Елғондинова Аружан Дидарқызы

  • Елғондинова Аружан Дидарқызы Алматы қаласында дүниеге келген. 2010 жылы М. Базарбаев атындағы №138 гуманитарлық-өнер гимназиясын үздік бағамен тәмамдады.  Қазақтың классик ақыны Заида Елғондинованың отбасында дүниеге келген Аружан қаршадайынан қазақтың сүт бетіндегі қаймақтары, сауырына қамшы салдырмай, шабыт шашасына шаң жұқтырмаған ақын-жыраулардың жыр жауһарларын оқып, сөз майталманы журналист болуды мақсат тұтты.
  • 2010 жылы сонау қазақтың мүйізі қарағайдай ұлы тұлғалары дәріс берген қасиетті қара шаңырақ  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультеті Баспа ісі кафедрасына оқуға түсіп, 2014 жылы бітірді. «Ақын Заида Елғондинованың ғарыштық поэзиясына редакторлық көзқарас» тақырыбында дипломдық тақырыбын зор абыроймен қорғады. Қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырында елінің тәуелсіздігі жолында егіленбей күресіп, қызыл аяқ қар кешіп, жалаң аяқ жар кешкен ұлт арысы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Социализм» атты мақаласын зерттеп, «Кемеңгердің кемел ойы» атты мақаласы, «Адалдық пен аманат», «Ерлігі ерен өр тұлға», «Ұлт мұрасын ұлықтау» атты мақалалары республикалық газет беттерінде жарияланды.
  • 2018 жылы «Баспа ісі» мамандығының магистратурасына оқуға түсіп, 2020 жылы аяқтады. Диссертация тақырыбы "Ақын Заида Елғондинованың поэзиясындағы сюрреалистік және декаденттік бағытқа редакторлық көзқарас". Аталмыш диссертация ақын Заида Елғондинованың сюрреалистік және декаденттік поэзиясын зерттеуге бағытталған.
  • Алғашқы тарау ақынның балалықшағы, өскен ортасы мен еңбек жолына арналса, кейінгі тарау ақын Заида Елғондинованың сюрреалистік поэзиясының испан, француз сюрреалистақындарымен үндестігін зерттеуге арналған. Сондай-ақ, ақынның сюрреалистік поэзиясындағы шексіздік концепциясы жан-жақты талданады. Махаббат тақырыбындағы сюрреализм мен ерлік тақырыбындағы сюрреализмнің ұқсастықтары мен айырмашылықтары тереңінен зерттеліп, сараптамалық талдау жүргізіледі.
  • Үшінші тарауда ақын Заида Елғондиновамен сұхбат жүргізіледі. Ақынның шабыттанған сәті, өлең туған сәті, өлең жазғаннан кейінгі әсері зерттеледі.