Журналистика қызығы мен қиындығы қатар жүретін, төзімділікті, ұқыптылықты, жан-жақты білімділікті талап ететін жауапты саланың бірі. Қоғам үшін маңызды рөл атқарады десек те артық емес. Қоғам өмірін шындықтың шырақшысы болған маман иелерінсіз елестету де қиын.
Журналистика зор жауапкершілікті қажет етеді. Нақтылай атқаратын қызметін бөліп қарайтын болсақ, біріншіден, әлемдік, саяси жаңалықтарды халыққа жеткізу. Екіншіден, жеткізіп қана қоймай, әрбірін анықтауды, саралауды, өңдеуді қажет етеді.Үшіншіден, қоғамға жеткізе отырып, көтерілген мәселені, ойды насихаттай отырып ұнамды да, түсінікті болуы қажет.