Жетістіктер

 

 

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектерді жұмыспен қамту Рейтингісінде 500 ЖОО ішінен 251 орынға ие болған Орталық Азиядағы алғашқы университет атанды.

Рейтинг жұмыс берушілердің студенттермен өзара іс-қимылын ұйымдастыру және бітіргеннен кейін жұмысқа орналасуы, жұмыс берушілер арасында беделі, түлектердің кәсіби жетістіктері, жұмыс берушілермен серіктестік сынды бағалау критерийлері негізінде құрастырылды. Бұл жоғары нәтиже ҚазҰУ-дың жұмыс берушілермен тығыз байланысы бар екенін және көптеген ЖОО түлектерінің елдің үздік компанияларында және одан тыс жерлерде табысты жұмыс атқаратынын растайды.

2017/2018 жылғы түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша Стэнфорд университеті, Калифорния университеті, Гарвард университеті, Сидней университеті және Массачусетс технологиялық университеттері көшбасшы орынды иеленді.

 

 

 

Алғаш рет Қазақстандық университет - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемдегі 800 ең үздік университеттер арасында 220 орынға ие болып, QS «World University Rankings» халықаралық рейтингісінде тағы 16 орынға алға шықты. Бұл топқа посткеңестік кеңістіктен тек екі университет кіреді: ҚазҰУ және Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (РФ). 

Елбасы Қазақстанның жоғары оқу орындарына әлемдегі ең үздік 200 ЖОО қатарына кіру міндетін қойып отыр. ҚазҰУ әлемдік кеңістікте мойындалған еліміздің жетекші университеті ретінде осы маңызды мемлекеттік тапсырманы іске асыруда мақсатты жұмыс атқаруда. Соңғы бес жылда университет «QS WUR» рейтингісінде 400-ден астам позицияға көтерілді. Әлемдік тәжірибеде бірде-бір университет осындай өсу динамикасына қол жеткізбеген! 

QS әлемдегі барша мемлекеттермен танылған беделді және көптеген жылдар бойы әлемдегі үздік жоғары оқу орындарының жаһандық рейтингісін жүргізіп келе жатқан ықпалды халықаралық агенттіктердің бірі екендігі мәлім. 

ҚазҰУ-дың осы рейтингіде табысты ілгерілеуінің маңызды факторы кең аудымқы құрылымдық модернизация, нәтижеге бағытталған басқарудың жоғары тиімділігі, сондай-ақ соңғы бес жыл ішінде 40 пайызға өскен бірегей инфрақұрылымның қарқынды дамуы болып табылады. Әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналу бағытын сақтай отырып, ҚазҰУ медицина-биологиялық және инновациялық ІТ кластерін қалыптастыру бойынша жұмыс жасауда, оның негізін жаңа суперкомпьютер құрайтын болады. 

Университеттің әлемдік деңгейде танылуы сонымен бірге ҚазҰУ-дың тұрақты даму бойынша БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» бағдарламасының Ғаламдық хабы ретінде белсенді қызметімен және оның халықаралық жобаларымен де байланысты. Олардың ішінде ҚазҰУ ұсынған инновациялық-технологиялық және рухани-адамгершілік платформалардың симбиозына негізделген «Университет 4.0» жаңа буын университетінің моделі бар.

Бүгінде ҚазҰУ-дың таңғаларлық тәжірибесін әлемнің жетекші университеттері зерттеу үстінде, бұл университеттің жоғары бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіші болып табылады. Жетекші қазақстандық жоғары оқу орнының әлемдік ғылыми-білім беру кеңістігіндегі артып келе жатқан рөлін ескере отырып, «QS Worldwide» Атқару кеңесі 2019 жылдың қыркүйегінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ негізінде бүкіләлемдік форум және жоғары оқу орындарының халықаралық көрмесін өткізу туралы шешім қабылдады. Осындай ауқымды іс-шараны өткізу Қазақстанның өсіп келе жатқан беделін айғақтайды және елдің жоғары білім беру жүйесін әлемде алға жылжытуға ықпал ететін болады.

 

 

 

 

ҚазҰУ үшінші рет БҰҰ-ның Әлемдік хаб бағдарламасын жүргізеді  

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ де 2020 жылға дейін БҰҰ-ның тұрақты даму жөніндегі ғаламдық хабын жүргізү мәртебесіне арналған баспасөз мәслихаты өткізілді. БҰҰ-ның әлемдік коммуникация жөніндегі бас хатшысы Алисон Смайлдың қолы қойылған сертификатын таныстыру рәсімінде, БҰҰ-ның Алматыдағы қоғамдық ақпарат департаментінің басшысы Властимил Самек, ҚазҰУ лайықты білім көшбасшысы екенін, сонымен қатар ғылым және әлемдегі мыңдаған университеттер арасында БҰҰ-ның тұрақты даму бойынша әлемдік хабының өкілеттігін жүргізү үлкен мәртебе болып табылады. 2011 жылы Әл-Фараби Орталық Азия университетерінің арасында «Академиялық ықпал» бағдарламасына қосылды. ҚазҰУ жас зерттеушілерді «Жасыл көпір ұрпақтан ұрпаққа» бағдарламасы арқылы ғылыми және білім беру орталықтарына жібереді. Қазіргі таңда Қазақстанның 25 жоғары оқу орындары БҰҰ «Академиялық ықпал» бағдарламасына қосылған. Альянс академиялық қоғамдастықтың 17 зияткерлік әлеуетін және тұрақты даму БҰҰ-ның әлемдік денгейдегі мәселелерді шешу және энергияны біріктіру мақсаттарының жүзеге асыру бағытында студенттердің бастамасына қолдау көрсету үшін құрылды. ЮНАЙ Хаб тұрақты даму, ҚазҰУ сенім сертификат табысталуы рәсімі, ҚазҰУ жаңа мақсаттар мен міндеттері, тұрақты даму саласындағы жетекші рөлін маңызды көрсеткіші болып табылады, сонымен қатар қауіпсіз және жарқын болашақ игілігі үшін білім және ғылыми интеграциялық үдістерінің қуатты серпініне айналады.

 

 

 

 

ҚазҰУ әлеуметтік жауапты университет деп танылды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Университеттердің әлеуметтік жауапкершілік желісі» (USRN) беделді ұйымының мүшесі атанды. Халықаралық ұйым Манчестер және Кембридж университеттері (Ұлыбритания), Пекин университеті (ҚХР), Гонконг политехникалық университеті, Вашингтон университеті (АҚШ), Сан-Паулу университеті (Бразилия) сынды танымал ЖОО-ларды біріктіреді.

Әлемде корпорациялар мен бизнес-құрылымдардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға дәстүрлі түрде үлкен көңіл бөлінеді. Әлеуметтік жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруда ЖОО-лардың да атқарар рөлі зор. Университеттер білім беру қызметі және ғылыми зерттемелер түрінде қоғамдық игіліктерді құрып қана қоймай, қоғамдағы әлеуметтік мінез-құлық ережесінің қайнар көзі болып табылады. Заманауи жоғары оқу орнының міндеті білікті мамандар даярлаумен шектелмейді, бүгінде ол қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілікпен толығуы тиіс.

Бұл парадигма жетекші университеттерді адамзаттың аса өзекті және қауырт мәселелерін шешудегі ЖОО-лардың әлеуметтік рөлін нығайту үшін бірігіп, консорциум құруға итермеледі. USRN қызметі заманауи өркениеттің болашағы үшін ЖОО-лардың әлеуметтік жауапкершілігін орындауда мүше-университеттердің тиімді өзара әрекеттесу тұғырнамасын құруға бағытталған.

Сан-Паулу университетінде өткен USRN арнайы конференциясында айтулы ұйым мүшелері қазақстандық жетекші университетті қатарға қабылдау туралы шешімді бір ауыздан қабылдады.

Конференцияда ҚазҰУ-дың БҰҰ тұрақты даму бойынша «Академиялық ықпал» бағдарламасының Жаһандық хабы ретіндегі тәжірибесі кеңінен таныстырылды. ҚазҰУ ұсынған жоғары оқу орындары дамуының жаңа тұғырнамасы – 4.0 университет үлгісі ұйым мүшелерінің үлкен қызығушылығын тудырды. Бұл моделді жүзеге асыруда қоғамдық сананы жаңғыртуға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы басты бағдар болып табылады. Ол төрт құрамдас бөліктен тұрады: білім беру, зерттеу, инновациялық-кәсіпкерлік және рухани-адамгершілік.

Бүгінгі күні 4.0 университет үлгісі негізін инновациялық-технологиялық және рухани-адамгершілік тұғырнама үндестігі құрайтын «Al-Farabi University smart city» жобасында іс жүзінде жүзеге асуда.

 

 

 

 

ҚазҰУ еліміздің жоғары оқу орындарының ішінде тұңғыш рет QS Stars - «Төрт жұлдыз» үстемдік белгісіне ие болды.

QS Агенттігінің 2018 жылы жүргізген дербес бағалау қорытындылары бойынша ҚазҰУ «QS Stars Development Road map» халықаралық рейтингісінің «Төрт жұлдыз» үстемдік белгісін Қазақстанда алғаш болып иеленген Орталық Азия аймағындағы тұңғыш университет болды.

0-ден 5 жұлдызға дейінгі QS рейтингісі жоғары оқу орындарының кең ауқымды қызметін белгілейтін және университеттердің жоғары халықаралық стандарттарға сәйкестігін анықтайтын 50-ден астам көрсеткіштерді кешенді талдау нәтижесінде анықталады.

ҚазҰУ-ға QS «Төрт жұлдыз» артықшылық белгісінің тағайындалуы университеттің жоғары халықаралық беделі мен жаһандық ғылыми және білім беру кеңістігінде көшбасшылық орынға ие екендігінің дәлелі. Артықшылық жұлдыздары университеттің мықты тұстарын көрсетеді және серіктестер мен оқуға түсем деушілерге жоғары оқу орнын таңдауға жәрдемдеседі.

Осылайша, ҚазҰУ бірқатар көрсеткіштер бойынша «5 жұлдыз» иеленді, атап айтқанда, білім беру қызметтерін көрсету, интернационизациялану деңгейі, инфрақұрылым және инклюзивті білім беру жүйесін дамыту.

ТМД елдерінде QS-тың төрт жұлдызы тек бес университетке берілгендігін атап өту қажет, олар – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Ресейдің төрт университеті.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан жоғары оқу орындары арасында гуманитарлық ғылымдар бойынша QS пәндік рейтингінің 150-тобына енген жалғыз университет.

QS «WUR by Subject» рейтингінің қорытындысында ҚазҰУ алғаш болып «заманауи тіл білімі» мамандығы бойынша әлемнің үздік ЖОО-ларының 101-150 тобына енді. Бұл – ҚазҰУ-да әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналу негізінде жүргізіліп жатқан үлкен жүйелі жұмыстың нәтижесі.

2018 жылы QS пәндік және салалық рейтингінде әлемнің 1130 жоғары оқу орны 48 мамандық және «Жаратылыстану ғылымдары», «Әлеуметтік ғылымдар», «Гуманитарлық ғылымдар және өнер», «Өмір және медицина туралы ғылым», «Техникалық ғылымдар мен инженерлік іс» сияқты бес пәндік салада тексерілді.

Тексеру әдістемесі: академиялық бедел, жұмыс берушілер арасындағы бедел, бір мақала бойынша келтірілген дәйексөздер саны және h-индекс сияқты төрт индикатор негізінде құрылған. Өткен жылы QS ғаламдық рейтингінің қорытындысында ҚазҰУ әлемнің үздік ЖОО-лары қатарында 236 белесті бағындырған. Бұл топқа ТМД елдерінен тек екі университет –Ломоносов атындағы ММУ мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ енген.

 

 

 

 

 

ҚазҰУ-дың 41 мамандығы сапа сараптамасы мен экономикалық, құқықтық және әлеуметтік-гуманитарлық бағытта білім беру бағдарламалары бойынша аккредитаудан  өтті.

Жетекші FIBAA еуропалық аккредитау агенттігі экономика және бизнес Жоғары мектебі мен заң, география және табиғатты пайдалану, халықаралық қатынастар, философия және политология факультеттерінің білім беру бағдарламаларының сапасын үздік деп танып, жоғары бағалады.

 

 

 

 

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жоғары бәсекеге қабілеттілігін тағы да растап QS рейтингісінде Дамушы Еуропа және Орталық Азия елдерінің (EECA - Emerging Europe & Central Asia)  10 үздік ЖОО қатарына енді.

ҚазҰУ-дың QS рейтингісінде табысты түрде алға жоғарылауына кешенді құрылымдық модернизация және енгізілген жүйелі өзгерістер ықпал етті. Атап айтқанда нәтижеге бағдарланған басқару жүйесі, процестерді басқару және жетістіктерді рейтингпен бағалау енгізіліп, халықаралық ынтымақтастық пен интернационалдандыру белсенді дамуда және инфрақұрылым жетілдірілуде.

 

 

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ТМД университеттері арасында екінші орында тұр. Халықаралық QS рейтингісі бойынша әлемдегі үздік 250-топ университет қатарына еніп 236 орынды иемденді. Қазақстан ЖОО арасындағы ең үздік университет болып саналады.

 

 

 

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ТМД университеттері арасында екінші орында тұр. Халықаралық QS рейтингісі бойынша әлемдегі үздік 250-топ университет қатарына еніп 236 орынды иемденді. Қазақстан ЖОО арасындағы ең үздік университет болып саналады.

 

 

 

 

КазНУ возглавил рейтинг лучших сайтов казахстанских университетов. Позиция университета в рейтинге Webometrics в 2016 году - 1 Место в Казахстане (2001 место в мире)

 

 

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ беделді ThomsonReuters агенттігінің «2011 жылғы ғылым төңірегіндегі жетістіктері үшін» арнайы дипломымен марапатталған Қазақстан Республикасындағы бірінші жоғарғы оқу орын.

 

 

 

 

 

Атақты халықаралық «GreatValueColleges» ұйымының қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлем бойынша 50 технологиялық дамыған университеттер қатарына кіріп, рейтингте 31 орын иемденді. ТМД, Шығыс және Орталық Еуропа, сонымен бiрге Сингапур, Жапония, бүкіл Азия континенті арасында қазақстандық ЖОО жалғыз өкіл екендігін айта кеткеніміз жөн.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да UNITWIN бағдарламасына сәйкес, ЮНЕСКО кеңесімен даму бойынша Орта азиялық тұрақты даму бойынша аймақтық ЮНЕСКО хабы құрылды. Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы ашылды.

Болон үдерісінің негiзгi қағидаларына бейiмделуге толық рұқсат беретін және еуропалық ЖОО академиялық саясатының стандарттарына сай ЕС - TEMPUS, ERASMUSMUNDUS бағдарламасы бойынша Университет Қазақстан Республикасында көшбасшы болып келеді. Бұл ТЕМПУС-тың 9 жобасы, ЭразмусМундус-тың 7 жобасы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 3 жобаға координатор.


Университет халықаралық серіктестікте көптеген ірі халықаралық ғылыми-білім беру жобаларын қолға алып отыр, мысалы өзінің диалогтік алаңы бар «Жасыл көпір ұрпақтан ұрпаққа» жобасы www.greenbridgework.kaznu.kz

2014 жылдың қаңтар айында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға жаhандық хаб United Nations Academic Impact (БҰҰ академиялық ықпал) тұрақты даму бойынша басқару сеніп тапсырылды.

UNIFORM Project Халықаралық консорциум негізінде Токио университетімен бірігіп Қазақстан тарихында бірінші рет сирек кездесетін жоба отандық Наноспутникті әзірлеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл әзірлеме басқа да жобалар сияқты Экспо-2017 көрмесінде таныстырылмақ. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аясында «Алатау» ИТП-ның үшінші кезеңі әзірленбек. Бұл ғылыми-білім беру және инновациялық кластердің құрылуы ұлттық инновациялық жүйенің негізгі «даму нүктесі» болып табылады.