Жиі қойылатын сұрақтар

Академиялық мобильділік дегеніміз не?      

Академиялық ұтқырлық –бұл білім алушылардың немесе зерттеуші-оқытушылардың оқу немесе зерттеу жүргізу үшін белгілі бір академиялық кезеңге: семестр немесе оқу жылына басқа жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелде) ауысуы, мұндай жағдайда меңгерілген білім беру бағдарламасы кредиттер түрінде өз жоғары оқу орнында немесе басқа жоғары оқу орнында қайта есептеледі.

 

ECTS дегеніміз не?      

ECTS (Кредиттерді жинақтау және аударудың Еуропалық жүйесі) -үлгісі 1989 жылы студенттердің ұтқырлығын арттыру мақсатында Еуропалық Комиссия сынақ бірліктерін иемдену тәсілімен осы жүйені енгізді. Бұл жүйеде негізінен жүк студенттерге түседі, яғни олар берілген білімді ала отырып, көрсетілген нәтижелерге жетуі керек. ECTS кредиттік жүйесі – халықаралық қолданыстағы өлшем.

 

ECTS кредиттері            

 

ECTS студенттің еңбегін өлшейтін жеке өзінің кредиттері бар жүйе. Студенттің еңбегіне: дәріске қатысу, дәрісханалық сағаттар және студенттің жеке жұмысына арналған сағаттар, емтихандарға дайындықтар мен сынаққа арналған шаралар жатады. ECTS кредиттері әртүрлі курстағы әр студенттің академиялық оқу жылындағы жұмыстарын және керекті мөлшерін көрсетіп тұрады.

ECTS жүйесіндегі ортақ жылдық жүктеме 60 кредитке тең. Бір семестрге 30 кредиттен келеді. Бір ECTS кредит 25-30 академиялық сағатқа тең.
ECTS бойынша білім алушының өтініші                    

 

Студент жоғарғы оқу орнын таңдағаннан кейін, ECTS бойынша өтінішті толтырады. Өтінішті толтыру үшін студент білім алу бағдарламасы туралы мәліметтерді білуі тиіс.

Студенттің өтінішінде жіберген жоғарғы оқу орынның толықтай аты, мекен-жайы, факультеттегі/департамент және жоғарғы оқу орынның академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша координатордың аты-жөні, студенттің жеке мәліметтері (аты-жөні, туған жылы, мекен-жайы, байланыс телефондары) көрсетіледі.

Өтініште білім алушылардың ұтқырлық бағдарламасына қатысуының уәждемесі туралы ақпарат, шет елдегі оқыту тілі бойынша біліктілік деңгейі туралы мәлімет, жұмыс тәжірибесі, шет елде білім алуға грант алу мүмкіндігі туралы белгі көрсетіледі.

 

Білім алу туралы үшжақты келісім-шарт        

Академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша оқытуға келісім беру, студенттің академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқу үдерісін реттейтін негізгі құжат болып есептеледі және ағылшын тілінде толтырылады.

Қабылдаушы жоғарғы оқу орны білім алушыны академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға қабылдауға келсімін берген жағдайда, үшжақты келісімге қол қойылады: қабылдаушы ЖОО, білім алушы және жіберуші ЖОО.

Шетелде оқу бағдарламасы сипатталған Келісім студент қабылданатын жоғарғы оқу орнына келгенге дейін қол қойылуы тиіс.

 

Білім алу туралы келісім-шартта келісілген оқу бағдарламасына өзгерістер енгізу мүмкін бе?

 

Иә, мүмкін. Студент қабылданған жоғарғы оқу орнына келгеннен кейін, келісілген оқу бағдарламасын келесі себептермен өзгерте алады: уақытша келеңсіз жағдайларда, таңдалған курстың сәйкес келмеуі (деңгейі мен сипаттамасы) және т.б. Сондықтан, Келісімде оқу бағдарламасын өзгерту қарастырылған.

Студенттің таңдаған курсы мен оқу бағдарламасы жіберген және қабылдайтын жоғарғы оқу орнымен келісілгені (мақұлданғаны) өте маңызды. Бастапқы келісілген оқу бағдарламасына өзгерістер енгізілген жағдайда, сол өзгерістер Келісім-шарттың сыртқы жағында көрсетіледі. Қабылдайтын және жіберген жоғарғы оқу орынның координаторы мен студент қайтадан Келісім-шартқа қол қояды.

 

Білім алу жөніндегі транскрипт

Білім алушының академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алғанын дәлелдейтін қорытынды құжат –оқыту туралы транскрипт.

Оқыту туралы транскриптіне оқыту бағдарламасы (пәннің коды) туралы мәліметтер, пәннің атауы, пәнді оқыту ұзақтығы (жыл,с еместр, триместр), оқудағы бағасы (ұлттық және ECTS шәкілі бойынша) , ECTS кредиттерінің саны енгізіледі.

Толық оқыту бағдарламасы бойынша сәтті білім алған жағдайда, дәреже, атақ беру туралы белгі жасалады.

Оқыту туралы транскриптте оқыту бағдарламасының саласы туралы анықтамалық (қосымша) мәліметтер көрсетіледі: ЖОО-дағы бағалау жүйесінің сипаты; ECTS бағалау жүйесі; оқу жылы, семестр, триместрдегі ECTS кредиттерінің саны.