ЖАҢА ЖЫЛ КЕШІ

   Жаңа жыл – әлемнің көптеген халықтары тойлайтын ортақ мереке. Әр халық әртүрлі деңгейде және әртүрлі ғұрыпта тойлайды. Әр жылдың бірінші қаңтарының түні (31-желтоқсаннан 1-қаңтарға қараған түн) – Жаңа жыл түні.

   Жаңа жыл біздің факультетте де тойланды. 2010 жылдың желтоқсан айының 24 күні механика-математика факультетінің акт залында жаңа жылдық кеш өтті. Осындай керемет жаңа жылдық мерекеге арналған кештің ұйымдастырылуына информатика кафедрасының оқытуышлары, атап айтқанда кафедраның аға оқытушылары Закариянова Н.Б. мен Абельмажинова Д.З. және 4 курс студенттері ұйытқы болды. Кешке механика-математика факультетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерінен өзге филология, тарих және заң факультеттерінің студенттері және Азамат, Жебе тобы, ДиАрт тобы, Қилымқан Бибигүл сынды Қазақстанның эстрада жұлдыздары қатысты.

 


   

Өнерлі студенттеріміз

 

Кешті информатика мамандығының 4 курс студенті Жақсылықов Ескендр мен 1 курс студенті Исақожаева Іңкәр жүргізді. Кеште факультет деканы профессор Әбдібеков Уәлихан Сейділдәұлы кеш қонақтарын құттықтап, «Құрметті әріптестер мен студенттер! Сіздерді келе жатқан жаңа 2011 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жыл жүріп өткен бір жылға баға беріп, жаңа бастамалар мен ізденістерге тың қадам жасайтын, серпін беретін, жақсылыққа ұмтылатын, жаңаша ойлауға жол сілтейтін ерекше сипаттағы айтулы мереке. Сондықтан да жаңа бастамаларыңыз бен еңбектеріңізге зор табыс тілеймін.  Әрқайсыңызға бақ–береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа – бақыт пен шаттық тілеймін. Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын! Ел экономикасы дамып, Еліміз алдыңғы қатарлы үздіктер құрамына кіруіне тілектеспін! Қоян жылы әрбір отбасына бақыт пен нұр әкелсін!» деген өз тілегін білдірді.

Жаңа жылдық кешке алыстан ат арыта аяз ата немересі ақшақарды ерте, көрермендерді шаттыққа бөлей, өз сый-сыйапатын ала келіпті.  

Кеште көрермендер студенттер мен эстрада жұлдыздарының өнерінен басқа информатика кафедрасының оқытушыларының да өнерлерін тамашалады. Информатика кафедрасының оқытушылары Ақшабаев Айдардың салған әні мен Құмалақов Болатжан тартқан күйі құлақтан кіріп, бойды алардай әсер қалдырды.

                                                               

Құмалақов Б. күй орындауда


Әуелеген әуезді ән және мың бұралтар бимен қатар көрермендер арасында жаңа жылдық конкурстар ұйымдастырылды. Конкурстан үздік шыққандарға арнайы сыйлықтар табысталды.

   

Оқытушылар мен студенттер белсенділік танытуда


Жаңа жыл мерекесіне арналған кешке қатысқан профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер, жалпы көрермен қауымы керемет әсерде, дән ризашылықта тарасты. Мереке соңы студенттер үшін жаңа жылдық би кешіне ұласты. Жаңа жылда жарқын табыстарға жете берейік!

Информация