Жаңалықтар

Студенттер "Махаббаттың жеті кереметі" атты шығармашылық кеш өткізеді

08.11.2013

12 қараша химия және химиялық технология факультетінің үлкен залында сағат 15.00-де университет ректоры Ғалым Мұтановтың бастамасымен жүзеге асырылып отырған «ҚазҰУ-дің студенті оқуға тиісті 100 кітап» жобасына орай, физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасында маманданушы магистранттар мен студенттердің ұйымдастыруымен Сәбит Мұқановтың «Мөлдір махаббат» драмалық роман негізінде «Махаббаттың жеті кереметі» атты шығармашылық кеш өткізіледі.

Ары қарай оқу >>

«ХХІ ғасыр көшбасшысы»

08.11.2013

6 қараша күні заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы СҒҚ мүшелерімен бірігіп, ең алғаш рет «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды-танымдық ойынын өткізді. Ойынның мақсаты: білімді бағалау, эрудицияның дамуын тексеру.

Ары қарай оқу >>

Дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі қаралады

07.11.2013

Құрметті оқытушылар мен студенттер! Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу құқығы кафедрасының «Фемида» клубының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі» атты дөңгелек үстелге қатысуға шақырады. Дөңгелек үстел 8 қараша 2013 жылы заң факультетінің 410 аудиториясында, сағат 14.00- де өткізіледі. Клуб жетекшісі: Урисбаева А.А.

Ары қарай оқу >>

Үлкенге құрмет - жастарға міндет

07.11.2013

«Біз қарттарды құрметтейміз» атты әлеуметтік-тәрбиелік іс-шара аясында жалғызбасты зейнеткерлер, мүгедектер, зейнет жасындағы жалғызбасты ерлі-зайыпты және отбасылық жұптарға арналған әлеуметтік тұрғынүй тұрғындарымен халықаралық құқық кафедрасының оқытушылары: Б. Амандосұлы, А.М. Бекжан, Ж.Б. Үмбетбаева, Д.Ө. Байқуқаева ұйымдастыруымен студенттердің кездесуі өтті.

Ары қарай оқу >>

Баспа ісі және дизайн кафедрасы кәсіби бағдар өткізді

07.11.2013

Журналистика факультетінің баспа ісі және дизайн кафедрасы Алматы қаласы Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-интренатына кәсіби бағдар беру мақсатында кафедраның аға оқытушысы М.Майлықұтованың ұйымдастыруымен кездесу өткізді.

Ары қарай оқу >>

Ақын Бауыржан Жақыппен «Таны мені, ашып көр құпиямды...» атты кездесу кеші өтеді

07.11.2013

Қараша айының 15 күні сағат 1600-де өтетін қазақтың көрнекті ақыны, Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, «Қазақ энциклопедиясының» бас редакторы Бауыржан Өміржанұлы Жақыппен өтетін «Таны мені, ашып көр құпиямды...» атты кездесу кеші өтеді.

Ары қарай оқу >>

Хабарландыру!

06.11.2013

12 қараша күні халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық құқық кафедрасында (208 ауд.) магистранттар мен Ph.D. докторанттар үшін құрылған «Құқық және қауіпсіздік» пікір-сайыс клубының кезекті отырысы өткізіледі (сағ. 11:00-13:00).

Ары қарай оқу >>

Философия және саясаттану факультеті футзал бойынша «Декан кубогы» турнирін өткізеді

06.11.2013

Философия және саясаттану факультеті оқытушылар мен студенттерді футзал бойынша «Декан кубогы» турниріне қатысуға шақырады. Жарыс 2014 жылы атап өтілетін ҚазҰУ-дың 80 жылдығына арналады.

Ары қарай оқу >>