Events

«ҰЛТТЫҚ ФОТОӨНЕР: ТАРИХЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ»

3/29/2021

2021жылдың 15-сәуірінде сағат 11.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультетіндегі Е.Шаймерденов атындағы аудиторияда Қазақстан фотографиясының 180 жылдығы аясында ұстаз, фотожурналист Асылхан Әбдірайымұлының 60 жасқа толған мерейтойына арналған «ҰЛТТЫҚ ФОТОӨНЕР: ТАРИХЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтеді.

Read more >>

QR AQDM МИОР РК Al-Farabi Kazakh National University #ЭКОЛОГИЧЕСКАЯЖУРНАЛИСТИКА #ВРАМКАХЦЕЛЕЙУСТОЙЧИВОГОРАЗВИТИЯ

3/28/2021

Экология саласында маманданған журналистерге арналған дәрістерін тыңдаған елуден астам БАҚ маманы экологиялық білімін арттырды.Аталмыш курс 2020 жылы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі арасындағы Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумды жүзеге асыру аясында өтті.

Read more >>

DRAFT PROGRAM OF THE PARTY "ALASH"

3/28/2021

First of all, we need to become a Democratic, Federal Republic. (The meaning of democracy is that the state is governed by the people. The meaning of the federation is the unification of the states of the same age. In the Federal Republic, each state has its own foundation and solidarity. Each of them carries its own reins).

Read more >>

Analysis of the Alikhan Bukeikhanov's article "UYAT-AY"

3/28/2021

Probably, you heard about the situation in the beginning of the 20th century, where a majority of the Kazakh intelligentsia were imprisoned. Even if this was one of the tough times, they tried to support each other. One of the brightest examples is Alikhan Bukeikhanov's article "Uyat-ay", which was published in the "Kazakh" newspaper. The main point was to explain that people must struggle for their nation despite of the obstacles and threatens.

Read more >>

Т. ҚОЖАКЕЕВ ОҚУЛАРЫНА АРНАЛҒАН Б А Й Қ А У Е Р Е Ж Е Л Е Р І

3/28/2021

2021 жылдың 23-сәуірінде студенттер мен жас ғалымдарға арналған  «Қожакеев оқулары» 

2021 жылдың 23-сәуірінде студенттер мен жас ғалымдарға арналған  «Қожакеев оқулары»  аясында ең үздік студенттік теле-жобаларға, тележурналистика мен радиожурналистика және электронды БАҚ, заманауи бұқаралық коммуникация құралдары, сандық технология салалары бойынша ұсынылған ғылыми-зерттеу жұмыстарына    байқау жарияланады. 

Байқауды ұйымдастыру мақсаты - студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми ізденісін арттыруға, телерадиожурналистика бағытындағы шығармашылық ойлары мен жаңаша идеяларын жүзеге асыруға ықпал ету. 

Байқаудың номинациялары:

1. Ең үздік ғылыми жоба

2. Ең үздік публицистика

3. Ең үздік сатиралық туынды

4. Ең үздік мультимедиалық жоба 

 Жалпы ережелер           

1.Қазақстан жоғары оқу орындарының журналистика факультеті студенттері арасында Қожакеев оқулары  аясында ең үздік студенттік ғылыми-зерттеу жұмысы мен  тележурналистік шығармашылыққа, тележурналистика мен радиожурналистика, қазіргі электрондық медиа мен сандық технологиялардың ұлттық және жаһандық ақпараттық кеңістікте дамуы, ҚР мен әлемдік ақпараттық қоғамның  проблемалары мен таяу болашағын саралауға арналған ғылыми-зерттеу жобаларына байқау 2021 жылдың 15 наурыз - 15 сәуір аралығында өтеді.

Материалдардың қабылдануы мерзімі – 2021 жылдың  15 сәуірге дейін Akynbek75@gmail.com электронды почтасына жолдайсыздар. 

Байқау нәтижелері 2021 жылдың  23 наурызында шығарылады.  Байқауды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы ұйымдастырып, жариялайды. 

Әділқазылар алқасы Әділқазылар алқасы құрамына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушыпрофессорлары, журналистер, тележурналистика мен электронды бұқаралық коммуникация салаларында қызмет ететін белгілі қоғам қайраткерлері қатысады. 

Ең үздік жұмыстар әділқазылар алқасы мүшелерінің шешімімен іріктеледі. Негізгі талаптар: Қожакеев оқулары  аясында ұсынылатын ең үздік студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстары, телепублицистік шығармашылық жетістіктер мен ғылыми-зерттеу жобалар байқаудың мақсаты мен міндеттеріне сай болуы шарт.  Марапаттау:  Байқау жеңімпаздары 1,2,3-дәрежелі дипломдармен марапатталып, қатысушыларға сертификат беріледі.         Ғылыми жұмыстар мен жобаларға қойылатын техникалық талаптар:                

Ғылыми жұмыстар талапқа сай электронды түрде, ал тележобалар ютуб арнасына жазылып ұсынылуы тиіс.         

Ғылыми жұмыстар мен жобалар төмендегідей талаптарға сай болуы тиіс:

1.Ғылыми жұмыс (мақала) мәтіні 20-40 бет көлемінде және тіркеу  формасы MS Word мәтіндік редакторы бойынша жазылған болуы тиіс. Кесте, схемалардың, суреттердің өз атауы болуы   және Windows аясында терілуі тиіс.

2. Парақтың параметрлері: жоғарғы жағы-2 см,  төменгі жағы -2см, сол жағы-3см, оң жағы 2 см.

3.Шрифт:  Times New Roman, Kz Times New Roman, кегль-14.

4. 1 - Аралық интервалмен. Жаңа жол: 1,25 см.

5. Бір интервалдан кейін жаңа жолдан ғылыми жұмыстың материалдары беріледі.

6. Әдебиеттер тізімі ғылыми жұмыстың соңында және тізім  тәртібіне сәйкес  жазылады.       

 Ғылыми жұмыста әдебиеттер тізімі «квадратты» жақшада әдебиеттер тізіміндегі автордың еңбек нөміріне сәйкес қойылады. Сілтемені қолданғанда қайнар көздің бетін  көрсету керек. Мысалы: [ 1, 256 б].

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі, с.ғ.д., профессор               

Г.С. Султанбаева тел.: +77272211492, моб.: +77011527488, +77073777049 Ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары, PhD  А.Б.Ақынбекова, тел.: +77272211351, моб.: +77772750861 

 

Ақпаратты сайтқа салған: ЕЛҒОНДИНОВА Аружан 

аясында ең үздік студенттік теле-жобаларға, тележурналистика мен радиожурналистика және электронды БАҚ, заманауи бұқаралық коммуникация құралдары, сандық технология салалары бойынша ұсынылған ғылыми-зерттеу жұмыстарына    байқау жарияланады. 

Байқауды ұйымдастыру мақсаты - студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми ізденісін арттыруға, телерадиожурналистика бағытындағы шығармашылық ойлары мен жаңаша идеяларын жүзеге асыруға ықпал ету. 

Read more >>

«БАСПАСӨЗДІҢ БОЛАШАҒЫ: БОЛЖАМДАР МЕН ПРАКТИКАЛЫҚ ШЕШІМДЕР»

3/28/2021

2021 жылдың  12-мамырында сағат 11.00-де  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультетіндегі Е. Шаймерденов атындағы аудиторияда Бекқожин оқулары аясында «БАСПАСӨЗДІҢ БОЛАШАҒЫ: БОЛЖАМДАР МЕН ПРАКТИКАЛЫҚ ШЕШІМДЕР»  атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайнконференция өтеді.  

Read more >>

"Publishing and Media Design: current trends, problems and prospects"

3/28/2021

April 8, 2021 at 14:00 in the auditorium named after A. Ydyrysov at the Faculty of journalism of al-Farabi Kazakh National University will be held an international scientific and practical online conference "Publishing and Media Design: current trends, problems and prospects", dedicated to the memory of the outstanding scientist, teacher, writer, publicist, founder of design of the Kazakh press, candidate of historical sciences, professor Abilfayz Ydyrysov. 

Read more >>

«ТЕМІРБЕК КОЖАКЕЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ САТИРАЛЫҚ ПУБЛИЦИСТИКАСЫ»

3/28/2021

2021 жылдың  23-сәуірінде сағат 11.00-де  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультетіндегі Е. Шәймерденов атындағы аудиторияда IX Қожакеев оқулары аясында   «ТЕМІРБЕК КОЖАКЕЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ САТИРАЛЫҚ ПУБЛИЦИСТИКАСЫ»  атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтеді.

Read more >>

2021 жылдың 12-мамырында студенттер мен жас ғалымдарға арналған «Бекқожин оқулары» аясында ең үздік студенттік теле-жобаларға, тележурналистика мен радиожурналистика және электронды БАҚ, заманауи бұқаралық коммуникация құралдары, сандық технология салалары бойынша ұсынылған ғылыми-зерттеу

3/28/2021

2021 жылдың 12-мамырында студенттер мен жас ғалымдарға арналған «Бекқожин оқулары»  аясында ең үздік студенттік теле-жобаларға, тележурналистика мен радиожурналистика және электронды БАҚ, заманауи бұқаралық коммуникация құралдары, сандық технология салалары бойынша ұсынылған ғылыми-зерттеу жұмыстарына байқау жарияланады. 

Байқауды ұйымдастыру мақсаты - студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми ізденісін арттыруға, телерадиожурналистика бағытындағы шығармашылық ойлары мен жаңаша идеяларын жүзеге асыруға ықпал ету. 

Read more >>