабарлай отырып, Түрксой кафедрасының студенттері мен магистранттары пайдалана алатындықтарын тілге тиек етті.

Сөз кезегін алған «Саха тілінің үлкен түсіндірме сөздігі», («БТСЯЯ») сөздігінің бас редакторы, ф.ғ.к. Нелунов Анатолий Гаврильевич «Іссапардың басты мақсатытүркі әлеміне ортақ құндылықтарды, түркі халықтарының тарихы мен мәдениетін насихаттап, тәжірибе алмасу» деп өз сөзін түйіндеді.

       Саха ғалымы, академик Петр Алексеевич Слепцов «Якут тілінің үлкен түсіндірме сөздігінің авторы ретінде түркі тілдеріндегі түсіндірме сөздіктердің жаңаша әдістерімен жасалған бірегей басылым екенін айта келе, Түрксой кафедрасының оқытушы-профессорларымен өз тәжірибесімен бөлісті.

       Кездесу соңында факультет деканы Ықтияр Палтөре саха ғалымдарына арнайы уақыт бөліп факультетімізге келгендігі үшін өз алғысын білдірді. Ғылым-білім саласындағы байланыстарды нығайтудың маңыздылығына тоқталды. Әріптестікті нығайтуға мүдделі екендігімізді жеткізді.  

                                                                                                                                                                                                                 Қортабаева Г.Қ.

                                                                                                                                                                                                  Шығыстану факультеті

                                                                                                                                                                                                        Түрксой кафедрасы